«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы (Жоба) (2006 жыл 13 шілде) (күші жойылды)

Жоба

Қазақстан Республикасының

заңы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару

жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

 

Қабылданды-2007.26.03  № 240-III ҚР Заңың қара

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 672 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат):

1) 70-бапта:

бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам құқық ұстанушылық мінез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, өздігінен қызмет ету ұйымдарының жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны, жәбірленушінің денсаулығына, мүлкіне келтірген залалды немесе мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеу бойынша сотталғанның шаралар қабылдағаны үшін, сөйтіп, мемлекеттік кешірімге лайық болып, сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейді деп танылса, сот тағайындаған жазадан мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылуы мүмкін. Бұл орайда адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.