(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2006.09.06. № 3/780 ҚАУЛЫСЫ

«Алматы қаласында жер учаскелеріне құқық беру Ережесін бекіту туралы»
Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 маусымдағы
 № 3/780 қаулысы

 

Осы редакция 2006 ж. 12 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Алматы қаласында жер учаскелеріне құқық беру рәсімінің үдірісін ретке келтіру мақсатында және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының Әкімдігі қаулы етеді:

1. Ұсынылған Алматы қаласында жер учаскелеріне құқық беру Ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Я. Заяцқа жүктелсін.

3. Осы қаулы күшіне мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енеді.

 

 

 

 

Алматы қаласында жер учаскелеріне құқық беру

ЕРЕЖЕСІ

 

1-тарау.

Жалпы ережелер

 

1. Алматы қаласында жер учаскелеріне құқық беру туралы осы Ереже (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Алматы қаласында азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелеріне құқық берудің бірыңғай тәртібін белгілеу мақсатында, сонымен қатар жер учаскелеріне құқық беруді ресімдеу кезінде мемлекеттік органдардың өзара бірлесіп іс-әрекет жасауын  белгілеу мақсатында дайындалған.

 

 

2. Ұғымдар және терминдер

 

2. Осы Ережеде төмендегі ұғымдар және терминдер қолданылады:

Әкімдік - Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы;

жер учаскесін таңдау - нысаналы мақсатын және  пайдалану тәртібін белгілеумен жер учаскесін анықтау;

«АлматықалжерҒӨО» ЕМК - «Жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін, мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын еншілес мемлекеттік кәсіпорны; салушы (инвестор) - инвестициялық қызмет үшін жер учаскесін алуға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.