Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі. II бөлім Өсімдіктен алынатын өнімдер

Предыдущая страница

 

 

 

 

 

 

09-топ

Кофе, шай, мате, немесе парагвай шайы және тәттілер

 

Ескертпелер:

1. 0904-0910 тауар позицияларындағы өнімдердің қоспалары мынадай түрде жіктеледі:

а) сол тауар позициясына жататын екі немесе одан да көп өнімдердің қоспалары осы тауар позициясына енгізіледі;

б) әр түрлі тауар позицияларына жататын екі немесе одан да көп өнімдердің қоспалары 0910 тауар позициясына енгізіледі.

0904 - 0910 тауар позицияларының өнімдеріне (немесе жоғарыда аталған (а) және (б) тармақтарындағы қоспаларға) басқа заттарды косу алынған қоспалардың аталған тауарлар позицияларындағы тауарлардың негізгі қасиеттерін сақтауы шартымен оларды жіктеуге ықпал етпеуі тиіс. Ондай болмаған жағдайда мұндай қоспалар аталған топқа енгізілмейді. Дәмдік қосындылардың қоспаларын немесе дәмдеу қоспаларын білдіретін өнімдер 2103 тауарлық позициясына енгізіледі.

2. Аталған топқа кубеба бұрышы (Ріреr сubеbа) немесе 1211 тауар позициясының басқа да өнімдері енгізілмейді.

 

 

 

 

 

10-топ

Дақылдар

 

Ескертпелер:

1. а) Аталған топтың тауар позицияларына тек дәндер, оның ішінде масақтарынан немесе сабақтарынан бөлінбегендері ғана енгізілуі тиіс.

б) Аталған топқа қабығы аршылмаған немесе кез келген басқа тәсілмен өңделген дән енгізілмейді. Алайда, қабығы аршылған, талқандалған, жылтылдатылған, жалтыратылған, буландырылған немесе уатылған күріш 1006 тауар позициясына енгізіледі.

2. 1005 тауар позициясына қант жүгерісі (7-топ) енгізілмейді.

Қосалқы позицияларға ескертпелер:

1. "Қатты бидай" термині Тriticum durum түріндегі бидайды және Тriticum durum осындай хромосомдар саны бар басқа да түрлермен түраралық будандастыру нәтижесінде алынған будандарды білдіреді.

Қосымша ескертпелер:

1. Көрсетілген кіші қосалқы позициялардағы терминдердің мынадай мағыналары бар:

а) "қысқа дәнді күріш" (1006 10 210 0, 1006 10 920 0, 1006 20 110 0, 1006 20 920 0, 1006 30 210 0, 1006 30 420 0, 1006 30 610 0 және 1006 30 920 0 кіші қосалқы позициялар) - дәндерінің мөлшері ұзындығы бойынша 5,2 мм-ден аспайтын және ұзындығының еніне қатынасы 2-ден кем күріш;

б) "орташа дәнді күріш" (1006 10 230 0, 1006 10 940 0, 1006 20 130 0, 1006 20 940 0, 1006 30 230 0, 1006 30 440 0, 1006 30 630 0 және 1006 30 940 0 кіші қосалқы позициялар) - дәндерінің мөлшері ұзындығы бойынша 5,2 мм-ден астам, бірақ 6,0 мм-ден аспайтын және ұзындығының еніне қатынасы 3-тен кем күріш;

в) «ұзын дәнді күріш» (1006 10 250 0, 1006 10 270 0, 1006 10 960 0, 1006 10 980 0, 1006 20 150 0, 1006 20 170 0, 1006 20 960 0, 1006 20 980 0, 1006 30 250 0, 1006 30 270 0, 1006 30 460 0, 1006 30 480 0, 1006 30 650 0, 1006 30 670 0, 1006 30 960 0 және 1006 30 980 0 кіші қосалқы позициялар) - дәндерінің мөлшері ұзындығы бойынша 6,0 мм-ден астам күріш;

г) "қабығы аршылмаған күріш (шикізаттың күріш)" (1006 10 210 0, 1006 10 230 0, 1006 10 250 0, 1006 10 270 0, 1006 10 920 0, 1006 10 940 0, 1006 10 960 0 және 1006 10 980 0 кіші қосалқы позициялар) - бастырылғаннан кейін дәндік қабықшасын сақтап қалған күріш;

д) "қабығы аршылған күріш" (1006 20 110 0, 1006 20 130 0, 1006 20 150 0, 1006 20 170 0, 1006 20 920 0, 1006 20 940 0, 1006 20 960 0 және 1006 20 980 0 кіші қосалқы позициялар) - дәндік қабықшасы ғана алынған күріш. Күріштің бұл айқындамасына жылтылдатылмаған күріш, карго күріші,»лунзен және»сбрамато күріші секілді коммерциялық атаулары бар күріш мысал бола алады;

е) "жартылай талқандатылған күріш" (1006 30 210 0, 1006 30 230 0, 1006 30 250 0, 1006 30 270 0, 1006 30 420 0, 1006 30 440 0, 1006 30 460 0 және 1006 30 480 0 кіші қосалқы позициялар) - дәндік қабықшасы, ұрығының бір бөлігі, сондай-ақ перикарптың сыртқы қабығы толық немесе ішінара алынған, бірақ ішкі қабықтары қозғалмаған күріш;

ж) "толық талқандатылған күріш" (1006 30 610 0, 1006 30 630 0,

1006 30 650 0, 1006 30 670 0, 1006 30 920 0, 1006 30 940 0, 1006 30 960 0 және 1006 30 980 0 кіші қосалқы позициялар) - дәндік қабықшасы, жемісмаңы сыртқы және ішкі барлық қабықтары толық, бүкіл ұрығы (ұзын және жартылай дәнді күріште) алынатын немесе оның жоқ дегенде бір бөлігі (қысқа дәнді күріште) 10 %-дан аспайтын дәндерде бойлай ақ іздер сақталуы мүмкін кезде алынатын күріш;

з) «бөлшектелген күріш» (1006 40 қосалқы позиция) - ұзындығы тұтас дәннің орташа ұзындығының төрттен үшінен аспайтын дән бөлігі.

 

 

 

 

 

11-топ

Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдері; мия; крахмал; инулин; бидай дәнінің маңызы

 

Ескертпелер:

1. Аталған топқа:

а) кофе алмастырғышы ретінде (0901 немесе 2101 тауар позициясы) пайдаланылатын қуырылған мия;

б) майда және ірі тартылған ұн, 1901 тауар позициясының өңдеуден кейінгі жармасы немесе крахмалдары;

в) жүгері үлпектері немесе 1904 тауар позициясының басқа да өнімдері;

г) 2001, 2004 немесе 2005 тауар позициясының дайындалған немесе консервіленген көкөністері;

д) фармацевтік өнімдер (30-топ); немесе

е) парфюмерлік, косметикалық немесе жуыну заттарының қасиеттерін иеленетін крахмалдар (33-топ) енгізілмейді.

2А. Егер құрғақ заттың салмағы бойынша:

а) крахмалдың құрамы (Эверс әдісімен үйелектенуді өзгерту бойынша айқындалатын) 2-бағанда көрсетілгеннен асса; және

б) күлділігі (барлық қосылған минералдық заттарға түзетулер енгізілгеннен кейін) 3-бағанда көрсетілген деректерден аспаса, төмендегі кестеде айтылған ұн тарту өндірісінің өнімдері аталған топқа енгізілмейді.

Бұлай болмаған жағдайда, олар 2302 тауар позициясына енгізіледі. Алайда тұтас, жанышталған, үлпек түріндегі немесе бастырылған астық тұқымдастар дәнінің ұрықтары әрқашан 1104 тауар позициясына енгізіледі.

2Б. Аталған топқа жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес енгізілген өнімдер, егер ұяшықтарының мөлшері кестенің 4 немесе 5-бағандарында келтірілген металл тордан жасалған електен өткізу кезінде өнімнің шығуы салмағы бойынша тиісті астық тұқымдас үшін көзделетіннен кем болмайтын массаны құраса, 1101 немесе 1102 тауар позициясына енгізіледі.

Бұлай болмаған жағдайда олар 1103 немесе 1104 тауар позициясына енгізіледі.

 

 

3. 1103 тауар позициясындағы "жарма" және "ірі тартылған ұн" терминдері:

а) 95 салм.%-дан кем емес мөлшері, егер жүгерінің ұсату  өнімдері жағдайында, 2 мм-ден ұяшықты металл елек арқылы өткізілетін;

б) 95 салм.%-дан кем емес мөлшері, егер өзге де астық тұқымдастардың ұсату өнімдері жағдайында, 1,25 мм-ден ұяшықты металл елек арқылы өткізілетін дәнді ұсақтау өнімдерін білдіреді.

Қосымша ескертпелер:

1. 1106 тауар позициясында»майда және ірі тартылған ұн» және»ұнтақ»терминдері 0713 тауар позициясының кептірілген бұршаққап өсімдіктерінен, 0714 тауар позициясының сагосынан, тамырлары мен түптерінен немесе 08 топтың:

а) кептірілген бұршаққап көкөністерін, сагоны, тамырларды, түптерді және 08 топтың өнімдерін (0801 және 0802 тауар позициясының жаңғақтарын қоспағанда) ұн етіп тартқан жағдайда, 95 салм.%-дан кем емес мөлшері 2 мм-ден ұяшықты металл елек арқылы өткізілетін;

б) 0801 және 0802 тауар позициясының жаңғақтары жағдайында,

50 салм.%-дан кем емес мөлшері 2 мм-ден ұяшықты металл елек арқылы өткізілетін өнімдерінен ұн етіп тарту немесе қандай да бір басқа процесс кезінде алынған өнімдерді (кептіріп алынған кокос жаңғақтарынан басқа) білдіреді.