12-топ
Майлы тұқымдар мен жемістер; өзге де тұқымдар, жемістер және астық;
дәрілік өсімдіктер мен техникалық мақсаттарға арналған өсімдіктер;
сабан және жемшөп
Ескертпелер:
1. 1207 тауар позициясына inter alia, пальма жаңғақтары және өзегі, мақтаның, кенедәннің, құнжыттың, қышаның, мақсарының, көкнәрдің тұқымдары және ши жаңғақтары (каритэ жаңғақтары) енгізіледі. Аталған тауар позициясына 0801 немесе 0802 тауар позициясындағы өнімдер немесе зәйтүндер, немесе зәйтүн жемісі енгізілмейді (7 немесе 20-топ).
2. 1208 тауар позициясына майсыздандырылған майда немесе ірі
тартылған ұн ғана емес және жартылай майсыздандырылған майда немесе ірі тартылған ұн, сондай-ақ майсыздандырылған және бұрын алынған майды қысу жолымен одан кейін толық және жартылай майда немесе ірі тартылған ұн енгізіледі. Аталған тауар позициясына 2304-2306 тауар позициясына енгізілген қалдықтар енгізілмейді.
3. 1209 тауар позициясына қызылшаның, шөптердің, бақшалық гүлдердің, көкөністердің, орман немесе жеміс ағаштардың, викидің әр түрлерінің (Vicia faba түрінен басқа) немесе етуге арналған бөрібұршақтың ұрықтары енгізіледі.
Алайда, 1211 тауар позициясына, егер олар тіптен егіске арналған болса да, мынадай өнімдер:
а) бұршаққап көкөніс дақылдары немесе қант жүгерісі (7-топ);
б) дәмдеуіштер немесе өзге де 09-топтың өнімдері;
в) дақылдар (10-топ); немесе
г) 1201-1207 немесе 1211 тауар позициясындағы өнімдер енгізілмейді.
4. 1211 тауар позициясына іnter alia, мына өсімдіктер немесе олардың түрлері енгізіледі: насыбайгүл, қияр шөбі, алтынтамыр, сайсағыз, мия, жалбыздың барлық түрлері, розмарин, рута, сәлбен және жусан.
1211 тауар позициясына:
а) 30-топтың дәрілік заттары;
б) 33-топтың парфюмерлік, косметикалық немесе жуыну заттары; немесе
в) жәндік жойғы, фунгицидтер, гербицидтер, уытсыздандыратын заттар немесе 3808 тауар позициясындағы ұқсас өнімдер енгізілмейді.
5. 1212 тауар позициясындағы "теңіз және өзге де балдырлар" терминіне:
а) 2102 тауар позициясындағы жансыз бір жасушалы микроорганизмдер;
б) 3002 тауар позициясындағы микроорганизм дақылдары;
в) 3101 немесе 3105 тауар позициясындағы тыңайтқыштар енгізілмейді.
Қосалқы позицияға ескертпелер:
1. 1205 10 қосалқы позициядағы "аз эрук қышқылы бар рапса, немесе кользаның тұқымдары" 2 салм.%-дан эрук қышқылы бар ұшпа емес май беретін рапстың немесе кользаның тұқымдарын және 30 мкмоль/глюкозинолаты бар қатты компонентті білдіреді.
13-топ
Табиғи тазаланбаған малшайыр; камедтер, шайырлар және өзге де
өсімдік шырындары мен экстракттары
Ескертпелер:
1. 1302 тауар позициясына inter alia, мияның және пиретрумның, құлмақтың, алоэның және апиынның экстракттары енгізіледі.
Аталған тауар позициясына:
а) мия экстрактында 10 салм.%-дан кем емес қант мөлшері немесе
кондитерлік бұйымдар түрінде дайындалған (1704 тауар позициясы);
б) мия экстракты (1901 тауар позициясы);
в) кофе, шай немесе мате, немесе парагвай шайы (2101 тауар позициясы);
г) құрамында алкогольді сусындары бар өсімдік шырындары немесе
экстрактлар;
д) 2914 немесе 2938 тауар позициясындағы камфора, глицирризин
немесе өзге де өнімдер;
е) құрамында 50 салм.%-дан алкалоидтар бар көкнәр сабаншасының
концентраттары (2939 тауар позициясы);
ж) 3003 немесе 3004 тауар позициясындағы дәрілік заттар немесе қанның тобын анықтайтын реагенттер (3006 тауар позициясы);
з) илеуіш немесе бояғыш экстракттар (3201 немесе 3203 тауар
позициясы);
и) хош иісті заттарда негізделген, сусындарды өндіру кезінде пайдаланылатын (33-топ) эфир майлары, конкреттер, абсолюттар, резиноидтер, экстрагирлық эфир майлары, су дистилляттар немесе эфир майларының су ерітінділері немесе дайын өнімдер; немесе
к) табиғи көксағыз, балата, гуттаперча, гваюла, чикл немесе ұқсас табиғи шайырлар (4001 тауар позициясы).
14-топ
Өрме бұйымдарды дайындауға арналған өсімдік материалдары; басқа жерде
аталмаған немесе енгізілмеген өсімдіктен алынатын өзге де өнімдер
Ескертпелер:
1. Аталған топқа ХІ-бөлімге енгізілуге тиісті мынадай тауарлар
енгізілмейді: дайындалған тәсіліне қарамастан тоқыма материалдарды өндіру үшін пайдаланылатын өсімдік материалдары немесе талшықтар, немесе оларды тоқыма материалдары ретінде ғана пайдалану үшін өңдеуге ұшыраған өзге де өсімдік материалдары.
2. 1401 тауар позициясына іnter аlіа, бамбук (ыдыратылған немесе ыдыратылмаған, көлденең араланған немесе араланбаған, ұзыннан кесілген немесе кесілмеген, шеттерінде, ағартылған немесе ағартылмаған, оталуға қарсы өңделген немесе өңделмеген, жалтыратылған немесе жалтыратылмаған, боялған немесе боялмаған), ыдыратылған тал, қамыс және т.с., ротанг пальмасының өзегі, ротанг пальмасының бұтақтары өзектерінен тазартылған немесе көлденең ыдыратылған. Аталған тауар позициясына аршылған сүрек енгізілмейді (4404 тауар позициясы).
3. 1402 тауар позициясына сүректелген жүн енгізілмейді (4405 тауар позициясы).
4. 1403 тауар позициясына сыпырғыш немесе шөтке бұйымдарын жасау үшін дайындалған түйіндер немесе будалар енгізілмейді (9603 тауар позициясы).