20-топ
Көкөністердің, жемістердің, жаңғақтардың немесе өсімдіктердің
басқа да бөліктерінен өңделген өнімдер
Ескертпелер:
1. Аталған топқа:
(а) 7, 8 немесе 11-топта көрсетілген тәсілдермен дайындалған немесе консервіленген көкөністер, жемістер немесе жаңғақтар;
(б) құрамында 20 салм.%-дан астам шұжық, ет, қосымша ет өнімдері, қан, балық немесе шаян тұқымдастар, моллюскілер және басқа да судағы омыртқасыздар бар дайын тамақ өнімдері немесе аталған өнімдердің (16-топ) кез келген комбинациясы; немесе
(в) 2104 тауар позициясындағы гомогендендірілген құрамды дайын тамақ өнімдері енгізілмейді.
2. 2007 және 2008 тауар позицияларына жеміс тұнбасы, жеміс пасталары, қант бадамы немесе кондитерлік өнімдер түріндегі ұқсас өнімдер (1704 тауар позициясы) немесе шоколадтан жасалған кондитерлік өнімдер (1806 тауар позициясы) енгізілмейді.
3. 2001, 2004 және 2005 тауар позицияларына 1а ескертпеде ерекшеленіп көрсетілген тәсілдермен дайындалған немесе консервіленген, тек қана 7-топтың немесе 1105 немесе 1106 тауар позициясының өнімдері ғана (майда және ірі тартылған ұннан және 8-топтың ұнтақтан жасалған өнімдерден басқа) енгізіледі.
4. 2002 тауар позициясына құрамында 7 салм. %-дан немесе астам құрғақ заттар құрайтын қызанақ шырыны енгізіледі.
5. 2007 тауар позициясындағы «жылу өңдеу жолмен алынған» термині су мөлшері төмендеген немесе себептердің салдарынан жағдайда өнімнің тұтқырлығын көтеру үшін атмосфералық қысым немесе төменгі қысым кезінде термоөңдеу жолымен алынған өнімдерді білдіреді.
6. 2009 тауар позициясындағы «ашымаған және құрамында спирт
қоспасы жоқ шырындар» термині спирт концентрациясы 0,5 к.%-дан аспайтын шырындарды білдіреді (22-топтағы екінші ескертпені қараңыз).
Қосалқы позицияға ескертпелер:
1. 2005 10 қосалқы позициясындағы «гомогендендірілген көкөністер» термині бөлшектеп сату үшін майда ұнтақталған және бөлшектеп өлшеп оралған балалар тағамы немесе емдәмдік тағам ретінде таза салмағы 250 г. аспайтын қаптамадағы көкөністерден жасалатын дайын тамақ өнімдерін білдіреді. Бұл ретте осы өнімдерге дәмдеуіш, консервант ретінде немесе басқа да мақсаттар үшін қосылған аз мөлшердегі кез келген құрам бөлшектері назарға алынбайды. Аталған өнімдер орташа мөлшерде көзге көрінетін көкөністердің үлкен емес кесектерін құрауы мүмкін. 2005 10 қосалқы позициясының 2005 тауар позициясында бастапқы мәні бар.
2. 2007 10 қосалқы позициясындағы «гомогендендірілген дайын өнімдер» термині бөлшектеп сату үшін майда ұнтақталған және бөлшектеп өлшеп оралған балалар тағамы немесе емдәмдік тағам ретінде таза салмағы 250 г-нан аспайтын қаптамадағы жемістерден жасалатын дайын өнімдерді білдіреді. Бұл ретте осы өнімдерге дәмдеуіш, консервант ретінде немесе басқа да мақсаттар үшін қосылған аз мөлшердегі кез келген құрам бөлшектері назарға алынбайды. Аталған өнімдер орташа мөлшерде көзге көрінетін көкөністердің үлкен емес кесектерін құрауы мүмкін. 2007 10 қосалқы позициясының 2007 тауар позициясында бастапқы мәні бар.
3. 2009 12, 2009 21, 2009 31, 2009 61 және 2009 71 қосалқы
позицияларындағы «Брикс саны» термині сахароза құрамы пайызда
көрсетілген, егер көрсеткіштер басқа температурада есептелсе, 20оС
температурасы немесе қайта есептегенде 20оС температура кезінде Брикс ареометрмен тікелей есептелген ареометрикалық градустарының санын немесе рефрактометрден алынған жалтару көрсеткіші тікелей есептелгендігін білдіреді.
Қосымша ескертпелер:
1. 2001 тауар позициясындағы көкөністердің, жемістердің, жаңғақтардың және өсімдіктердің сірке суын немесе сірке қышқылын қосып әзірленген немесе консервіленген басқа да жеуге жарайтын бөліктерінің құрамындағы еркін ұшпалы қышқыл сірке қышқылына көшіргенде 0,5 салм.%-дан немесе одан астам болуға тиіс.
2. Осы топтағы өнімдер құрамында сахароза сияқты көрінетін (қанттың болуы) әр түрлі қанттардың болуы 20оС температура кезіндегі рефрактометр көрсетуінің мына келесі коэффициенттерге көбейтілгендегі шамасына сәйкес болады:
3. 2008 20 - 2008 80, 2008 92 және 2008 99-қосалқы позициялардағы өнімдер үшін 0,93 немесе басқа тауар позицияларындағы өнімдер үшін 0,95.
3. 2008 20 - 2008 80, 2008 92 және 2008 99 қосалқы позициялардағы өнімдер, егер құрамындағы қант»салмағы жағынан төменде көрсетілген пайыздан асып түсетін болса, жемістің түріне немесе өсімдіктің тағамға пайдаланылатын бөлігіне байланысты олар құрамында қант қоспасы бар өнім ретінде қарастырылуға тиіс:
- ананас пен жүзім: 13%-дан,
- жемістер қоспаларын және өсімдіктің тағамға пайдаланылатын басқа да бөліктерін қоса, басқа да жемістер: 9%-дан.
4. 2008 30 110 0-2008 30 390 0, 2008 40 110 0-2008 40 390 0,
2008 50 110 0-2008 50 590 0, 2008 60 110 0-2008 60 390 0, 2008 70 110 0-2008 70 590 0, 2008 80 110 0 - 2008 80 390 0, 2008 92 120 0 - 2008 92 380 0 және 2008 99 110 0-2008 99 400 0 қосалқы позициялардағы мына келесі терминдердің төменде көрсетілгендей мәні бар:
- «спирттің іс жүзінде шоғырлануы»»- 100 кг өнім құрамындағы таза спирт килограмының саны,
- «салм.%-дан» - спирттің салмағы жағынан шоғырлануы.
5. 2009 тауар позициясы өнімдерінің құрамына қосылған қанттың бар болуы шырынның түріне байланысты«құрамындағы қанттан»төмендегі
цифрды алып тастағанға сәйкес келеді:
- лимон немесе қызанақ шырыны: 3,
- алмашырыны: 11,
- жүзім шырыны: 15,
- шырындардың қоспасын қоса,
- шырындардың қоспасын қоса, басқа да жеміс және көкөніс шырындары: 13.
6. 2009 69 510 және 2009 69 710 0 қосалқы позициялардағы концентрацияланған жүзім шырыны (жүзім ашытқысын қоса) деген
термин 20оС температура кезінде рефрактометрдің көрсетуі 50,9 %-дан кем болмайтын жүзім шырынын (жүзім ашытқысын қоса) білдіреді.
7. 2001 90 910 0, 2006 00 350 0, 2006 00 910 0, 2007 10 91, 2007 99 930 0, 2008 19 110 0, 2008 19 590 0, 2008 92 120 0, 2008 92 160 0, 2008 92 320 0, 2008 92 360 0, 2008 92 510 0, 2008 92 720 0, 2008 92 760 0, 2008 92 920 0, 2008 92 940 0, 2008 92 970 0, 2008 99 360 0, 2008 99 380 0, 2009 80 360, 2009 80 730, 2009 80 880 0, 2009 80 970 0, 2009 90 920 0, 2009 90 950 0 және 2009 90 970 0 қосалқы позициялардағы тропикалық жемістер»гуайява, манго, мангостан немесе гарциния, папайа, тамаринд, анакардия немесе акажа, лича, джекфрут немесе ағаш наны, саподилла, пассифлора немесе страстоцвет, карамбола және питайа жемістерін қамтиды.
8. 2001 90 910 0, 2006 00 350 0, 2006 00 910 0, 2007 99 930 0,
2008 19 110 0, 2008 19 510 0, 2008 19 590 0, 2008 92 120 0, 2008 92 160 0, 2008 92 320 0, 2008 92 360 0, 2008 92 510 0, 2008 92 720 0, 2008 92 760 0, 2008 92 920 0, 2008 92 940 0 және 2008 92 970 0 қосалқы позициялардағы тропикалық жаңғақтар»кокос жаңғағын, кешь жаңғағын, бразилия жаңғағын, арека (немесе бетель) жаңғақтарын, кола жаңғағын және макадамия жаңғақтарын қамтиды.