Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі. IV бөлім Дайын тамақ өнімдері; алкогольді және алкогольсіз ішімдіктер және сірке суы; темекі және оның алмастырғыштары

Предыдущая страница

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21-топ

Әр түрлі тағам өнімдері

 

Ескертпе:

1. Бұл топқа:

а) 0712 тауар позициясындағы көкөніс қоспалары;

б) құрамында кез келген пропорциядағы кофе болатын қуырылған кофе алмастырғыштар (0901 тауар позициясы);

в) дәмді-хош иісті қосындылары бар шай (0902 тауар позициясы);

г) 0904-0910 тауар позициясындағы дәмдеуіштер немесе өзге де өнімдер;

д) 2103 немесе 2104 тауар позицияларындағы өнімдерден басқа,

құрамында 20 салм.%-дан астам шұжық, ет, қосымша ет өнімдері, қан, балық немесе шаян тұқымдастар, моллюскілер немесе судағы өзге де омыртқасыздар болатын дайын тамақ өнімдері немесе аталған өнімдердің кез келген комбинациялары (16-топ);

е) дәрілік заттар ретінде пайдаланылатын ашытқылар немесе

3003 немесе 3004 тауар позицияларындағы өзге де өнімдер; немесе

ж) 3507 тауар позициясындағы ферментті препараттар енгізілмейді.

2. 1б ескертпесінде көрсетілген табиғи кофенің қуырылған

алмастырғыштарының сығындылары 2101 тауар позициясына енгізілмейді.

3. 2104 тауар позициясында «гомогендендірілген құрамды дайын тамақ өнімдері» термині ет, балық, көкөніс сияқты негізгі компоненттердің екі немесе одан да көп жіңішке ұсақталған қоспаларынан тұратын дайын тамақ өнімдерін немесе таза салмағы 250 г. аспайтын орамадағы балалар немесе диеталық тағам ретіндегі бөлшек саудаға арналған бөлшектеп өлшеп оралған жемістерді білдіреді. Бұл ретте аталған өнімдерге дәмдеуіш, консервант сияқты немесе басқа мақсаттар үшін қосылған шағын мөлшерде кез келген ингредиенттер назарға алынбайды. Бұл өнімдер шағын мөлшерде көзге көрінетін негізгі компоненттердің кесектерінен тұруы мүмкін.

 

Қосымша ескертпелер:

1. 2103 20 000 0 және 2103 90 900 кіші қосалқы позицияларындағы «тұздықтар» термині көкөністен, жемістерден немесе өсімдіктердің өзге де жеуге жарамды бөліктерінен жасалған дайын өнімдерге, егер бұл ингредиенттердің құрамында болу проценті 5 мм-ден тесігі бар металл сым сүзгіден өткізу кезінде оны 20оС температурада сумен жуғаннан кейін бастапқы өнімге қатысты кем дегенде 80 салм.%-дан құраса, қолданылмайды.

2. 2106 10 200 0 және 2106 90 920 кіші қосалқы позициялардағы крахмал»термині крахмалдың опырылған өнімдерін де білдіреді.

3. 2106 90 100 0-кіші қосалқы позициядағы балқытылған ірімшік»термині құрамында 12 салм.%-дан немесе одан көп, бірақ 18 салм.%-дан кем емес сүт майлары бар және ақ шарап, шие шарабы, крахмал және дәмдеуіштер қосып балқытылған ірімшіктен әзірленген (айрықша Эмменталер және Грюйер) таза салмағы 1 кг немесе одан аз бастапқы орамада буып-түйілген дайын өнімдерді білдіреді.

4. 2106 90 200 0-кіші қосалқы позициядағы»ішімдіктер өндірісі кезінде пайдаланылатын хош иісті «заттар негізіндегі өнімдерден басқа, құрамдас спирттік жартылай фабрикаттар» құрамындағы спирттің шоғырлануы 0,5 көл.%-дан астам құрамдас спирттік жартылай фабрикаттарды білдіреді.

5. 2106 90 300 0-кіші қосалқы позициядағы «изоглюкоза» термині құрамында құрғақ күйінде 10 салм.%-дан кем емес глюкозадан немесе оның полимерлерінен алынған өнімді білдіреді.