22-топ
Алкогольді және алкогольсіз сусындар мен сірке қышқылы
Ескертпелер:
1. Аталған топқа:
а) кулинарлық мақсаттар үшін дайындалған және онымен сусындар
ретінде пайдалану үшін жарамсыз аталған топтың өнімдері (негізінен
2103 тауар позициясы) (2209-тауар позициясындағы өнімдерден басқа);
б) теңіз суы (2501 тауар позициясы);
в) тазартылған немесе кондуктометриялық су немесе ұқсас таза су (2851 тауар позициясы);
г) концентраты 10 салм.%-дан астам сірке қышқылы
(2915-тауар позициясы);
д) 3003 немесе 3004 тауар позициясындағы дәрілік заттар; немесе
e) парфюмерлік немесе жуыну заттары (33-топ) енгізілмейді.
2. Аталған топта, сондай-ақ 20 және 21-топтарда спирттің көлемі бойынша концентраты 20оС температурасымен анықталады.
3. 2202-тауар позициясындағы «алкогольсіз сусындар» термині спирттің концентраты 0,5 көл.%-дан аспайтын сусындарды білдіреді. Алкогольді сусындар 2203-2206 тауар позициясына немесе 2208 тауар позициясына енгізіледі.
Қосалқы позицияға ескертпелер:
1. 2204 10 қосалқы позициясындағы «көпіршікті шарап» термині 20оС температура кезінде шамадан тыс қысымы болатын, жабық сыйымды ыдыстағы шараптарды білдіреді.
Қосымша ескертпелер:
1. 2202 10 000 0 қосалқы позициясына, оның ішінде минералды және газды, олар сусындар ретінде тікелей қолданылған жағдайда қант немесе басқа да тәтті немесе дәмі хош иісті заттар қосыла отырып енгізіледі.
2. 2204 және 2205 тауар позицияларында және 2206 00 100 0 қосалқы позициясында:
а) «спирттің көлемі бойынша нақты концентрациясы» 20оС температура кезіндегі таза спирт көлемінің санын осы температура кезіндегі өнімнің 100 көлемінде білдіреді;
б) «спирттің көлемі бойынша әлеуетті концентрациясы» 20оС
температура кезіндегі таза спирт көлемінің санын білдіреді, оларды осы температура кезіндегі өнімнің 100 көлемінде бар қант толық ашыған кезде алуға болады;
в) «спирттің көлемі бойынша жалпы концентрациясы» спирттің
концентрациясының нақты және әлеуеттік көлемінің жиынтығын білдіреді;
г) «спирттің көлемі бойынша натуралды концентрациясы» спирттің оның қандай да бір өнімде байытылуына дейінгі толық көлемдегі концентрациясын білдіреді;
д) «көл. %-дан» спирттің көлемі бойынша концентрациясын білдіреді.
3. 2204 30 100 0-қосалқы позициясында «ашу процесіндегі жүзім
шырыны» жүзім шырынын ашыту арқылы алынған, 1 көл.%-дан асатын және
спирттің жалпы концентрациясының бестен үшінен кем нақты концентрациясына ие болатын көлемді білдіреді.
4. 2204 21 - 2204 29-қосалқы позицияларында:
А. «Жалпы құрғақ экстракт» барлық заттардағы осы физикалық
жағдайда ұшып кетпейтін литрмен өнімдегі грамдар құрамын білдіреді. Жалпы құрғақ экстракт 20оС температура кезінде денсиметрмен айқындалуға тиіс.
Б(а). 2204 21 110 0 - 2204 21 990 0 және 2204 29 120 0 - 2204 29 990 0 қосалқы позицияларында өнімдерде І, II, III және IV тармақтарда аталған жалпы құрғақ экстракт нақты санының болуы:
І) 13 көл.%-дан: 90 г-нан аспайтын немесе жалпы құрғақ экстракт 1 л кем спирттің нақты концентрациясы бар өнімдерге;
II) 13 көл.%-дан асатын, бірақ 15 көл.%-дан: 130 г-нан аспайтын немесе жалпы құрғақ экстракт 1 л кем спирттің нақты концентрациясы бар өнімдерге;
III) 15 көл.%-дан асатын, бірақ 18 көл.%-дан: 130 г-нан аспайтын немесе жалпы құрғақ экстракт 1 л кем спирттің нақты концентрациясы бар өнімдерге;
ІҮ) 18 көл.%-дан асатын, бірақ 22 көл.%-дан: 330 г-нан аспайтын немесе жалпы құрғақ экстракт 1 л кем спирттің нақты концентрациясы бар өнімдерге оларды сыныптауға әсер етпейді.
Әрбір санат үшін максималдық мәннен асып түсетін, әрбір санат үшін жоғарыда аталған жалпы экстракты бар өнімдер, жалпы құрғақ экстракт 330 г/л-ден асып түсетін жағдайды қоспағанда, келесі санатқа жатқызылуға тиіс; бұл жағдайда өнімдер 2204 21 990 0 және 2204 29 990 0 қосалқы позицияларға енгізілуге тиіс.
Б(б). Жоғарыда аталған ереже 2204 21 930 0, 2204 21 970 0, 2204 29 930 0 және 2204 29 970 0 қосалқы позициялардағы өнімдерге қолданылмайды.
5. 2204 21 110 0 - 2204 21 990 0 және 2204 29 120 0 - 2204 29 990 0-қосалқы позицияларына:
а) ашуы спирт қосу арқылы тоқтатылған жүзім шарабы, яғни:
- спирттің нақты концентрациясы кемінде 12 көл.%-дан болатын, бірақ 18 көл.%-дан кем емес өнім, және
- спирттің натуралдық концентрациясы кемінде 8,5 көл.%-дан болатын жүзім шарабына қосу арқылы алынған, шарапты тазарту арқылы алынған өнім;
б) айдау үшін күшейтілген шарап, яғни:
- спирттің нақты концентрациясы кемінде 18 көл. %-дан болатын, бірақ 24 көл.%-дан кем емес;
- құрамында қалдық қант, тазартылмаған өнім жоқ, тек шарапқа қосу арқылы алынған, шарапты айдау арқылы алынған және спирттің ең жоғары нақты концентрациясы 86 көл.%-дан болатын, және
- сірке қышқылына есептегенде ұшпалы қышқылдардың ең жоғары
құрамы 1,5 г/л болатын өнім;
в) ликер шарабына, яғни:
- спирттің жалпы концентрациясы кемінде 17,5 көл.%-дан және спирттің нақты концентрациясы кемінде 15 көл.%-дан болатын, бірақ 22 көл %-дан кем емес, және
- жүзім шарабынан немесе жүзім сұрыптары шарабынан алынған, ликер шараптарын өндіру үшін үшінші елде мақұлданған және спирттің натуралдық көлемдік концентрациясы кемінде 12 көл.%-дан болатын өнім;
- тоңазыту арқылы, немесе
- ашыту процесінде немесе ашытқаннан кейін қосу арқылы;
- шарапты айдау арқылы алынған өнім, немесе
- концентрацияланған жүзім шырыны немесе мұндай практика концентрацияланған тікелей жылу жүзім шырыны үшін кейбір жоғары сапалы ликер шараптары дәстүрлі болып табылатын жағдайда, ол бұл операциялардан басқа, концентрацияланған жүзім шырыны анықтамасына сәйкес келгенде, немесе
- осы өнімдердің қоспасы енгізіледі.
Алайда кейбір жоғары сапалы ликерлі шараптар жас жүзім шырынынан алынуы мүмкін, оның 12 көл. %-ға тең спирттің ең төменгі натуралдық концентрациясы болуы міндетті емес.
6. 2204 30 920 0 және 2204 30 960 0 қосалқы позицияларда "концентрацияланған жүзім шырыны" 20 0С температура кезінде рефрактометр көрсеткіші үшін кемінде 50,9%-дан жүзім шырынын білдіреді.
7. Өсімдіктермен немесе хош иісті заттармен үстемеленген, құрамында спирттің нақты концентрациясы кемінде 7 көл.%-дан болатын вермут немесе өзге де шарап 2205 тауар позициясына енгізіледі.
8. 2206 00 100 0 қосалқы позицияларда «пикет» термині суға малынған өңделмеген жүзім сығымдарын ашытуымен немесе жүзім сығымдарының суда ашытылған экстракциясынан алынған өнімді білдіреді.
9. 2206 00 310 0 және 2206 00 390 0 қосалқы позицияларда "көпіршікті" болып мына сусындар:
- байлауыштармен және/немесе бекіткіштермен ұсталған «саңырауқұлақ тәрізді» тығындары бар бөтелкелерде ашытылған,
- 20 0С температура кезінде кемінде 1,5 бар артық қысымы бар басқа ыдыста ашытылған сусындар есептеледі.
10. 2209 00 110 0 және 2209 00 190 0 қосалқы позицияларда «шарап сірке суы» термині шарапты ашытуды тек қана сірке қышқылын ашытумен алған және сірке қышқылына есептегенде жалпы қышқылдығы кемінде 60 г/л болатын сірке суын білдіреді.