Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі. VII бөлім Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар; көксағыз, резеңке және олардан жасалған бұйымдар

Предыдущая страница

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

40-топ

Көксағыз, резеңке және олардан жасалған бұйымдар

 

Ескертпелер:

1. Егер мәтінде өзгеше келісілмесе, онда тұтас Номенклатурада «каучук және резеңке» термині мынадай вулканизацияланған немесе вулканизацияланбаған, қатты немесе қатты емес өнімдерді білдіреді: табиғи көксағыз, балата, гуттаперча, гваюла, чикл және ұқсас табиғи шайырлар, синтетикалық каучук, майлардан алынған фактис және жаңғыртылған түрдегі осы материалдар.

2. Осы топқа мыналар енгізілмейді:

а) XI бөлімнің тауарлары (тоқыма материалдары және тоқыма бұйымдары);

б) 64-топтағы аяқ киім және оның бөліктері;

в) 65-топтағы бас киімдер және олардың бөліктері (шомылу телпектерін қоса алғанда);

г) қатты резеңкеден немесе эбониттен алынған механикалық немесе электрлік жабдықтар немесе олардың бөліктері XVI бөлім (электр тауарларының бәрін қоса алғанда);

д) 90, 92, 94 немесе 96-топтардың бұйымдары; немесе

е) 95-топтың бұйымдары (спорттық биялай, қолғап, митенкіден басқа және 4011-4013 тауар позициясының тауарларынан басқа);

3. 4001-4003 және 4005 тауар позициясындағы «бастапқы нысандар» термині мына нысандарды:

а) сұйықтар мен пасталарды (вулканизацияланған немесе вулканизацияланбаған латексті және өзге дисперсиялар мен ерітінділерді қоса алғанда);

б) бұрыс нысандағы блоктарды, кесіктерді, ұнтақтарды, түйіршіктерді, үгінділерді және ұқсас сеппелі нысандарды білдіреді.

4. Осы топқа 1-ескертпедегі және 4002 тауар позициясындағы «синтетикалық каучук» термині мынаны білдіреді:

а) күкіртпен вулканизациялау кезінде термопластикалық заттарға тұрақты айналып, 18-29оС температурасында өзінің бастапқы қалпынан 3 есе созғанда үзілмейтін, ал 5 минут ішінде 2 есе созғанда бастапқы ұзындығынан бір жарым еседен аспайтын ұзындыққа қайта оралатын қорландырылған синтетикалық заттар. Осы көрсетілген сынақ кезінде көлденең байланыстарды құрау үшін қажетті заттарды, атап айтқанда активаторларды немесе вулкандауды тездетушілер. Сонымен қатар 5б (іі және ііі) ескертпелерінде көрсетілген заттардың болуы мүмкін. Бірақ, жанама байланыстарды құрауға арналмаған сұйылтқыш, пластификаторлар немесе толтырғыштар секілді заттардың болуы мүмкін емес;

б) тиопластар (ТМ); және

в) ұластыру немесе пластмассалармен араластыру жолымен түрлендірілген табиғи каучук, полимерсізденген табиғи каучук, қорландырылмаған синтетикалық заттардың қорландырылған синтетикалық жоғары молекулярлық полимерлермен қоспалары, жоғарыда аталған өнімдер вулкандау, созу және өлшемдерін қалыпқа келтіруге қатысты осы ескертпенің 4а-тармағындағы талаптарына сай келген жағдайда.

5а. Көксағыз немесе көксағыздардың қоспалары, егер олар ірілендіруден бұрын немесе одан кейін мыналармен араласқан болса, 4001 және 4002 тауар позицияларына енгізілмейді:

і) вулканизациялайтын агенттермен, тездеткіштермен, баяулатқыштармен немесе активаторлармен (вулканизацияланған каучуктік латексті дайындау үшін қосылған заттардан басқа);

іі) пигменттермен немесе басқа бояғыш заттармен, сәйкестендіру үшін қолданылатындардан басқа;

ііі) пластификаторлармен немесе толтырғыштармен (минералдық майды қоспағанда), күшейткіш агенттермен, органикалық еріткіштермен немесе 5б-тармақта көрсетілген өзгелерді қоспағанда, басқа кез келген заттармен;

5б. Каучукте немесе көксағыздар қоспаларында:

і) эмульгаторлар мен антиадгезидтердің;

іі) эмульгаторлардың ыдырау өнімдерінің шамалы мөлшерлерінің;

ііі) жылы сезгіш агенттердің өте шамалы мөлшерлерінің (негізінен термосезгіш көксағыздық латекстерді алу үшін), катиондық беттік-белсенді заттардың (әдетте оң электрлік каучуктік латекстерді алу үшін), антитотықтырғыштардың, ірілендіргілердің, каучукті үгінділерге айналуына ықпал ететін агенттердің, суыққа төзімділікті қамтамасыз ететін агенттердің, пептизаторлардың, антиірілендіргілердің, тұрақтандырғыштардың, тұтқырлықты реттейтін агенттердің, немесе арнайы мақсаттағы ұқсас қоспалардың болуы олардың 4001 немесе 4002 тауар позицияларына жатуына, мұндай каучук немесе каучуктердің қоспалары өздерінің негізгі шикізат материалдары қасиеттерін сақтаған жағдайда әсер етпейді.

4. 4004 тауар позициясындағы «қалдықтар, кесінділер және сынықтар» термині резеңке және одан алынған бұйымдарды әзірлеу және өңдеуден пайда болатын, кесілу, тозу немесе басқа себептер үшін қолдануға мүлдем жарамсыз болып қалған қалдықтарды, кесінділерді және сынықтарды білдіреді.

7. Тұтастай вулканизацияланған резеңкеден тұратын, көлденең қимасы 5 мм-ден шамасындағы жіптер 4008 тауар позициясына белдіктер немесе таспалар, шыбықтар немесе фасондық профильдер ретінде енгізіледі.

8. 4010 тауар позициясына, резеңкемен жабылған немесе иленген немесе тоқымалық иірімжіптен немесе кордтан әзірленген, резеңкемен жабылған конвейерлік таспалар, жетекші белдік немесе матадан алынған бельтинг енгізіледі.

9. 4001, 4002, 4003, 4005 және 4008 тауар позицияларында «пластиналар», «табақтар» және «белдіктер мен таспалар» термині дұрыс геометриялық нысандағы, тікбұрыш нысандарға (квадратты қоса алғанда) кесілген немесе кесілмеген, беткі жағы өрнектелген немесе өрнектелмеген немесе өзге әдіспен өңделген дайын бұйым болып табылатын немесе табылмайтын пластиналарды, табақтарды және белдіктерді немесе таспалар мен блоктарды білдіреді, өзге нысанды кесіктерге кесілген немесе одан әрі өңдеуге тартылған материалдардан басқа.

4008 тауар позициясында «шыбықтар» және «фасондық профильдер» термині одан әрі өңдеусіз, ұзындығы бойынша кесілген немесе кесілмеген немесе беткі жағы қайта өңделген немесе өңделмеген бұйымдарды білдіреді.