Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі. I бөлім Тірі жануарлар; жануарлардан алынатын өнімдер (2007.11.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

 

03-топ

Балық және шаянтектестер, ұлулар және басқа да су омыртқасыздары

 

Ескертпелер:

1. Аталған топқа

а) 0106 тауар позициясының сүтқоректілері;

б) 0106 тауар позициясы сүтқоректілерінің еті (0208 немесе 0210 тауар позициясы);

в) өлген немесе өзінің табиғаты бойынша немесе өздерінің жай-күйіне байланысты тамаққа пайдалану үшін жарамсыз (05 топ) балық немесе шаянтектестер, ұлулар немесе өзге де су омыртқасыздары; тамаққа пайдалануға жарамсыз майда және ірі тартылған балық ұны немесе балықтан немесе шаянтектестерден, ұлулардан немесе өзге де су омыртқасыздарынан алынған түйіршіктер (2301 тауар позициясы); немесе

г) бекіре уылдырықтары немесе оның балық уылдырықтарынан дайындалған алмастырғыштары (1604 тауар позициясы) енгізілмейді.

2. Аталған топтағы "түйіршіктер" термині тікелей сығымдау жолымен, не аз мөлшерде байланыстырғыш зат қосу арқылы шоғырландырылған өнімдерді білдіреді.