Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі. I бөлім Тірі жануарлар; жануарлардан алынатын өнімдер (2007.11.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

 

 

 

 

 

 

 

 

04-топ

Басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген сүт өнімдері; құстардың жұмыртқалары;

табиғи бал; жануарлардан алынатын тамақ өнімдерi

 

Ескертпелер:

1. "Сүт" термині қаймағы алынбаған сүтті, сондай-ақ қаймағы ішінара немесе толық алынған сүтті білдіреді.

2. 0405 тауар позициясында:

а) құрамында 80 салм.%-дан немесе одан да көп, бірақ 95 салм.%-дан аспайтын құрамында сүт майы бар ең көп 2 салм.%-дан құрғақ (майсыздандырылған) сүт қалдығы және ең көп 16 салм.%-дан су бар сүттен ғана дайындалған табиғи кілегейлі майды, сарысулы майды немесе рекомбинацияланған майды (консервіленген майды қоса алғанда, жас, тұздалған немесе ашыған) білдіреді. Кілегейлі майдың құрамында қосымша эмульгаторлар болмайды, бірақ натрий хлориді, тамақтық бояғыштар, бейтараптандырғыш тұздар мен сүт қышқылын түзетін зиянсыз бактериялардың дақылдары болуы мүмкін;

б) "сүт пасталары" термині өнімде 39 салм.%-дан немесе одан да көп, бірақ 80 мас.%-дан мөлшеріндегі жалғыз тоң май ретінде сүт майы бар майдағы су түрінде жазылуға қабілетті эмульсияны білдіреді.

3. Сүт сарысуын концентрациялау кезінде және сүтті немесе сүт тоң майын қоса отырып алынған өнімдер, олардың мынадай үш сипаттамаға ие болуы шартымен 0406 тауар позициясына ірімшік ретінде енгізіледі:

а) құрғақ затқа қайта есептегенде, құрамында 5 салм.%-дан немесе одан да көп сүт майының болуы;

б) құрамында 70 салм.%-дан кем емес, бірақ 85 салм.%-дан аспайтын құрғақ заттың болуы; және

в) олардың қалыптасуы немесе қалыптасуының мүмкін болуы.

4. Аталған топқа:

а) құрғақ затқа қайта есептегенде құрамында сусыз лактоза ретінде білінетін 95 салм.%-дан астам лактоза бар сүт сарысуынан алынған өнімдер (1702 тауар позициясы); немесе

б) альбуминдер (құрғақ затқа қайта есептегенде құрамында 80 салм.%-дан астам сарысу белогы бар екі немесе одан да көп сарысу белоктарының концентраттарын (3502 тауар позициясы) қоса алғанда) немесе глобулиндер (3504 тауар позициясы).

Қосалқы позицияларға ескертпелер:

1. 0404 10 қосалқы позициясында "түрі өзгерген сүт сарысуы" термині сарысудың құрамдас бөліктерінен тұратын өнімдерді, яғни лактоза, протеиндер немесе минералды заттар толық немесе ішінара аластатылған сарысуды, оған сарысудың табиғи компоненттері мен сарысудың табиғи құрамдас бөліктерінің араластыру жолымен алынған өнімдерді білдіреді.

2. 0405 10 қосалқы позициясында "кілегейлі май" термині сусызданған майды немесе қорытылған майды (0405 90 қосалқы позиция) білдірмейді.

Қосымша ескертпелер:

1. 0401-0406 тауар позицияларында көрсетілген қоспалар үшін баж ставкалары мынадай үлгімен айқындалады:

а) компоненттерінің бірінің ең көп дегенде 90 салм. %-ды құрайтын қоспалар үшін баж ставкасы осы компонент үшін баж ставкасымен анықталады;

б) өзге де қоспалар үшін баж ставкасы ол үшін баж ставкасы неғұрлым жоғары болып табылатын компонентпен анықталады.

2. 0406 90 020 0 және 0406 90 030 0, қосалқы позициясында "тұтас ірімшіктер" термині мынадай таза салмағы бар тұтас ірімшіктерді білдіреді:

- Эмменталер: 60 кг-нан кем емес, бірақ 130 кг-нан аспайтын,

- Грюйер және Сбринц: 20 кг-нан кем емес, бірақ 45 кг-нан аспайтын,

- Бергказе: 20 кг-нан кем емес, бірақ 60 кг-нан аспайтын,

- Аппенцеллер: 6 кг-нан кем емес, бірақ 8 кг-нан аспайтын.