05-топ
Жануарлардан алынатын басқа жерде аталмаған немесе
енгізілмеген өнімдер
Ескертпелер:
1. Аталған топқа:
а) тамақ өнімдері (жануарлардың бүтін және бөлшектелген ішектерінен, көпіршіктерінен және асқазандарынан, сойдай-ақ жануарлардың сұйық немесе құрғақ қандарынан басқа);
б) 0505 тауар позициясындағы тауарлардан, сондай-ақ 0511 тауар позициясындағы өңделмеген терілердің кесінділері мен ұқсас қалдықтарынан басқа, терілер немесе былғары (үлбірді қоса алғанда) (41 немесе 43-топ);
в) жылқының жалы мен оның қалдықтарынан басқа, жануарлардан алынатын тоқыма материалдары (ХІ-бөлім); немесе
г) сыпырғыштар немесе шөтке бұйымдарын дайындау үшін әзірленген байламдар немесе түйіндер (9603 тауар позициясы).
2. 0501 тауар позициясындағы ұзындығы бойынша сұрыпталған шаш өңделмеген болып саналады (шаштың түбі мен оның шектері тиісті тәртіппен орналаспауы шартымен).
3. Бүкіл Номенклатура бойынша «піл сүйегі» термині пілдің, бегемоттың, морждың, сытқының және қабанның мүйіздерін немесе азуларын, мүйізтұмсықтың мүйіздерін және барлық жануарлардың тістерін білдіреді.
4. Бүкіл Номенклатура бойынша «жылқының жалы» термині жылқының немесе ірі қараның жалының немесе құйрығының қылдарын білдіреді.