III бөлім
Жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын тоң майлар мен майлар және оларды
ажырату өнімдері; дайын тамақтық тоң майлар; жануарлардан немесе өсімдіктерден
алынатын балауыздар
15-топ
Жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын тоң майлар мен майлар және оларды
ажырату өнімдері; дайын тамақтық тоң майлар; жануарлардан немесе өсімдіктерден
алынатын балауыздар
Ескертпелер:
1. Аталған топқа:
а) шошқаның тоң майы немесе үй құстарының тоң майы (0209 тауар позициясы);
б) какао майы, какао өсімдік майы (1804 тауар позициясы);
в) 0405 тауар позициясындағы құрамында 15 салм.%-дан астам өнімдері бар дайын тамақ өнімдері (негізінде 21-топ);
г) шыжықтар (2301 тауар позициясы) немесе 2304-2306 тауар позициясында көрсетілген қалдықтар;
д) VІ-бөлімдегі майлы қышқылдар, дайын балауыздар, дәрілік заттар, бояулар, лактар, сабындар, парфюмерлік, косметикалық немесе жуыну заттары, сульфирленген майлар немесе өзге де тауарлар; немесе
е) майдан алынған фактис (4002 тауар позициясы) енгізілмейді.
2. 1509 тауар позициясына зәйтүн жемісінен немесе зәйтүннен еріткіштермен айырып алу жолымен алынған майлар енгізілмейді (1510 тауар позициясы).
3. 1518 тауар позициясына ұқсас ұйып қалмаған тоң майларға, майларға және олардың фракцияларына сәйкес келетін тауар позициясына енгізілуі тиіс жай тәсілмен ғана ұйып қалған тоң майлар немесе майлар немесе олардың фракциялары енгізілмейді.
4. 1522 тауар позициясына соапстоктар, майлы фуз және тоң майдың қалдықтары, стеаринды пек, глициринді пек және шайырдың қалдықтары енгізіледі.
Қосалқы позицияға ескертпелер:
1. 1514 11 және 1514 19 қосалқы позициядағы "құрамында эрук қышқылы төмен рапс майы (рапстан, немесе кользадан)" термині құрамында эрук қышқылы 2 салм.%-дан кем ұшпа емес майды білдіреді.
Қосымша ескертпелер:
1. 1507 10, 1508 10, 1510 00 100 0, 1511 10, 1512 11, 1512 21, 1513 11, 1513 21, 1514 11, 1514 91, 1515 11, 1515 21, 1515 50 110 0, 1515 50 190 0, 1515 90 210 0, 1515 90 290 0, 1515 90 400 0-1515 90 590 0 және 1518 00 310 0 қосалқы позицияларда және шағын кіші позицияларда:
а) тығыздап алынған сұйық немесе қатты түрдегі ұшпа емес өсімдік майы егер олар мынадай:
- қалыпты уақыт кезеңі шегінде декантациялаудан,
- майларды оларды қатты құрастырушыларынан ажырату үшін ауырлық күші, қысым күші немесе сыртқа тепкіш күш секілді механикалық күш қана қолданған жағдайда центрфугадан немесе сүзгіден өткізуден (адсорбциялық сүзгіден өткізудің кез келген процесін немесе басқа да кез келген физикалық немесе химиялық процесті қоспағанда) өзге ешқандай өңдеуде ұшырамаса, шикі мұнай ретінде қарастырылуы тиіс;
б) экстрагирлеу жолымен алынған сұйық немесе қатты түрдегі ұшпа емес сұйық майлар, егер оларды түсі бойынша да, иісі бойынша да танылған ерекше аналитикалық қасиеттері бойынша да қысымдап алынған өсімдік тоң майларынан айыру мүмкін болмаса, бұрынғысынша шикі деп есептеледі;
в) шикі майлар термині гидратациямен тазаланған қытайбұршақ майына және госсиполдан тазаланған мақта майына қолданылады.
2А. 1509 және 1510 тауар позицияларына тек зәйтүн жемісін және зәйтүнді өңдеу нәтижесінде алынған майлар ғана енгізіледі, олардың майлықышқылды және стериндік құрамының аналитикалық сипаттамасы мынадай:
І-кесте
Майлы қышқылдардың жалпы санына пайызбен есептегенде майлы
қышқылдың қатынасы