б) «уайт-спирит» термині (2710 11 210 0 кіші қосалқы позициялар) жоғарыда (а) тармағында айқындалған, Абель-Пенск әдісі бойынша жарқылының температурасы 21оС болатын арнайы бензиндерді білдіреді;
в) «орташа дистилляттар» термині (2710 19 110 0-2710 19 290 0 кіші қосалқы позициялар) 90 көл. %-дан кем (шығындарды қоса алғанда) 2100С немесе 65 көл.%-дан немесе одан астам (шығындарды қоса алғанда) 2500С (ASTM D 86 әдісі бойынша) температура кезінде айдалатын мұнай фракцияларын және басқа да мұнай өнімдерін білдіреді;
г) «ауыр дистилляттар» термині (2710 19 310 0-2710 19 990 0 кіші қосалқы позициялар) 65 көл.%-дан аз (шығындарды қоса алғанда) ASTM D 86 әдісі бойынша 2500С айдалатын мұнай фракцияларын және басқа да мұнай өнімдерін, немесе 2500С кезінде айдалу пайызы аталған әдіспен айқындалмайтын фракцияларды білдіреді;
д) «газойли» термині (2710 19 310 0-2710 19 490 0 кіші қосалқы
позициялар) жоғарыда (г) тармағында айкындалған, 85 көл.%-дан немесе көп (шығындарды қоса алғанда) 3500С (ASTM D 86 әдісі бойынша) айдалатын ауыр дистилляттарды білдіреді;
е) «сұйық отындар» термині (2710 19 510 0 -2710 19 690 0 кіші қосалқы позициялар) газойлейлерден басқа, жоғарыда (г) тармағында айқындалған К ерітіндісінде тиісті колориметрикалық сипаттар жағдайында:
- төмендегі кестенің ASTM D 874 әдісі бойынша сульфат күлі 1%-дан кем құрамды болғанда І жолында көрсетілгеннен аспайтын және индексіндегі сабындануы ASTM D 939-54 әдісі бойынша 4-еуі кем болған;
- ASTM D 97 әдісі бойынша ағымдылық температурасы кезінде 100С кем емес, II жолда көрсетілгеннен асатын;
- егер ASTM D 86 әдісі бойынша 3000С температура кезінде 25
көл.%-дан немесе одан да артық айдалатын болса немесе егер 3000С
кезінде 25 көл.%-дан кем айдалатын болса, және ASTM D 97 әдісі
бойынша ағымдылық температурасы минус 100С асып түсетін бодса, І
жолда көрсетілгеннен артық, бірақ II жолда көрсетілгеннен аспайтын Т тұтқыштығы болатын ауыр дистилляттарды білдіреді. Аталған параметрлер ерітіндіде 2-ден кем колориметрикалық сипатты фракциялар мен өнімдерге қолданылады.
К ерітінді мен Т тұтқырлығындағы колориметрикалық сипаттарға сәйкестік кестесі