б) «уайт-спирит» термині (2710 11 210 0 кіші қосалқы позициялар) жоғарыда (а) тармағында айқындалған, Абель-Пенск әдісі бойынша жарқылының температурасы 21оС болатын арнайы бензиндерді білдіреді;
в) «орташа дистилляттар» термині (2710 19 110 0-2710 19 290 0 кіші қосалқы позициялар) 90 көл. %-дан кем (шығындарды қоса алғанда) 2100С немесе 65 көл.%-дан немесе одан астам (шығындарды қоса алғанда) 2500С (ASTM D 86 әдісі бойынша) температура кезінде айдалатын мұнай фракцияларын және басқа да мұнай өнімдерін білдіреді;
г) «ауыр дистилляттар» термині (2710 19 310 0-2710 19 990 0 кіші қосалқы позициялар) 65 көл.%-дан аз (шығындарды қоса алғанда) ASTM D 86 әдісі бойынша 2500С айдалатын мұнай фракцияларын және басқа да мұнай өнімдерін, немесе 2500С кезінде айдалу пайызы аталған әдіспен айқындалмайтын фракцияларды білдіреді;
д) «газойли» термині (2710 19 310 0-2710 19 490 0 кіші қосалқы
позициялар) жоғарыда (г) тармағында айкындалған, 85 көл.%-дан немесе көп (шығындарды қоса алғанда) 3500С (ASTM D 86 әдісі бойынша) айдалатын ауыр дистилляттарды білдіреді;
е) «сұйық отындар» термині (2710 19 510 0 -2710 19 690 0 кіші қосалқы позициялар) газойлейлерден басқа, жоғарыда (г) тармағында айқындалған К ерітіндісінде тиісті колориметрикалық сипаттар жағдайында:
- төмендегі кестенің ASTM D 874 әдісі бойынша сульфат күлі 1%-дан кем құрамды болғанда І жолында көрсетілгеннен аспайтын және индексіндегі сабындануы ASTM D 939-54 әдісі бойынша 4-еуі кем болған;
- ASTM D 97 әдісі бойынша ағымдылық температурасы кезінде 100С кем емес, II жолда көрсетілгеннен асатын;
- егер ASTM D 86 әдісі бойынша 3000С температура кезінде 25
көл.%-дан немесе одан да артық айдалатын болса немесе егер 3000С
кезінде 25 көл.%-дан кем айдалатын болса, және ASTM D 97 әдісі
бойынша ағымдылық температурасы минус 100С асып түсетін бодса, І
жолда көрсетілгеннен артық, бірақ II жолда көрсетілгеннен аспайтын Т тұтқыштығы болатын ауыр дистилляттарды білдіреді. Аталған параметрлер ерітіндіде 2-ден кем колориметрикалық сипатты фракциялар мен өнімдерге қолданылады.
К ерітінді мен Т тұтқырлығындағы колориметрикалық сипаттарға сәйкестік кестесі
кестенің жалғасы
кестенің жалғасы
«Т тұтқырлығы», термині ASTM D 445 әдісі бойынша 0,000001 м2/с өлшенетін, 500С кезіндегі кинематикалық тұтқырлығын білдіреді.
«К ерітіндісіндегі колориметрикалық сипаты» термині өнімнің бір бөлігін төртхлорлы көміртегінің 100 бөлігімен (көлемі бойынша) араластырғаннан кейінгі ASTM D 1500 әдісі бойынша айқындалған өнім түсін білдіреді. Түсті ерітінді түзілген бойдан дереу айқындау қажет.
2710 19 510 0-2710 19 690 0 кіші қосалқы позицияларға тек табиғи түсімен сұйық отындар ғана енгізіледі.
Бұл кіші қосалқы позицияларға жоғарыда (г) тармағында айқындалған:
- ASTM D 86 әдісі бойынша 2500С кезінде айдалған өнім санының пайыздық құрамын (нөлдік шығысты нөлдік процент ретінде қарау керек);
- ASTM D 445 әдісі бойынша 50оС кезіндегі кинематикалық тұтқырлығын; немесе
- ASTM D 1500 әдісі бойынша К колориметрикалық сипатын білу мүмкіндігі болмайтын ауыр дистилляттар енгізілмейді.
Мұндай өнімдер 2710 19 710 0-2710 19 990 0 кіші қосалқы позицияларға енгізіледі.
2. 2712 тауар позициясындағы «шикі мұнай вазелині» термині (2712 10 100 0 кіші қосалқы позициялар) ASTM D 1500 әдісі бойынша табиғи түсі 4,5 астам колориметрикалық сипатты мұнай вазелинін білдіреді.
3. 2712 90 310 0-2712 90 390 0 кіші қосалқы позициялардағы «шикі» термині:
а) егер олардың тұтқырлығы ASTM D 445 әдісі бойынша 100оС кезінде 0,000009 м2/с кем болса, ASTM D 721 әдісі бойынша құрамында 3,5 немесе одан да көп мұнай фракциялары бар; немесе
б) егер олардың тұтқырлығы ASTM D 445 әдісі бойынша 1000С кезінде 0,000009 м2/с тең немесе астам болса, ASTM D 1500 әдісі бойынша табиғи түсі 3-тен астамы үшін колориметрикалық сипатты өнімдерге қолданылады.
4. 2710, 2711 және 2712 тауар позициясындағы «ерекше процесс» термині мынадай процестерге қолданылады:
а) ауасыз дистилляция;
б) мұқият фракцияландырылған екінші рет айдау процесі;
в) крекинг;
г) риформинг;
д) сұрыпталған ерітінділі экстракция;
е) мынадай барлық операцияларды қамтитын: күйдірілген күкірт қышқылымен, олеуммен немесе күкіртті ангидридпен өңдеу; сілтілі агенттермен бейтараптандыру; табиғи белсенді топырақпен, активтендірілген көмірмен немесе бокситпен өңсіздендіру (ағарту) және тазарту;
ж) полимерлеу;
з) алкилирлеу;
и) изомерлеу;
к) өңделетін өнімдердің құрамында ең аз дегенде 85%-дан болатын күкіртті қалпына келтіретін сутегін қолданып (ASTM D 1266-59 Т әдісі) (тек 2710 19 310 0-2710 19 990 0 кіші қосалқы позициялардағы өнімдерге ғана қатысты) күкіртсіздендіру;
л) сүзгілеу процесінен үздік кез келген процеспен парафинсіздендіру (тек 2710 кіші қосалқы позициядағы өнімдерге ғана қатысты);
м) егер сутегі химиялық реакциялардың белсендісі ретінде әсер ететін болса, катализатор (күкіртсіздендіру катализаторларынан басқа) қолданып 2000 кПа астам қысыммен және 2500С астам температурада сутегімен өңдеу (тек 2710 19 310 0-2710 19 990 0 кіші қосалқы позициялардағы өнімдерге ғана қатысты). Дәлірек айтқанда, түсін немесе тұрақтылығын жақсарту үшін 2710 19 710 0-2710 19 990 0 кіші қосалқы позициялардағы майлау майларының сутегімен одан әрі өңдеу (мысалы, сумен тазалау немесе өңсіздендіру) ерекше процестерге жатпайды;
н) 30 көл.%-дан кем бұл өнімдер ASTM D 86 әдісі бойынша (тек 2710 19 510 0-2710 19 690 0 кіші қосалқы позициялардағы өнімдерге ғана қатысты) 300оС кезінде айдалу шартымен атмосфералық қысым кезінде айдау. Егер 30 көл.%-дан немесе астам кезінде, шығындарды қоса алғанда, ASTM D 86 әдісі бойынша 3000С кезінде айдалса, онда атмосфералық қысым кезінде алуға болатын және 2710 11 110 0-2710 11 900 0 немесе 2710 19 110 0-2710 19 290 0 кіші қосалқы позициялардағы қатысты өнімдерге 2710 19 610 0-2710 19 690 0 кіші қосалқы позициялардағы тауарлар үшін көзделген кедендік баж салынуға тиіс;
о) жоғары жиіліктегі электр разрядымен өңдеу (тек 2710 19 710 0-2710 19 990 0 кіші қосалқы позициялардағы өнімдерге ғана қатысты);
п) тек 2712 90 310 0 кіші қосалқы позициялардағы өнімдерге ғана қатысты: бөлшектеп кристалдау жолымен майсыздандыру.