Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі. VI бөлім Химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері

Предыдущая страница

 

 

 

31-топ

 

Тыңайтқыштар

 

Ескертпелер:

1. Аталған топқа:

а) жануарлардың қаны (0511 тауар позициясы);

б) белгіленген химиялық құрамның жеке қосылыстары (2А, 3А, А, немесе 5 ескертпелерінде көрсетілгендерден басқа); немесе

в) 3824 тауар позициясына енетін, әрқайсысынан салмағы 2,5 г кем емес, жасанды өсірілген калий хлоридінің кристаллдары (оптикалық элементтерден басқа); калий хлоридінің оптикалық элементі (9001) тауар позициясы) енгізілмейді.

2. 3105 тауар позициясында көзделгендей, нысандарға немесе орамдарға өлшеніп салынбаған жағдайда, 3102 тауар позициясына тек мынадай тауарлар енгізіледі:

А. Төменде келтірілген қандай да бір сипаттамаға сәйкес келетін тауарлар:

і) қоспамен немесе қоспасыз натрий нитраты;

іі) қоспамен немесе қоспасыз аммоний нитраты;

ііі) қоспамен немесе қоспасыз аммоний сульфатының және аммоний нитратының қос тұздары;

іv) қоспамен немесе қоспасыз аммоний сульфаты;

v) қоспамен немесе қоспасыз қос тұздар, кальций және аммоний нитраттарының қоспалары;

vі) қоспамен немесе қоспасыз қос тұздар, кальций және магний нитраттарының қоспалары;

vіі) қоспамен немесе қоспасыз немесе маймен өңделген кальций цианамиді;

vііі) қоспамен немесе қоспасыз несепнәр;

Б. 2А ескертпесінде көрсетілген кез келген заттардың қоспаларынан тұратын тыңайтқыштар.

В. 2А немесе 2Б ескертпесінде көрсетілген, тыңайтқыштар болып табылмайтын бормен, гипспен немесе басқа органикалық емес заттармен араласқан, аммоний хлоридінен немесе кез келген заттан құралған тыңайтқыштар.

Г. 2А(іі) немесе 2А(vііі) ескертпесінде айтылған тауарлардан құралған сұйық тыңайтқыштар немесе осы тауарлардың су не аммиак ерітіндісіндегі қоспалары.

3. 3105 тауар позициясында көзделгендей, нысандарға немесе орамдарға өлшеніп салынбаған жағдайда, 3103 тауар позициясына тек мынадай тауарлар енгізіледі:

А. Төменде келтірілген қандай да бір сипаттамаға сәйкес келетін тауарлар:

і) негізгі қож;

іі) қоспаларды аластау үшін қажеттіден көбірек температурада кальциленген өңделген, 2510 тауар позициясына енетін табиғи фосфаттар;

ііі) суперфосфат (қарапайым, қос немесе үштік);

іv) сусыз құрғақ өнімге шаққанда 0,2 салм.%-дан кем емес фторды құрайтын кальций сутекфосфаты;

Б. 3А ескертпеде көрсетілген, фтор құрамын шектеу есебінсіз кез келген тауарлардың қоспасынан құралған тыңайтқыштар;

В. 3А немесе 3Б ескертпеде көрсетілген, фтор құрамын шектеу есебінсіз, тыңайтқыш болып табылмайтын бормен, керішпен немесе басқа органикалық емес заттармен араласқан кез келген тауарларды құрайтын тыңайтқыштар.

4. 3104 тауар позициясына, 3105 тауар позициясында көзделгендей, нысандарға немесе орамдарға өлшеніп салынбаған жағдайда, тек мына тауарлар енгізіледі:

А. Төменде келтірілген, осы немесе өзге сипаттамаға сәйкес келетін тауарлар:

і) өңделмеген калий тұздары (мысалы, карналлит, каинит және сильвит);

іі) жоғарыда айтылған, 1 в ескертпедегіні қоспағанда, қоспасы бар немесе қоспасыз калий хлориді;

ііі) қоспасы бар немесе қоспасыз калий сульфаты;

іv) қоспасы бар немесе қоспасыз калий-магний сульфаты.

Б. Жоғарыда 4А ескертпеде көрсетілген кез келген заттардың қоспаларынан тұратын тыңайтқыштар.

5. Қоспасы бар немесе қоспасыз аммоний дисутекфосфаты (моноаммоний фосфаты) және диамонний сутекфосфаты, сонымен қатар осы заттардың қоспалары 3105 тауар позициясына енгізілуі тиіс.

6. 3105 тауар позициясындағы «басқа тыңайтқыштар» деген терминге, тыңайтқыш ретінде қолданылатын және негізгі құрамдас бөлік ретінде мына қоректік элементтерден: азоттан, фосфордан немесе калийден тұратын тауарлар алынады.

 

 

 

 

 

32-топ

Илеу және бояу экстракттары; таниндер және олардың туындылары;

бояғыштар, пигменттер және өзге де бояу заттары; сырлар мен лактар; тығыздағыштар мен өзге де мастикалар; баспаханалық сыр, сия, туш

 

Ескертпелер:

1. Аталған топқа:

а) белгіленген химиялық құрамның (3203 немесе 3204 тауар позициясына енгізілген өнімдерді, люминофорлар ретінде қолданылатын органикалық емес өнімдерді қоспағанда (3206 тауар позициясы), 3207 тауар позициясында көрсетілген балқытылған кварцтан немесе нысандағы басқа балқытылған кремнеземдерден алынған шынылардың, сондай-ақ бөлшек сауда үшін нысандарға немесе орамдарға өлшеніп салынған бояулар мен басқа бояғыш заттардың (3212 тауар позициясы) жеке элементтері және қосылыстары;

б) 2936-2939, 2941 немесе 3501-3504 тауар позициялары өнімдерінің таннаттары немесе танин туындылары; немесе

в) асфальттық мастикалар немесе басқа битумдық мастикалар

(2715 тауар позициясы) енгізілмейді.

2. 3204 тауар позициясына диазонийдің тұрақтандырылған тұздарының қоспалары мен азобояғыштар алуға арналған құрамдас бөліктері енгізіледі.

3. 3203-3206 тауар позицияларына кез келген материалды бояу үшін немесе бояғыш заттарды өндіретін компоненттер ретінде қолданылатын бояғыш заттардың негізінде (3206 тауар позициясын қоса алғанда, 2530 тауар позициясының немесе 28-топтың бояғыш пигменттері, металл үлпектері немесе металл ұнтақтары) дайындалған өнімдер енгізіледі. Бірақ бұл тауар позициясына, бояу, эмаль өндіруде қолданылатын (3212 тауар позициясы) сулы емес орталарда майдаланған, сұйық және паста секілді пигменттер немесе

3207-3210, 3212, 3213 және 3215 тауар позицияларының өнімдері енгізілмейді.

4. 3208 тауар позициясына 3901-3913 тауар позицияларының кез келген өнімінен тұратын, егер ерітіндінің құрамы еріткіштің салмағынан 50%-дан асса, (коллоидтен басқа) ұшқыш органикалық еріткіштегі ерітінділер енгізіледі.

5. «Бояғыш зат» термині осы топ шегінде, желімдік бояуларға жарамды немесе жарамсыздығына қарамастан, майлы бояулардың толтырушысы ретінде қолданылатын өнімдерге қатысты емес.

6. 3212 тауар позициясындағы «баспа-таңбалау фольгасы» термині, мысалы, кітаптардың бетіне немесе қалпақтың лентасына таңба салу үшін қолданылатын:

а) желіммен, желатинмен немесе өзге байланыстырғыш затпен кесектендірілген метал ұнтағынан немесе пигментінен; немесе

б) кез келген материалдан жасалған беттік табандықтарға жағылған металдан (қымбат металды қоса алғанда) немесе пигменттен тұратын тек жұқа табақтық материалдарды білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

33-топ

Эфир майлары және резиноидтер; парфюмерлік, косметикалық немесе иіс заттар

 

Ескертпелер:

1. Аталған топқа:

а) табиғи сағыз немесе 1301 немесе 1302 тауар позициясындағы өсімдік экстракттары;