34-топ
Сабын, беттік органикалық белсенді заттар, жуу заттары, майлау материалдары,
жапсыруға не дайын балауыздар, тазалауға немесе жылтыратуға арналған құрамдар,
балауыз шамдар және ұқсас бұйымдар, жабыстыруға арналған пасталар, пластелин,
«тіс дәрігерлік балауыз» және гипс негізіндегі тіс дәрігерлік құрамдар
Ескертпелер:
1. Аталған топқа:
а) нысандарды майлау үшін қолданылатын жануарлардың немесе
өсімдіктердің тоңмайлары мен майларының негізінде алынған тамақ қоспалары немесе дайын өнімдер (1517 тауар позициясы);
б) белгіленген химиялық құрамның жекелеген қосылыстары; немесе
в) сабын және басқа үстіңгі органикалық беттік белсенді заттардан құралған шампуньдер, тіс тазалауға арналған құралдар, қырынуға арналған кремдер мен кілегейлер және ванна қабылдауға арналған құрамдар (3305, 3306 немесе 3307 тауар позициялары) енгізілмейді.
2. 3401 тауар позициясындағы «сабын» термині суда ерітілетін сабын ретінде түсініледі. Сабын және 3401 тауар позициясындағы басқа өнімдерде қоспалар болуы мүмкін (мысалы, жұқпасыздандыратын құралдар, қыратын ұнтақтар (абразивтік), толтырғыштар немесе дәрілік заттар). Қыратын ұнтақтардан тұратын өнімдер 3401 тауар позициясына кесек, немесе нысандалған бұйым түрінде енгізіледі.
Басқа нысандардағы осы өнімдер 3405 тауар позициясына «тазалағыш ұнтақтар және ұқсас құралдар» ретінде енгізіледі.
3. 3402 тауар позициясындағы «үстіңгі органикалық заттар» 20оС
температурада концентрациясы 0,5 %-дан сумен араласқанда және осы
температурада 1 сағат ұсталатын өнімдер:
а) ерітілмейтін заттардың түсіп қалуынсыз мөлдір немесе жартылай мөлдір сұйықтықты немесе тұрақты эмульсияны береді; және
б) су бетінің керілуін 4,5 х 10-2 Н/м (45 дин/см)-ге дейін немесе одан кем төмендетеді.
4. 3403 тауар позициясында «битуминоздық жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері» термині 27-топқа 2-ескертпеде көрсетілген өнімдерді білдіреді.
5. 3404 тауар позициясында, төменде келтірілген ерекшеліктерді ескере отырып, «жасанды балауыздар мен дайын балауыздар» термині тек:
А) химиялық жолмен алынған, суда еритін немесе ерімейтін балауыз тектес сипаттағы органикалық өнімдерді;
Б) балауыздың әр алуан түрлерін араластырудан алынған өнімдерді;
В) балауыздың бір немесе бірнеше түрінің негізіндегі және тоңмай, шайыр, минералдық заттар және басқа материалдардан тұратын балауыз тектес сипаттағы өнімдерді білдіреді.
Аталған тауар позициясына:
а) егер олар балауыз тектес сипатта бола тұрса да, 1516, 3402 немесе 3823 тауар позицияларының өнімдері;
б) жануарлардан немесе өсімдіктерден алынған, тазартылған немесе тазартылмаған, боялған немесе боялмаған, 1521 тауар позициясының өнімдері;
в) араласқан немесе араласпаған, немесе жай боялған не боялмаған, минералдық балауыздар немесе 2712 тауар позициясының ұқсас өнімдері; немесе
г) сұйық ортамен араластырылған, майдаланған немесе онда ерітілген балауыздар (3405, 3809 және т.б. тауар позициялары) енгізілмейді.
35-топ
Белоктық заттар; өзгертілген крахмалдар;
желімдер; ферменттер
Ескертпелер:
1. Аталған топқа:
а) ашытқылар (2102 тауар позициясы);
б) қан фракциялары (қан сарысуынан бөлінген, терапевтикалық немесе алдын алу мақсаттарына арналмаған альбуминнен басқа), дәрілік заттар және 30-топтың басқа да өнімдері;
в) алдын-ала илеуге арналған ферменттік препараттар (3202 тауар позициясы);
г) сулауға немесе жууға арналған ферменттік препараттар және
34-топтың басқа да өнімдері;
д) қатырылған протеиндер (3913 тауар позициясы) немесе;
е) баспахана өнеркәсібіне арналған желатиннен алынатын өнімдер (49-топ) енгізілмейді.
2. 3505 тауар позициясындағы декстриндер термині құрғақ затта 10 %-дан аспайтын, жойғыш декстроза қанты бар, крахмалды ыдырату өнімдеріне қатысты болады.
Құрамында 10 %-дан астам жойғыш декстроза қанты бар мұндай өнімдер 1702 тауар позициясына енгізіледі.
Қосымша ескертпе:
1. 3504 тауар позициясына құрамында құрғақ өнімге қайта есептегенде 85 салм.%-дан астам белогы бар концентратталған сүт белоктары енгізіледі.
36-топ
Жарылғыш заттар; пиротехникалық бұйымдар; сіріңкелер;
пирофорлық қорытпалар; кейбір жанғыш заттар
Ескертпелер:
1. Аталған топқа төмендегі 2а немесе 2б-ескертпелерде сипатталған қосылыстардан басқа, белгілі бір химиялық құрамының жекелеген қосылыстары енгізілмейді.
2. 3606 тауар позициясындағы «жанғыш материалдардан жасалған
бұйымдар» термині тек мына өнімдерге қолданылады:
а) отын ретінде қолдану үшін нысандарға өлшеніп салынған (мысалы, таблеткалар, таяқшалар немесе ұқсас нысандар) метальдегид,
гексаметилентетрамин және осыған ұқсас заттар; спирт негізіндегі жанармай және ұқсас қатты немесе жартылай қатты дайын отын;
б) темекілік немесе ұқсас оттықтарды толтыру немесе қайта толтыру үшін қолданылатын сыйымдылығы 300 см3 аспайтын контейнерлердегі сұйық немесе сұйытылған газ тәрізді отын; және
в) шайырлық факелдер, фитильдер және ұқсас өнімдер.
37-топ
Фото және кино тауарлары
Ескертпелер:
1. Аталған топқа қалдықтар мен сынықтар енгізілмейді.
2. Аталған топта «фотографиялық» деген термин, фотосезгіш беттерде жарық сәулелері немесе басқа да сәуле шығарғыш әсері арқылы көзге көрінетін тікелей не жанама көрініс алу процесін білдіреді.
Қосымша ескертпелер:
1. Екі лентамен импортталатын (бір лента тек бейнелерден тұрады, екінші лента - дыбыстық) дыбыстық фильмдер жағдайында таспалардың әрқайсысы тиісті тауар позициясына енгізілуге тиіс.
2. Хроникалдық фильмдер (3706 90 510 0 кіші қосалқы позиция)
ұзындығы 300 метрден кем және ағымдағы саяси, спорт, әскери, әдеби,
фольклорлық, туристік, қоғамдық және басқа да оқиғаларды көрсететін
кинотаспаларды білдіреді.