Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі. VI бөлім Химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері

Предыдущая страница

 

 

 

 

38-топ

Өзге де химиялық өнімдер

 

Ескертпелер:

1. Аталған топқа төмендігілер енгізілмейді:

а) жекелеген элементтер немесе белгілі бір химиялық құрамдағы

қосылыстар, бірақ оларға мыналар жатпайды:

1) жасанды графит (3801 тауар позициясы);

2) 3808 тауар позициясында сипатталғандай өлшеніп салынған

инсектицидтер, родетицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өскінге қарсы

құралдар мен өсімдіктердің өсуін реттеушілер, зарарсыздандыратын құралдар мен ұқсас өнімдер;

3) өрт сендіргіштердің зарядтары немесе өрт сөндіру үшін зарядталған гранаталар ретінде қолданылатын құрамдар (3813 тауар позициясы);

4) аталған топтың 2-ескертпесінде көрсетілген, сертификатталған эталондық материалдар;

5) аталған топқа 3а немесе 3в-ескертпелерде көрсетілген тауарлар;

б) тамақ өнімдерін әзірлеу процесінде қолданылатын, қоректік

құндылығы бар, химиялық заттардың тамақ өнімдерімен немесе басқа

заттармен қоспалары (негізінен 3106 тауар позициясы);

в) 26-топтың 3а немесе 3б-ескертпелеріндегі талаптарды

қанағаттандыратын металл, күшән немесе олардың қоспалары бар күл және қалдықтар (шламды қоса алғанда, ағынды сулардың шламынан басқа) (2620 тауар позициясы);

г) дәрілік заттар (3003 немесе 3004 тауар позициясы); немесе

д) қымбат бағалы емес металдарды алу үшін немесе қымбат бағалы емес металдардың химиялық қосылыстарын ендіру үшін қолданылатын, істен шыққан катализаторлар (3620 тауар позициясы); негізінен қымбат бағалы металдарды алу үшін қолданылатын, істен шыққан катализаторлар (7112 тауар позициясы) немесе металдардан не болмаса ұсақталған ұнтақтан немесе қаңқалы катализаторлар түріндегі металдар қорытпаларынан тұратын катализаторлар (XIV немесе XV тарау).

2А. 3822 тауар позициясындағы»сертификатталған эталондық материалдар»термині, сертификатталған материалдардың қасиеттерінің көрсеткіштері келтірілген, сертификатпен жабдықталған эталондық материалдарды, осы көрсеткіштерді, әрбір шаманы өлшеу қателігін анықтау үшін, және талдамалық, калибрлік немесе эталондық мақсаттар үшін жарамды әдістерді білдіреді.

2Б. Эталондық материалдарды жіктеу кезінде 28 немесе 29-топтарының тауарларын қоспағанда, 3822 тауар позициясының Номенклатураның кез келген тауар позициясынан артықшылығы болады.

3. 3824 тауар позициясына, Номенклатураның басқа тауар

позицияларының бір де біреуіне кірмейтін мына тауарлар енгізіледі:

а) кристалдарының әрқайсысының салмағы 2,5 граммнан кем емес,

магний оксидінің немесе сілтілік галогенидтердің не болмаса сілтілік-жерлік металдардың жасанды өсірілген кристалдары;

б) бозғы майы; сүйек қарамайының майы;

в) бөлшек сауда үшін орамдарға өлшеніп салынған, сия дақтарын кетіруге арналған құрамдар;

г) бөлшек сауда үшін орамдарға өлшеніп салынған баспа мәтіндерін түзетуге арналған құрамдар және басқа да түзету сұйықтары; және

д) қыштық, балқығыш пироэлементтер (мысалы, Зегер конусы).

4. Бүкіл Номенклатура бойынша»қала шаруашылығының қалдықтары»

термині үйлерден, қонақ үйлерден, мейрамханалардан, ауруханалардан,

дүкендерден, кеңселерден және т.б. жиналатын қалдықтар, жолдағы және

тротуардағы күл-қоқыс, сонымен қатар құрылыстан және ғимаратты бұзудан қалған қалдықтарды білдіреді. Әдетте, қала шаруашылығының қалдықтары әртүрлі, пластмасса, резеңке, ағаш, қағаз, мата, шыны, тамақ қалдықтары, сынған жиһаз және басқа да бүлінген немесе қажеттілігі болмағаннан шығарып тасталған заттардан тұрады. Бірақ, қала шаруашылығының қалдықтары термині:

а) қалдықтардан бөлінген пластмасса, резеңке, ағаш, қағаз, мата, шыны немесе металдар, істен шыққан батареялар сияқты Номенклатураның тиісті тауар позициясына жататын жеке материалдарға немесе заттарға;

б) өнеркәсіп қалдықтарына;

в) 30-топқа 2-ескертпеде сипатталған, жарамсыз фармацевтикалық

құралдарға; немесе

г) осы топқа 6а-ескертпеде сипатталған клиникалық қалдықтарға

таратылмайды.

5. 3825 тауар позициясындағы ағынды сулардың шламы термині

қалалық кәсіпорындарда ағынды суларды қайта өңдеуден пайда болатын

шламды білдіреді және алдын ала істен шыққан қалдықтарды, шайынды

суларды және тұрақтандырылмаған шламды білдіреді. Егер тұрақтандырылған шлам тыңайтқыш ретінде қолдануға жарамды болған жағдайда, алып тасталады (31-топ).

6. 3825 тауар позициясында»өзге де қалдықтар термині:

а) патогендік және фармацевтикалық заттардан тұратын, зарарсыздандыру бойынша арнайы рәсімдерді талап ететін медицина

саласында, диагностикалық, емдік немесе өзге де медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық рәсімдердің нәтижесінде пайда болған клиникалық қалдықтарды, яғни ластанған қалдықтарды (мысалы, ластанған киім, пайдалануда болған перчаткалар мен шприцтер);

б) істен шыққан органикалық еріткіштерді;

в) металдарды улауға пайдаланылған ерітінділерді, гидравликалық сұйықтықтарды, тежегіш сұйықтары мен антифриздерді; және

г) химиялық және онымен аралас өнеркәсіп салаларының өзге де

қалдықтарын білдіреді.

Бірақ өзге де қалдықтар термині битуминоздық жыныстардан алынған, құрамында негізінен мұнай және мұнай өнімдері бар қалдықтарға таратылмайды (2710 тауар позициясы).

Қосалқы позицияларға ескертпе:

1. 3825 41 және 3825 49 қосалқы позицияларындағы істен шыққан органикалық еріткіштер термині, еріткіштерді қалпына келтіруге арналғандығына немесе арналмағандығына қарамастан, алғашқы өнімдер ретінде осы түрде одан әрі қолдануға жарамсыз, органикалық еріткіштері бар қалдықтар дегенді білдіреді.