Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі. VIII Бөлім Өңделмеген терілер, өңделген былғары, табиғи үлбір және олардан жасалған бұйымдар; қайыс-ер бұйымдары және әбзелдер; жол керек-жарақтары, әйелдер сөмкелері және ұқсас тауарлар; жануарлардың ішектерінен жасалған бұйымдар (жібек көбелегі фиброинынан алынатын талшықтан басқа)

Мазмұнын қара

 

VIII Бөлім
 
Өңделмеген терілер, өңделген былғары, табиғи үлбір және олардан жасалған бұйымдар;
қайыс-ер бұйымдары және әбзелдер; жол керек-жарақтары, әйелдер сөмкелері және
ұқсас тауарлар; жануарлардың ішектерінен жасалған бұйымдар (жібек көбелегі
фиброинынан алынатын талшықтан басқа)
 
41-Топ
Өңделмеген терілер (табиғи үлбірден басқа) және иленген былғары

 

Ескертпелер:

1. Осы топқа мыналар енгізілмейді:

а) өңделмеген терілердің қиығы немесе ұқсас қалдықтары (0511 тауар позициясы);

б) 0505 немесе 6701 тауар позициясындағы құстардың терілері мен олардың бөліктері, қауырсындарымен немесе түбітімен; немесе

в) иленген түгі немесе жүні бар, өңделмеген, иленген терілер (43-топ); алайда ірі қара малдың (буйволды қоса алғанда), жылқылардың, қойлардың немесе қозылардың (астрахандық, құйрықты, қаракөлдік, парсылық немесе ұқсас тұқымдардан басқа, сонымен қатар үнді, қытай, монғол немесе тибет тұқымдарынан басқа), ешкілер мен лақтардың (йемен, монғол немесе тибет тұқымдарынан басқа), шошқалардың (америкалық жабайы пеккари шошқаларын қоса алғанда), таукиіктердің, газельдердің, солтүстік маралдарының, бұғылардың, кербұғылардың, еңліктердің немесе иттердің түктері немесе жүні бар өңделмеген терілері 41-топқа енгізілуі тиіс.

2А. 4104-4106 тауар позицияларына қайта иленуге түскен терілер енгізілмейді (алдын-ала илеуді қоса алғанда) (4101-4103 тауар позициялары нақты жағдайға байланысты).

2Б. 4104-4106 тауар позицияларындағы «краст» термині кептірер алдында илеуге, бояуға немесе майлануға (майды сіңіру) түскен терілерді білдіреді.

3. Бүкіл Номенклатура бойынша «композициялық былғары» термині тек 4115-тауар позициясындағы былғарыны білдіреді.

 

 

42-топ

Былғарыдан жасалған бұйымдар; ер-тұрман бұйымдары

және әбзел; жол керек-жарақтары, әйел сөмкелері және

ұқсас тауарлар; жануарлардың ішектерінен жасалған

бұйымдар (жібек көбелегі фибрионынан алынған

талшықтан басқа)

 

Ескертпелер:

1. Осы топқа енгізілмейтіндер:

а) жік салуға арналған хирургиялық стерильдік кетгут немесе ұқсас стерильдік материалдар (3006 тауар позициясы);

б) табиғи немесе жасанды үлбір астары бар немесе табиғи немесе жасанды үлбірлері сыртына бекітілген киімдер немесе киімге керек-жарақтар (биялайлардан, қолғаптардан және митенкілерден басқа), үлбір тек сыртқы әрлеу болып табылатын жағдайлардан басқа (4303 немесе 4304 тауар позициясы);

в) тордан жасалған дайын бұйымдар (5608 тауар позициясы);

г) 64-топтың бұйымдары;

д) 65-топтағы бас киімдер және олардың бөліктері;

е) қамшылар, өрім талдар немесе 6602 тауар позициясының басқа бұйымдары;

ж) жеңілгектер, білезіктер немесе өзге бижутерия (7117 тауар позициясы);

з) әбзелдің үзеңгілер, ауыздық, металдық фурнитура және ат-тұрман айылбастары секілді жеке ұсынылған бөлшектері мен әрлеулері (негізінен XV бөлім);

и) шектер, барабандарға арналған былғары және музыка аспаптарының ұқсас бұйымдары мен өзге бөліктері (9209 тауар позициясы);

к) 94-топтың бұйымдары (мысалы, жиhаз, шамдар және жарықтандыру жабдықтары);

л) 95-топтың бұйымдары (мысалы, ойыншықтар, ойындар, спорттық мүкәммәл); немесе

м) түймелер, түймешіктер, ілгек-ілмектер, түймелерге арналған нысандар және осы бұйымдардың өзге бөліктері, 9606 тауар позициясының түймелері үшін дайындалған нәрселер.

2А. 1 ескертпе ережелеріне қосымша ретінде, 4202 тауар позициясына енгізілмейтіндер:

а) пластмасса табақтарынан жасалған, таңбаланып басылған бейнесі бар немесе бейнесіз, ұстайтын сабы бар, ұзақ қолдануға арналмаған сөмкелер (3923 тауар позициясы);

б) тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар (4602 тауар позициясы).

2Б. Қымбат металмен жалатылған, қымбат металдың немесе металдың бөліктері бар, табиғи немесе өсірілген інжудің, қымбат немесе жартылай қымбат тастардың бөліктері бар 4202 және 4203 тауар позициясының бұйымдары, бұндай бөліктер өздігінен аз-маз әрлеу бөлшектері немесе шағын әшекей болып табылғанның өзінде, бұйымның негізгі сипатын өзгертпеген жағдайда осы тауар позицияларына енгізіледі. Олай болмаған жағдайда көрсетілген бұйымдар 71-топқа енгізіледі.

3. 4203 тауар позициясында»киім заттары және киім керек-жарақтары»термині inter alia, сағатқа арналған белдікшелерден басқа (9113 тауар позициясы) биялайлар, қолғаптар және митенкілер (спорттық немесе қорғаныс заттарды қоса алғанда), алжапқыштар және басқа да қорғаныс киімдерін, қатайтқыштарды, белбеулерді, оқшантай белдіктерді және напульсниктерді білдіреді.

Қосымша ескертпе:

1. 4202 тауар позициясының қосалқы позициясында»үстіңгі жақ беті»терминін егер, бұл материал бұйымның көзге түсетін материалынан тұратын материалдардың комбинациясының үстіңгі жақ беті болып табылса, жай қарағанның өзінде көрінетін бұйымның үстіңгі жақ бетіндегі материалға жатқызу қажет.

 

 

43-топ

Табиғи және жасанды үлбір; одан жасалған бұйымдар

 

Ескертпелер:

1. Бүкіл Номенклатура бойынша табиғи үлбір термині 4301 тауар позициясындағы иленген үлбір терілерден басқа, барлық жануарлардың жүні бар немесе жүні жоқ иленген терілеріне қолданылады.

2. Осы топқа мыналар:

а) құстардың терілері мен олардың бөліктері, қауырсындарымен немесе түбітімен; (0505 немесе 6701 тауар позициясы);

б) 41-топтың түгі немесе жүні бар өңделмеген терілер (осы топтың 1в-ескертпесін қараңыз);

в) былғарыдан жасалған табиғи немесе жасанды үлбірегі бар биялайлар, қолғаптар және митенкілер (4203 тауар позициясы);

г) 64-топтың бұйымдары;

д) 65-топтың бас киімдері немесе олардың бөліктері;

е) 95-топтың бұйымдары (мысалы, ойыншықтар, ойындар, спорттық мүкәммәл) енігізілмейді.

3. 4303 тауар позициясына басқа материалдармен біріктірілген иленген үлбірлік терілер және олардың бөліктері, киім түрінде немесе оның бөлігі немесе керек-жарағы ретінде онымен бірге тігілген, басқа бұйым түрінде тігілген, иленген үлбірлік терілер және олардың бөліктері енгізілмейді.

4. Табиғи немесе жасанды үлбір астары бар, немесе табиғи не жасанды үлбірлері сырт жағына бекітілген киім заттары және киімге арналған керек-жарақтар (жоғарыда 2-ескертпеде айтылғандардан басқа), үлбір тек әрлеу болып табылатын жағдайлардан басқа, нақты жағдайға байланысты 4303 немесе 4304 тауар позицияларына енгізіледі.

5. Бүкіл Номенклатура бойынша жасанды үлбір термині табиғи үлбірдің мата немесе тоқыма имитацияларынан басқа (негізінен 5801 немесе 6001 тауар позициясы), былғарыға, матаға немесе басқа материалдарға жапсырылып, жүннен, түктен немесе өзге талшықтардан табиғи үлбірдің кез келген имитациясын білдіреді.