Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі. IX бөлім Сүрек және одан жасалған бұйымдар; сүрек көмірі; тығын және одан жасалған бұйымдар; сабаннан, альфадан немесе тоқуға арналған өзге материалдардан жасалған бұйымдар; себеттік және басқа да тоқыма бұйымдар

Предыдущая страница

 

 

45-топ

Тығын және одан жасалған бұйымдар

Ескертпе:

1. Бұл топқа мыналар енгізілмейді:

а) 64-топтағы аяқкиім немесе аяқкиім бөліктері;

б) 65-топтағы бас киімдер немесе олардың бөліктері; немесе

в) 95-топтағы бұйымдар (мысалы, ойыншықтар, ойындар, спорттық мүкәммәл).

 

 

 

46-топ

Сабаннан жасалған бұйымдар, альфалар немесе тоқу үшін өзге де материалдар;

себет бұйымдар және тоқылатын бұйымдар

 

Ескертпелер:

1. Бұл топтағы»тоқу үшін материалдар термині тоқу, қайта тоқу немесе осыған ұқсас процестер үшін жарамды болатын түрдегі немесе жағдайдағы материалдарды білдіреді; бұл материалдарға сабандар, тал шыбықтары, бамбук, құрақ, қамыс, сүрек жолақшалары, өзге де өсімдік материалдарының жолақтары (мысалы, қабық жолақтары, жіңішке жапырақтар мен рафия немесе жалпақ жапырақтардан кесілген жолақтар), иіруге ұшырамаған табиғи тігу талшықтары, моножіп және жолақтар немесе таспа және пластмассадан жасалған ұқсас нысандар және қағаздан жасалған жолақтар немесе таспалар, табиғи теріден немесе композициялық теріден жасалған жолақтар немесе таспалар емес, киіз немесе фетр немесе тігілмеген материалдар, адамның

шашы, жылқының қылы, тоқыған немесе иірілген қатар немесе моножіп және 54-топтың жалпақ жібі мен ұқсас жіптерін білдіреді.

2. Бұл топқа мыналар енгізілмейді:

а) 4814 тауар позициясының үстел үсті жамылғылары;

б) өрілген немесе өрілмеген (5607 тауар позициясы) жіңішке арқандар, арқандар, жуан арқандар немесе тростар;

в) аяқ киім немесе бас киімдер немесе 64 және 65-топтағы олардың бөліктері;

г) көлік құралдары немесе тоқу үшін жасалған материалдардан көлік құралдары үшін шанақ (87-топ); немесе

д) 94-топ бұйымдары (мысалы, жиһаз, шамдар және жарық беретін жабдықтар).

3. 4601 тауар позициясындағы»тоқу үшін материалдар, қатар иіруге байланысты тоқу үшін материалдардан жасалған тоқылған және ұқсас бұйымдар»термині тоқу үшін жасалған, тоқылған материалдарды және тоқу үшін материалдардан жасалған, қатар орналасқан және байланыста бірлескен, оларды қосу үшін иіруге ұшырайтын тоқу материалдары пайдаланылатынына немесе пайдаланбайтынына қарамастан, жапырақтар нысанындағы ұқсас бұйымдарды білдіреді.

 

 

 

Мазмұнын қара