Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі. Х бөлім Сүректен немесе басқа да талшықты целлюлоза материалдарынан жасалған масса; қалыпқа түсірілетін қағаздар немесе картон (макулатура және қалдықтар); қағаз, картон және олардан жасалған бұйымдар

Мазмұнын қара

 

Х бөлім
 
Сүректен немесе басқа да талшықты целлюлоза материалдарынан
жасалған масса; қалыпқа түсірілетін қағаздар немесе картон
(макулатура және қалдықтар); қағаз, картон және олардан жасалған
бұйымдар
 
47-топ
Сүректен немесе басқа да талшықты целлюлоза материалдарынан
жасалған масса; қалыпқа түсірілетін қағаздар немесе картон
(макулатура және қалдықтар)

 

Ескертпе:

1. 4702 тауар позициясында "сүректен жасалған целлюлоза, еритін сұрып" деген термин құрамы 92 салм.% сүректен жасалған целлюлозаны немесе одан да асатын натрондық немесе сульфаттық целлюлоза үшін немесе 88 салм.%-ы немесе одан да асатын -20 0С температура кезінде құрамында 18% натрий гидроксиді (NаОН) бар және құрамында сульфиттік целлюлоза үшін 0,15 салм.%-дан аспайтын күл бар каустикалық сода ерітіндісінде 1 сағат бойы ұсталғаннан кейін ерімейтін фракцияны білдіреді.

 

 

 

 

48-топ

Қағаз және картон; қағаз салмағынан, қағаздан немесе

картоннан жасалған бұйымдар

 

Ескертпелер:

1. Аталған топта, егер мәтінде өзгедей түсіндірілмесе, «қағаз» термині (қалыңдығына немесе салмағына 1м2 қарамастан) картонға да қолданылады.

2. Аталған топқа:

а) 30-тобының бұйымдары;

б) 3212 тауар позициясын мәнерлеуге арналған фольга;

в) хош иістендірілген қағаз немесе иіс сіңдірілген немесе косметикалық заттармен қапталған қағаз (33-топ);

г) сіңдірілген немесе сабынмен немесе жуу құралдарымен (3401 тауар позициясы) немесе жылтырату заттарымен, кремдермен немесе ұқсас заттармен (3405 тауар позициясы) қапталған қағаз немесе целлюлозды мақта;

д) 3701-3704 тауар позицияларындағы жарықсезгіш қағаз немесе картон;

е) диагностикалық немесе зертханалық реагент (3822-тауар позициясы) сіңген қағаз;

ж) қағазбен толтырылған қабатты парақ пластмасса немесе бір қабаты қағаз немесе картон пластмасса қабатымен жабылған, 4814 (39-тобы) тауар позициясындағы қабырға жабатындарды қоспағанда, егер соңғысы материалдың барлық қалыңдығының жартысынан көбін құраса, мұндай материалдардан жасалған бұйымдар:

з) 4202 тауар позициясының (мысалы, жол жабдықтары) бұйымдары;

и) 46-топ бұйымдары (тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар);

к) қағаз жіп немесе олардан жасалған тоқыма бұйымдары (XI бөлім);

л) 64 немесе 65-топтарының бұйымдары;

м) түрпіленген қағаз немесе картон (6805 тауар позициясы) немесе қағаз немесе картон негізіндегі слюда (қабатас) (6814 тауар позициясы) (алайда, слюдалық ұнтақпен жабылған қағаз және картон осы топқа кіреді);

н) қағаз немесе картон негізіндегі металл фольга (ХҮ бөлім);

о) 9209 тауар позициясының бұйымдары; немесе

п) 95-топтың (мысалы, ойыншықтар, ойындар, спорттық заттар) немесе 96-топтарындағы (мысалы, түймелер) бұйымдары енгізілмейді.

3. Аталған топқа 7-ескертпенің ережелері сақталған жағдайда, 4801-4805-тауар позициясына сулану белгісімен немесе бетінен желім жағылып жылтыратылған немесе ұқсас өңдеумен кәмшаттауға, асыра кәмшаттауға ұшыраған қағаз және картон, сондай-ақ кез келген тәсілмен барлық масса бойынша мәрмәрға ұқсастырылып боялған немесе өңделген целлюлоза талшықтарынан жасалған жайма және целлюлоза мақтасы, кағаз, картон кіреді. 4803 тауар позициясында ерекше келісілгендерді қоспағанда, бұл тауар позициясына өзге де өңдеуден өткен қағаз, картон, целлюлоза мақтасы немесе целлюлоза талшығынан жасалған жайма кірмейді.

4. Осы топта»газет қағазы термині, құрамында механикалық немесе химиялық-механикалық тәсілмен алынған, желімделген немесе өте аз желімделген, әрбір парағының беткі жағы бұдырлы болып келген, Parker Print Surf (1 МПа) аппаратында өлшенген, 2,5 мкм (микрон) асатын, салмағы 40 г кем емес 1 м2-ден бірақ 65 г-нан аспайтын талшықтың жалпы салмағынан 65 %-дан кем емес сүргілік талшығы бар баспа газеті үшін пайдаланылатын борланбаған қағазды білдіреді.

5. 4802 тауар позициясындағы «хат, баспа немесе басқа графикалық мақсат үшін пайдаланылатын қағаз және картон» және «перфорацияланбаған карталар және перфорацияланған қағаз таспалар» термині механикалық немесе химиялық-механикалық тәсілмен алынған ағартылған масса немесе массадан басты негізде жасалған және мынадай өлшемдердің кез келгенін қанағаттандыратын қағазды және картонды білдіреді:

Салмағы 150 г-нан аспайтын 1 м2 қағаз немесе картон үшін:

а) механикалық немесе химикалық-механикалық тәсілмен алынған талшық құрамы 10 %-дан немесе одан да көп, және

1) салмағы 80 г-нан аспайтын 1 м2, немесе

2) боялған массада; немесе

б) күлдігі 8 %-дан артық, және

1) салмағы 80 г. аспайтын 1 м2, немесе

2) боялған массада; немесе

в) күлдігі 3 %-дан астам және ағартқыш 60 %-дан немесе артық; немесе

г) күлдік 3 %-дан астам бірақ 8 %-дан аспайтын, ағартқыш кемінде 60 %-дан және таптау индексі кемінде немесе 2,5 кПа м2/г тең; немесе

д) күлдік 3 %-дан немесе аз, ағартқыш 60 %-дан немесе көп және таптау индексі кемінде немесе 2,5 кПа м2/г тең;

Салмағы 150 г 1 м2 көп қағаз немесе картон үшін:

а) боялған массада; немесе

б) ағартылуы 60 %-дан немесе одан да көп, және

1) қалыңдығы 225 мкм (микрон) немесе аз, немесе

2) қалыңдығы 225 мкм (микрон), бірақ 508 мкм (микрон) көп емес және күлі 3 %-дан көп; немесе

в) ағартылуы 60 %-дан аз, қалыңдығы 254 мкм (микрон) немесе аз және күлі 8 %-дан көп.

Алайда, 4802-тауар позициясына жабын картондарына арналған қағаз-негіздегі немесе картон-негіздегі сүзгіш қағаз немесе картон (шай шығару үшін пакеттерге арналған қағаздарды қоса) енгізілмейді.

6. Аталған топта»крафт-қағаз және краф-картон термині химиялық сульфат немесе натрон тәсілімен алынған, талшықтың жалпы салмағының 80 %-дан кем емес талшықты құрайтын қағазды және картонды білдіреді.

7. Тауар позицияларында ерекше келісілгендерді қоспағанда, 4801-ден 4811-ге дейінгі екі немесе одан да көп тауар позицияларына енгізілуі мүмкін болатын қағаз, картон, целюллоза мақтасы және целюллоза талшығынан жасалған жайма аталған тауар позицияларының ішінде кодтардың өсу тәртібіндегі соңғы тауар позициясына енгізіледі.

8. 4801 және 4803-4809-тауар позицияларына тек қағаз, картон,

целлюлоза мақтасы және мынадай целюллоза талшығынан жасалған жайма

енгізіледі:

а) жолақтарда немесе таспаларда немесе ені 36 см-ден көп орамдардағы; немесе

б) бір жақ беті 36 см көп, ал екінші жағы - жазылған күйде 15 см-ден көп төрт бұрышты (квадраттарды қоса) парақтардағы.

9. 4814-тауар позициясындағы«тұсқағаз және ұқсас қабырға

жабындылары»термині тек:

а) қабырғаларды немесе төбені сәндеуге арналған ені 45-ден см кем емес және 160 см артық болмайтын:

і) түйіршікті өрнектелген, бедерлі суретпен, үстіңгі беті боялған, баспа суретімен немесе үстіңгі беті өзге тәсілдермен сәндендірілген (мысалы, тоқыма түктерімен), қорғаныс қабаты мөлдір пластмассамен жабылған немесе жабылмаған;

іі) сүректік, сабанның және т.б. бөлшектерінің қатысуымен пайда болған үстіңгі беті бұдырлы;

ііі) оң жақ беті пластмассамен жабылған, әрі бұл қабаттың түйіршікті өрнегі, бедерлі суреті, бояуы баспа суреті болады; немесе

іv) оң жақ беті тоқуға, параллель тоқуда біріктірілген немесе біріктірілмеген немесе мата немесе мата емес материалдармен жабылған орамдағы қағазды;

б) қабырға немесе төбелерді сәндеуге арналған орамдардағы немесе орамдардағы емес жоғарыда көрсетілген тәсілдермен өңделген қағаздан жасалған ернеулер мен әшекей бедерлерді;

в) бірнеше панелден дайындалған рулондардағы немесе парақтардағы қағаздан жасалған, пейзаждың орнына қабырғада суретті немесе оюды құрайтын қабырғалық жабындыларды ғана білдіреді.

Қабырға жабындылары және, сондай-ақ еденге, арналған жабынды ретінде де пайдалану үшін жарамды қағаз немесе картон негізінде жасалған бұйымдар 4815 тауар позициясына кіреді.

10. 4820 тауар позициясына басылған немесе басылмаған, өрнектелген немесе өрнектелмеген, перфорацияланған немесе перфорацияланбаған, мөлшері бойынша кесілген жеке парақтар немесе карталар кірмейді.

11. 4823 тауар позициясына жаккардалық немесе ұқсас машиналарға арналған перфорацияланған қағаз немесе картонды перфокарттар және қағаз шілтер inter alia кіреді.

12. 4814 немесе 4821 тауар позициясына кіретін бұйымдарды қоспағанда, бұйымның негізгі тағайындалуына сәйкеc келетін басылған оюлары, суреттері және бейнелері бар қағаз, картон, целлюлоза мақтасы және олардан жасалған бұйымдар 49-топқа енгізіледі.

Қосалқы позицияларға ескертпелер:

1. 4804 11 және 4804 19 қосалқы позицияларындағы "крафт-лайнер"»термині рулондарда берілетін, талшықтың жалпы салмағының кемінде 80 %-ы химиялық сульфат немесе натрон тәсілімен алынған сүрек талшықтары құрайтын машина тәсілімен әрленген немесе жылтыратылған қағазды және картонды білдіреді. Мұндай бұйымдардың 1 м2 салмағы 115 г асады және Мюллен бойынша басылудың ең аз кедергісі төмендегі кестенің мәндеріне сәйкес келеді. 1 м2 массаның өзге мәндерінде басу кедергісі желілік интерполяция немесе экстраполяция жолымен анықталады.

 

 

2. 4804 21 және 4804 29 қосалқы позицияларындағы

«крафт-қапшықтық қағаз» термині талшықтың жалпы салмағының кемінде 80 % талшығы бар орамды құрайтын, химиялық сульфат немесе натрон тәсілімен алынған, машиналық әрлеу қағазын білдіреді, бұл қағаздың 1 м2-ның салмағы кемінде 60 г және 115 г-ды құрайды; бұл қағаз төменде келтірілген шарттардың бірін қанағаттандыруы тиіс:

а) Мюллен бойынша кемінде 3,7 кПа м2/г басу индексінің, созылу коэффициентінің көлденең бағытта 4,5 %-дан астам, ұзындық бағытта 2%-дан астам болуы;

б) төменде келтірілген кестеде көрсетілген шамаға сәйкес келетін сыпырылу мен үзілуге төзімділікке ең аз кедергісінің болуы, ал 1 м салмағының басқа мәндерінде олар желілік интерполяция әдісімен анықталады:

 

 

 

3. 4805 11 қосалқы позициясындағы «жартылай целлюлозадан жасалған гофрирлеуге арналған қағаз» термині талшықтың жалпы салмағының 65%-нан кем емес мөлшерін жартылай химиялық тәсілмен алынған жапырақты сүректің ағартылмаған талшығы құрайтын орамдардағы қағазды білдіреді, бұл қағаздың СТМ 30 (30 минуттық ұстау кездегі Corrugated Medium Test) әдісі бойынша өлшенген басылу кедергісі 50% тиісті ылғалдылық пен 230С температура кезінде 1,8 Н м2/г асады.

4. 4805 12 қосалқы позициясына жартылай химиялық тәсілмен алынған 1 м2-ның салмағы 130 г немесе одан астам болатын, негізінен сабанды целлюлозадан дайындалған орамдардағы қағаз енгізіледі, бұл қағаздың СТМ 30 (30 минуттық ұстау кездегі Corrugated Меdium Теst) әдісі бойынша өлшенген басылу кедергісі 50% тиісті ылғалдылық пен 230С температура кезінде 1,4 Н м2/г асады.

5. 4805 24 және 4805 25 қосалқы позициялары толығымен немесе негізінен қайта өңделген қағаздар мен картоннан (макулатура мен қалдықтардан) алынған қағаз бен картонды қамтиды. Тест-лайнердің сол сияқты боялған қағаздан немесе ағартылған немесе ағартылмаған қайта өңдеу салмағынан алынған үстіңгі қабатының болуы мүмкін. Мұндай бұйымдардың кемінде 2 кПа м2/г Мюллен бойынша басу индексі болады.

6. 4805 30 қосалқы позициясындағы «сульфитты орам қағазы» термині талшықтың жалпы салмағының 40%-дан астатын құрамында 8%-дан

аспайтын күлі және кемінде 1,47 кПа м2/г Мюллен бойынша қысу индексі бар химиялық сульфит тәсілімен алынған сүректі талшық құрайтын машиналық тәсілмен жылтыратылған қағазды білдіреді.

7. 4810 22 қосалқы позициясындағы "жеңіл салмақты борланған қағаз" термині 1 м2-ның жалпы салмағы 72 г аспайтын, әрі әрбір үстіңгі бетіндегі жабу қабатының 1 м2-ның жалпы салмағы 15 г аспауы тиіс болатын және талшықтың жалпы салмағының кем дегенде 50 % механикалық тәсілмен алынған сүрек талшығы құрайтын екі жағынан да борланған қағазды білдіреді.