ХII бөлім
Аяқ киімдер, бас киімдер, қолшатырлар, күннен
қорғайтын шатырлар, таяқтар, таяқ-орындықтар, шыбыртқылар,
қамшылар мен олардың бөліктері; өңделген қауырсындар мен
олардан жасалған бұйымдар; жасанды гүлдер; адам шашынан жасалған бұйымдар
64-топ
Аяқ киімдер, гетралар мен оған ұқсас бұйымдар;
олардың бөліктері
Ескертпелер:
1. Аталған топқа мыналар:
а) аяқ табандарына арналған біржолғы сыртқаптар немесе ұлтан жапсырылмаған ұзаққа төзбейтін материалдардан (мысалға, қағаздар, пластмассадан жасалған қабыршық) жасалған аяқ киімдер. Бұл тауарлар оларды құрайтын материалдарға сәйкес жіктеледі;
б) сыртқы ұлтансыз, аяқ киімнің қонышына басқа әдіспен желімделген, жапсырып тігілген немесе бекітілген тоқыма материалдан жасалған аяқ киімдер (ХІ тарау);
в) 6309 тауар позициясының бұрын тұтынылған аяқ киімдері;
г) асбесттен жасалған бұйымдар (6812 тауар позициясы);
д) ортопедиялық аяқ киімдер немесе басқа да ортопедиялық жабдықтар, немесе олардың бөліктері (9021 тауар позициясы); немесе
е) ойыншық аяқ киімдер немесе мұз немесе роликті конькилер бекітілген бәтеңкелер; тізеге арналған қорғаныш қалқаншалар немесе осыған ұқсас спорттық қорғаныш құралдары (95 топ) енгізілмейді.
2. 6406 тауар позициясындағы»бөліктер»атауы шегелерді, қорғаныштарды, тұзақтарды, ілмектерді, тоғаларды, әшекейлерді, таспаларды, бауларды, домалақ шашақтарды немесе басқа да (тиісті тауар позицияларына енетін) өңделген бөлшектерді немесе түймелерді немесе 9606 тауар позициясының басқа да тауарларын қамтымайды.
3. Аталған топта:
а) «резеңке» мен «пластмасса» атауы жай көзге көрінетін сыртқы резеңке немесе пластмасса қабаты бар маталарды немесе басқа тоқыма материалдарын да білдіреді, бұл ретте қандай да бір кейіннен түсінің өзгеруі назарға алынбайды; және
б) «тері» атауы 4107, 4112-4114 тауар позицияларының бұйымдарына қатысты.
4. Осы топқа 3-ескертпедегі ережені сақтау шарты жағдайында:
а) аяқ киімнің қонышына арналған материал деп, штафиркалар, кәсектер, сәндік бөлшектер, тоғалар, тұзақтар, блочкалар немесе осыған ұқсас жабдықтар сияқты аксессуарларды немесе күшейткіш бөлшектерді есепке алмағанда, сыртқы бетінде неғұрлым үлкен орын бар материалдар есептеледі;
б) аяқ киімнің ұлтаны дайындалған негізгі материал деп, тікенектер, құрсаулар, шегелер, қорғаныштар немесе осыған ұқсас элементтер сияқты аксессуарларды немесе күшейткіш бөлшектерді есепке алмағанда, жермен жанасатын сыртқы бетінде неғұрлым үлкен орын бар материалдар есептеледі;
Қосалқы позицияларға ескертпелер:
1. 6402 12, 6402 19, 6403 12, 6403 19 және 6404 11 қосалқы позициялардағы "спорттық аяқ киімдер" атауы тек қана мыналарды білдіреді:
а) спортпен айналысуға арналған және тікенектері, штифтері, тежегіштері, қысқыштары, құсаулар мен соған ұқсас жабдықтары бар немесе тікенектерді, штифтерді, тежегіштерді, қысқыштарды, құрсауларды және осыған ұқсас жабдықтарды бекітуге арналған құралдары бар аяқ киімдер;
б) конькилерге арналған бәтеңкелер, шаңғы бәтеңкелері мен жарыс шаңғы аяқ киімі, сноубордқа арналған бәтеңкелер, спорттық күреске, бокс пен велоспортқа арналған аяқ киімдер.
Қосымша ескертпелер:
1. 4а ескертпедегі "күшейткіш бөлшектер" атауы төзімділік беру үшін жоғарғы жақтың сыртқы бетіне бекітілген, ұлтанға жалғастырылған немесе жалғастырылмаған материалдардың барлық кесектерін (мысалға, пластмассалар немесе терілер) білдіреді. Күшейткіш бөлектері алынып тасталғаннан кейін көрінетін материал, астардың емес, қоныштың сипаттамасына ие болуға тиіс.
Қоныш туралы шешім қабылдаған кезде аксессуарлармен немесе күшейткіш бөлшектермен жабылған секцияларға есеп жүргізілуге тиіс.
4б ескертпені қолдану кезінде жіктеу мақсатында ұлтан ретінде пайдалану үшін әдеттегі талап етілетін (мысалға, беріктігі, ұзаққа төзімділігі және т.б.) қасиеттері жоқ тоқыма материалының бір немесе одан да көп қабаттары назарға алынбайды.