Мазмұнын қара
XIII бөлім
Тастан, гипстен, цементтен, асбесттен, слюдадан немесе керамикалық бұйымдар; ұқсас
материалдардан жасалған бұйымдар; шыны және одан жасалған бұйымдар
(2007.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
68-топ
Тастан, гипстен, цементтен, асбесттен, слюдадан
немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар
Ескертпелер:
1. Аталған топқа:
а) 25-топтың тауарлары;
б) 4810 немесе 4811 тауар позициясының сіңіріндісі бар немесе жағындысы бар қағаз немесе картон (мысалы, слюда немесе графит ұнтағы жағылған, битумдалған немесе асфальтталған қағаз бен картон);
в) 56 немесе 59 топтардың сіңіріндісі бар немесе жағындысы бар тоқыма маталар (мысалы, слюда ұнтағы жағылған, битумдалған немесе асфальтталған мата);
г) 71-топтың бұйымдары;
д) 82-топтың аспаптары немесе олардың бөліктері;
е) 8442 тауар позициясының литографиялық тастары;
ж) электр оқшаулағыштары (8546 тауар позициясы) немесе 8547 тауар позициясының оқшаулағыш материалдардан жасалған арматурасы;
з) тіс боры (9018 тауар позициясы);
и) 91-топтың бұйымдары (мысалы, өзімен немесе тағып алып жүруге арналмаған сағаттар және олардың корпустары);
к) 94-топтың бұйымдары (мысалы, жиhаз, шамдар және жарықтандырғыш құралдар, құрама құрылыс конструкциялары);
л) 95-топтың бұйымдары (мысалы, ойыншықтар, ойындар және спорт мүкәммалы);
м) 96-топтың 2б ескертпесінде көрсетілген материалдардан дайындалған бұйымдар немесе 9606 (мысалы, түймелер), 9609 (мысалы, қарындаштардың грифельдері) немесе 9610 (мысалы, грифель тақтайлар) тауар позицияларының бұйымдары; немесе
н) 97-топтың бұйымдары (мысалы, өнер шығармалары) енгізілмейді.
2. 6802 тауар позициясындағы "ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас" термині 2515 немесе 2516 тауар позицияларындағы әр түрлі тастарды ғана емес, сланецті қоспағанда, ұқсас үлгіде өңделген табиғи тастың барлық басқа түрлерін (мысалы, кварцит, кремень, доломит және стеатит) білдіреді.
ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 630 Қаулысымен өзгеріс енгізілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
69-топ
Қыш бұйымдар
Ескертпелер:
1. Аталған топқа тек пішінделгеннен кейін күйдіруге ұшыраған қыш бұйымдар ғана енгізіледі. 6904-6914 тауар позицияларына тек 6901-6903 тауар позицияларына енгізілмейтін бұйымдар ғана кіреді.
2. Аталған топқа:
а) 2844 тауар позициясының тауарлары;
б) 6804 тауар позициясының бұйымдары;
в) 71-топтың бұйымдары (мысалы, бижутерия);
г) 8113 тауар позициясының металл қышы;
д) 82-топтың бұйымдары;
ж) жасанды тістер (9021) тауар позициясы;
e) электр оқшаулағыштары (8546 тауар позициясы) немесе 8547 тауар позициясының оқшаулағыш материалдарынан жасалған арматура;
з) 91-топтың бұйымдары (мысалы, өзімен немесе тағып алып жүруге арналмаған сағаттар және олардың корпустары);
и) 94-топтың бұйымдары (мысалы, жиhаз, шамдар және жарықтандырғыш құралдар, құрама, құрылыс конструкциялары);
к) 95-топтың бұйымдары (мысалы, ойыншықтар, ойындар және спорт мүкәммалы);
л) 9606 (мысалы, түймелер) немесе 9614 (мысалы, темекі шегу түтікшелері) тауар позицияларының бұйымдары; немесе
м) 97-топтың бұйымдары (мысалы, өнер туындылары) енгізілмейді.
70-топ
Шыны және одан жасалған бұйымдар
Ескертпелер:
1. Аталған топқа:
а) 3207 тауар позициясының тауарлары (мысалы, шыны түріндегі эмальдар және зертастар, шыны түріндегі фритта, ұнтақтағы, түйіршіктегі немесе үлпектегі өзге де шыны);
б) 71-топтың бұйымдары (мысалы, бижутерия);
в) 8544 тауар позициясының талшық-оптикалық кабельдері, электр оқшаулағыштары (8546 тауар позициясы) немесе 8547 тауар позициясының оқшаулағыш материалдарынан жасалған арматура;
г) оптикалық талшықтар, оптикалық өңделген оптикалық элементтер, тері асты инъекцияларына арналған шприцтер, жасанды көздер, термометрлер, барометрлер, гидрометрлер немесе 90-топтың басқа да бұйымдары;
д) шамдар немесе жарықтандырғыш жабдықтар, жарықтық маңдайша жазулары, аты немесе атауы немесе мекен-жайы жазылған жарықтық табличкалар немесе кіріктірілген жарық көзі немесе олардың бөліктері бар 9405 тауар позициясының ұқсас бұйымдары;
е) ойыншықтар, ойындар, спорт мүкәммалы, жаңа жылдық шырша әшекейлері немесе 95-топтың басқа да тауарлары (қуыршақтарға арналған тетіктерсіз шыны көздерді немесе 95-топтың өзге де бұйымдарын қоспағанда); немесе
ж) түймелер, құрастырылған түрдегі вакуум ыдыстары, тозаңдатқыштар немесе ұқсас бүріккіштер немесе 96-топтың өзге де бұйымдары енгізілмейді.
2. 7003, 7004 және 7005 тауар позицияларында:
а) оның жасатуға дейін қандай процеске ұшырағандығына қарамастан, шыны "өңделген" болып саналмайды;
б) шыны кесіндісі нысаны бойынша өзінің беттік шыны ретіндегі жіктелуін өзгертпейді;
в) "жұтқыш, шағылыстырғыш немесе шағылыстырмайтын қабат" термині мысалы, инфрақызыл сәулені жұтатын немесе бұл орайда оның жылтырлық немесе өткізгіштік дәрежесін сақтай отырып шынының шағылысу қабілетін жақсартатын; немесе шыны бетінен жарықтың шағылысуына кедергі келтіретін металмен немесе химиялық қосылыспен (мысалы, металл оксидімен) микроскопиялық жұқа қаптауды білдіреді.
3. 7006 тауар позициясына енгізілетін бұйымдар оған олардың дайын бұйымдар сипаты болған кезде енгізіледі.
4. 7019 тауар позициясындағы «шынымақта» термині:
а) құрамында 60 салм.%-дан кем емес кремний оксиді (SiO2) бар минералды мақтаны;
б) құрамында 60 салм.%-дан кем емес кремний оксиді (SiO2), 5 салм.%-дан астам сілтілік металл оксиді (K2O немесе N2О) немесе 2 салм.%-дан астам бор оксиді бар минералды мақтаны білдіреді.
Минералды мақтаның басқа түрлері 6806 тауар позициясына енгізіледі.
5. Бүкіл Номенклатурада "шыны" термині қорытылған кварц пен басқа да қорытылған кремнеземді білдіреді.
Қосалқы позицияларға ескертпелер:
1. 7013 21, 7013 31 және 7013 91 қосалқы позицияларындағы «қорғасын хрусталі» термині тек құрамында 24 салм.%-дан кем емес қорғасын монооксиді (PbO) бар шыныны ғана білдіреді.