ХІV бөлім
Табиғи немесе қопсытылған інжу, қымбат бағалы немесе жартылай қымбат
бағалы тастар, қымбат бағалы металдар, қымбат бағалы металл жалатылған
металдар және олардан жасалған бұйымдар; бижутерия; тиындар
71-топ
Табиғи немесе қопсытылған інжу, қымбат бағалы немесе
жартылай қымбат бағалы тастар, қымбат бағалы металдар,
қымбат бағалы металл жалатылған металдар және олардан
жасалған бұйымдар; бижутерия; тиындар
Ескертпелер:
1. Аталған топқа VІ бөлімге 1-қосымшаның ережелері және төменде көрсетілген ерекшеліктер сақталған жағдайда аталған топқа толығымен немесе ішінара:
а) табиғи немесе қопсытылған інжуден жасалған немесе қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастардан жасалған (табиғи, жасанды немесе өзгертілген); немесе
б) қымбат бағалы металдар жалатылған, қымбат бағалы металдардан немесе металдардан жасалған барлық бұйымдар енгізіледі.
2а. 7113, 7114 және 7115 тауар позицияларына қымбат бағалы металл немесе қымбат бағалы металл жалатылған металл ұсақ фурнитура немесе екінші дәрежедегі әрлеу сияқты (мысалы, монограммалар, тоғыншалар және шеттіктеулер) тек екінші дәрежелі құрамдастар ретінде ғана қатысатын бұйымдар енгізілмейді, және 1-қосымшаның (б) бөліміндегі ережелер осы бұйымдарға таратылмайды.
2б. 7116 тауар позициясына қымбат бағалы металдардан немесе қымбат бағалы металдар жалатылған металдардан тұратын бұйымдар енгізілмейді (ұсақ құрамды бөліктерден басқа).
3. Аталған топқа:
а) қымбат бағалы металдардың амальгамдары немесе коллоидтық күйдегі қымбат бағалы металдар (2843 тауар позициясы);
б) хирургиялық тігістер салуға арналған стерильдік материалдар, тістерді пломбалауға арналған материалдар немесе 30-топтың басқа да тауарлары;
в) 32-топтың тауарлары (мысалы, жалтырақтар);
г) тасымалдаушылардағы катализаторлар (3815 тауар позициясы);
д) 4202 немесе 4203 тауар позициясындағы бұйымдар (42-топтың 2Б-қосымшасын қараңыз);
е) 4303 немесе 4304 тауар позициясындағы бұйымдар;
ж) XІ бөлімдегі тауарлар (тоқыма материалдар мен тоқыма бұйымдар);
з) аяқ киім, бас киім немесе 64 немесе 65-топтың өзге де бұйымдары;
и) қол шатырлар, таяқтар немесе 66-топтың өзге де бұйымдары;
к) 6804 немесе 6805 тауар позициясындағы құрамында қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастардың түйірлері немесе ұнтақтары бар жемірлік материалдар (табиғи немесе жасанды); жұмыс бөлігі қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастардан (табиғи, жасанды немесе өзгертілген) тұратын 82-топқа енгізілген бұйымдар; XVI бөлімнің тетіктері, механикалық құрылғылары, электр тауарлары, немесе олардың бөліктері. Алайда аталған топқа дыбыс түсіру инелері үшін өңделген жақұтпен және алмаспен бекітілгендерді (8522 тауар позициясы) қоспағанда, толығымен қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастардан (табиғи, жасанды немесе өзгертілген) тұратын бұйымдар мен олардың бөліктері аталған топқа енгізіледі;
л) 90, 91 немесе 92-топтың бұйымдары (ғылыми жабдықтар, барлық түрдегі сағаттар, музыка аспаптары);
м) қару-жарақтар немесе оның бөліктері (93-топ);
н) 95-топқа 2-ескертпеде көрсетілген бұйымдары;
о) 96-топқа 4-ескертпеге сәйкес жасалған, 96-топтың бұйымдары; немесе;
п) табиғи немесе қопсытылған інжуден немесе қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастардан басқа мүсіндердің немесе мүсіншелердің түпнұсқалары (9703 тауар позициясы), коллекциялау заттары (9705 тауар позициясы) немесе жас шамасы жүз жылдан асатын антиквариат (9706 тауар позициясы) енгізілмейді.
4. (а) "қымбат бағалы металл" термині күміс, алтын және платинаны білдіреді.
б) "Платина" термині платинаны, иридийді, осмийді, палладийді, родийді және рутенийді білдіреді.
н) "қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастар" термині 96-топқа 2б-ескертпеде көрсетілгeн материалдарға таратылмайды.
5. Аталған топта қымбат бағалы металдан тұратын кез келген қорытпаны (агломерацияланған қоспаны немесе интерметалды қосылысты қоса алғанда), егер оның қорытпадағы үлесі 2 салм.%-дан кем болмаса, қымбат бағалы металдың қорытпасы деп санау қажет. Қымбат бағалы металдардың қорытпаларын мына ережелер бойынша:
а) құрамында 2 салм.% немесе одан да көп платинасы бар қорытпаларды - платина қорытпасы ретінде;
б) құрамында 2 салм.% немесе одан да көп алтыны бар, бірақ платинасыз немесе құрамында 2 салм.%-дан аз платинасы бар қорытпаны - алтынның қорытпасы ретінде;
в) құрамында 2 салм.% немесе одан да көп күмісі бар өзге де қорытпаларды - күміс қорытпалары ретінде жіктеу қажет.
6. Егер мәтінде өзгеше келісілмесе, жоғарыда 5-ескертпеде көрсетілген ережелерге сәйкес Номенклатурадағы кез келген қымбат бағалы металдарға немесе кез келген нақты қымбат бағалы металға сілтеме қымбат бағалы металдардың қорытпаларына немесе нақты металға сілтемені қамтиды. Алайда бұл қымбат бағалы металл жалатылған металдарға, қымбат бағалы емес металдарға немесе қымбат бағалы металл гальвандау тәсілімен жалатылған метал еместерге жатпайды.
7. Бүкіл Номенклатурада "қымбат бағалы металл жалатылған металл" термині бір немесе одан астам бетіне дәнекерлеу, пісіру, ыстық илектеу жолдарымен немесе осыған ұқсас механикалық тәсілдермен қымбат бағалы металдардан жабынды жағылған металдың негізінде дайындалған материалды білдіреді. Егер мәтінде өзгеше келісілмесе, бұл термин қымбат бағалы металмен безендірілген қымбат бағалы емес металды да білдіреді.
8. VI бөлімге 1a-ескертпенің ережелері сақталған жағдайда, 7112 тауар позициясының сипаттамасына сәйкес тауарлар Номенклатураның ешқандай басқа тауар позициясына емес, осы тауар позициясына енгізіледі.
9. 7113 тауар позициясындағы "зергерлік бұйымдар" термині:
а) жеке әшекейлердің кез келген ұсақ заттары (қымбат бағалы тастармен немесе оларсыз) (мысалы, сақиналар, білезіктер, алқалар, таналар, сырғалар, сағатқа арналған шынжырлар, брелоктар, кулондар, галстукке арналған ілгектер, запонкалар, діни немесе басқа да медальдар мен белгілер); және
б) әдетте қалтада, әйелдер сөмкесінде немесе денеде (мысалы, портсигарлар, опа салғыштар, шынжырлы әмияндар, таблеткаларға арналған қорапшалар) алып жүретін жеке пайдалануға арналған бұйымдарды білдіреді.
10. 7114 тауар позициясындағы "шеберлердің алтын немесе күміс істері бұйымдары" термині әшекейлерді, ыдысты, жуыну құралдарын, темекі шегу керек-жарақтарын және үй тіршілігіне, мекемелерге арналған басқа да бұйымдарды немесе діни мақсаттағы заттарды білдірді.
11. 7117 тауар позициясындағы "бижутерия" термині осы топқа 9a-ескертпесінде (9606 тауар позициясындағы түймелерден немесе басқа да бұйымдардан немесе 9615 тауар позициясындағы тарақтардан, шашқа арналған түйреуіштерден және бізөкшелерден басқа) анықтамасы жоғарыда берілген, табиғи немесе қопсытылған інжусіз, қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастарсыз (табиғи, жасанды немесе өзгертілген), қымбат бағалы металдарсыз немесе қымбат бағалы металдар жалатылған металдарсыз (гальванды қаптағыштарды немесе қымбат бағалы металдардан немесе қымбат бағалы металдар жалатылған металдардан жасалатын екінші дәрежедегі бөлшектерді санамағанда) зергерлік бұйымдарды білдіреді.
Қосалқы позицияларға ескертпелер:
1. 7106 10, 7108 11, 7110 11, 7110 21, 7110 31 және 7110 41 қосалқы позициялардағы "ұнтақ" термині және "ұнтақ түріндегі" деген ұғым салмағының 90 салм.% немесе одан да көбі ұяшығының мөлшері 0,5 мм елеуіш арқылы еленетін өнімдерді білдіреді.
2. Аталған топқа 4б-ескертпенің ережелеріне қарамастан, 7110 11 және 7110 19 қосалқы позициялардағы "платина" термині иридийді, осмийді, родийді немесе рутенийді білдірмейді.
3. 7110 тауар позициясындағы әрбір қорытпа платина, палладий, родий, иридий, осмий немесе рутений болсын, қорытпадағы салмағы көп металл бойынша жіктеледі.