XVІІІ бөлім
Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, бақылау, дәл өлшеу,
медициналық немесе хирургиялық құрал-жабдықтар мен аппараттар; барлық түрдегі сағаттар; олардың бөліктері мен керек-жарақтары
90-топ
Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, бақылау, дәл өлшеу,
медициналық немесе хирургиялық құрал-жабдықтар мен аппараттар; барлық түрдегі сағаттар; олардың бөліктері мен керек-жарақтары
Ескертпелер:
1. Аталған топқа:
а) қатты резеңкеден (4016 тауар позициясы), табиғи немесе композициялық былғарыдан (4204 тауар позициясы) немесе тоқыма материалынан (5911 тауар позициясы) басқа, вулканизацияланған резеңкеден дайындалған, машиналарда, құралдарда немесе басқа да техникалық мақсаттарда пайдаланылатын бұйымдар;
б) олардың ұстаушы бекітуші органға мақсатты әсері тек олардың иілгіштігі есебінен ғана жүзеге асырылатын тоқыма материалдарынан жасалған ұстаушы белдіктер немесе өзге де ұстаушы бұйымдар (мысалы, жүкті әйелдерге арналған бандаждар, кеуде бандаждары, қарындарға арналған бандаждар, буындардың немесе бұлшық еттердің бекіткіштері) (XI бөлім);
в) 6903 тауар позициясының отқа төзімді бұйымдары; зертханалық, химиялық немесе басқа да техникалық мақсаттарға арналған 6909 тауар позициясының қыш бұйымдары;
г) 7009 тауар позициясының оптикалық өңделмеген шыны айналары немесе оптикалық элементтер болып табылмайтын қымбат бағалы емес немесе қымбат бағалы материалдардан жасалған айналар (8306 тауар позициясы немесе 71-топ);
д) 7007, 7008, 7011, 7014, 7015 немесе 7017 тауар позицияларының тауарлары;
е) XV бөлімге 2-ескертпеде көрсетілген қымбат бағалы материалдардан жасалған жалпы мақсаттағы бөліктер (XV бөлім) немесе пластмассадан жасалған ұқсас тауарлар (39-топ);
ж) 8413 тауар позициясының өлшеу құралдары бар сорғыштары; өлшенетін жүктің ауырлық күшін іске қосатын есептеу немесе бақылау жабдықтары немесе таразыларға арналған жеке жеткізілетін теңдестіргіштер (8423 тауар позициясы); көтеруші немесе тиеп-түсіргіш жабдықтары (8425-8428 тауар позициялары); қағаз бен картонды кесуге арналған машиналардың барлық түрлері (8441 тауар позициясы); құралдардың көрсеткіштерін есептеуге арналған оптикалық элементтері бар құрылғыларды қоса алғанда (мысалы, «оптикалық» бөлгіш бастиектер), бірақ өз бетімен оптикалық құралдар ғана болып табылатын қондырғыларды (мысалы, юстирлық телескоптар) қоспағанда;
з) велосипедтерде немесе моторлы көлік құралдарында (8512 тауар позициясы) пайдаланылатын прожекторлар мен шамдар; 8513 тауар позициясының шағын электр шамдары; жазуға, дыбысты шығаруға немесе қайта жазуға арналған кинематографикалық аппараттар (8519 немесе 8520 тауар позициялары); дыбыстық бастиектер (8522 тауар позициясы); кадрлық бейнелеу бейнекамералары, өзге де жазғыш камералар және цифрлық камералар (8525 тауар позициясы); радиолокациялық аппаратура, радионавигациялық аппаратура немесе алыстан басқарылатын радиоаппаратура (8526 тауар позициясы); 8537 тауар позициясының цифрлық басқару аппараттары 8539 тауар позициясының бағытты сәулелік герметикалық шамдары; 8544 тауар позициясының талшықтық-оптикалық кәбілдері;
и) 9405 тауар позициясының прожекторлары немесе шамдары;
к) 95-топтың бұйымдары;
л) олар дайындалатын материал бойынша жіктелетін көлемді өлшеуге арналған ыдыстар; немесе
м) орауыштар, иіршіктер немесе ұқсас тасығыштар (өздері дайындалған материал бойынша жіктелуі тиіс болатын, мысалы, 3923 тауар позициясында немесе XV бөлімде) енгізілмейді.
2. 1-ескертпенің ережелерін сақтаған жағдайда, осы топқа енгізілген машиналардың, аппараттардың, аспаптардың немесе бұйымдардың бөліктері мен керек-жарақтары мына ережелерге сәйкес жіктелуі тиіс:
а) аталған топтың немесе 84, 85 немесе 91-топтардың тауар позицияларының біріне (8485, 8548 немесе 9033 тауар позицияларынан басқа) енгізілген тауарлар болып табылатын бөліктер мен керек-жарақтар барлық жағдайларда тиісті тауар позицияларына енгізіледі;
б) тек қана немесе негізінен машиналардың, аспаптардың немесе аппараттардың белгілі бір түрінде немесе бір тауар позициясына енгізілетін бірнеше машиналарда, аспаптарда немесе аппараттарда пайдалануға арналған өзге де бөліктер мен керек-жарақтар (оның ішінде 9010, 9013 немесе 9031 тауар позицияларының машиналары, аспаптары немесе аппараттары) осы машиналармен, аспаптармен немесе аппараттармен бірге енгізіледі;
в) өзге де барлық бөліктер мен керек-жарақтар 9033 тауар позициясына енгізіледі.
3. XVI бөлімге 4-ескертпенің ережелері де аталған топқа жатқызылады.
4. 9005 тауар позициясына қару-жараққа арналған телескопиялық нысаналар, сүңгуір қайықтарға немесе танктерге арналған телескопиялық перископтар немесе аталған топқа немесе XVI бөлімге енгізілетін машиналарға, қондырғыларға, аспаптарға немесе аппараттарға орнатылатын көру түтіктері.
5. Егер аталған ескертпені 9013 тауар позициясына да, 9031 тауар позициясына да енгізу мүмкін болса, өлшеулік немесе бақылаулық оптикалық құралдар, қондырғылар немесе машиналар 9031 тауар позициясына енгізіледі.
6. 9021 тауар позициясының «ортопедиялық құралдар» термині:
- дене деформацияларының алдын алуға немесе түзетуге; немесе
- науқастан, операциядан немесе зақымданудан кейін дене бөліктерін ұстауға немесе бекітуге арналған құралдарды білдіреді.
Ортопедиялық құралдарға, олардың немесе (1) тапсырысқа арналған өлшемдері бойынша дайындалуы немесе (2) жаппай өндіруге арналып, қос-қостап емес, бір затпен берілуі және кез келген аяққа бірдей келетіндей болып әзірленуі шартымен, ортопедиялық жай-күйлерді түзету үшін дайындалатын аяқ-киімдер мен арнайы ұлтарақтар жатады.
7. 9082 тауар позициясына тек:
а) сұйықтар мен газдардың шығыстарын, деңгейін, қысымын немесе басқа да ауыспалы параметрлерін автоматты түрде реттеуге арналған немесе олардың әрекеті бұл параметрді талап ететін өлшемге келтіру және оның өзгерістерін тұрақтандыра отырып, шын мәніндегі шамасын тұрақты түрде немесе кезең-кезеңімен өлшей отырып ұстау үшін құрастырылатын автоматты түрде реттеуге жататын параметрге сәйкес өзгеріп тұратын электр құбылыстарына негізделінетіндігіне немесе негізделмейтіндігіне қарамастан, температураны автоматты түрде реттеуге арналған құралдар мен қондырғылар; және
б) олардың әрекеті бұл параметрді талап етілетін өлшемге келтіру және оны өзгерістерін тұрақтандыра отырып, шын мәніндегі шамасын тұрақты түрде немесе кезең-кезеңімен өлшей отырып ұстау үшін құрастырылатын автоматты түрде реттеуге жататын параметрге қарай өзгеріп тұратын электр құбылысына негізделетін электрлік емес шамаларды автоматты түрде реттеуге арналған электр шамалардың автоматты реттегіштері мен құралдары немесе қондырғылары ғана енгізіледі.
Қосымша ескертпелер:
1. «Электронды» термині 9015 10 100 0, 9015 20 100 0, 9015 30 100, 9015 40 100 0, 9015 80 110 0, 9015 80 190 0, 9024 10 100 0, 9024 80 100 0, 9025 19 910 0, 9025 80 910 0, 9026 10 510, 9026 10 590, 9026 20 300 0, 9026 80 910 0, 9027 10 100 0, 9027 80 110 0, 9027 80 130 0, 9027 80 170 0, 9030 39 300, 9030 89 920 0, 9031 80 320 0, 9031 80 340 0, 9031 80 390 0 және 9032 10 300 0 қосалқы позицияларында 8540, 8541 және 8542 тауар позицияларында бір не бірнеше бұйымдарды қосатын аспаптар мен аппаратты білдіреді. Алайда, бұл 8540, 8541 және 8542 тауар позицияларындағы бұйымдарға жатпауға тиіс, олардың функциясы тек токты реттеп тұру не аспаптар мен аппараттардың жабдықтау блогінің құрамына кіреді.