XXI бөлім
Өнер шығармалары, коллекциялық заттар және антиквариат
97-топ
Өнер шығармалары, коллекциялық заттар және антиквариат
Ескертпелер:
1. Аталған топқа:
а) почта маркалары немесе өтелмеген мемлекеттік баждың маркалары, почталық кеңсе керек-жарақтары (елтаңбалы қағаз) немесе 4907 тауар позициясының ұқсас бұйымдары;
б) театрлық сахна декорациялары, шығармашылық студияларға арналған сірілер немесе 9706 тауар позициясына енгізілуге мүмкін болғандардан басқа, безендірілген кенептен жасалған ұқсас заттар (5907 тауар позициясы); немесе
в) табиғи немесе қопсытылған інжу немесе қымбат бағалы немесе жартылай қымбат бағалы тастар (7101-7103 тауар позициясы) енгізілмейді.
2. 9702 тауар позициясына "гравюрлардың, эстамптардың және литографиялардың түпнұсқалары" термині автормен бір немесе одан да көп тақтайларда қолмен жасалған, автормен пайдаланылатын техникаға немесе материалға байланысы жоқ, механикалық немесе фотомеханикалық тәсілдерден басқа, қара-ақ немесе түрлі-түсті таңбаларды білдіреді.
3. 9703 тауар позициясына ірі сериялық өндірістің көшірмелері немесе осы тауарлар суретшімен салынған немесе шығарылған болса да, коммерциялық сипаттағы қолөнерлік өндірістің бұйымдары енгізілмейді.
4а. Жоғарыда көрсетілген 1-3-ескертпелердің ережелері сақталған жағдайда, аталған топтың бұйымдары Номенклатураның қандай да бір өзге тобына енгізілмей, тек қана аталған топқа енгізіледі.
4б. 9706 тауар позициясына аталған топтың алғашқы тауар позицияларына енгізілген тауарлар енгізілмейді.
5. Егер рамалардың сипаты мен құны осы шығармаларға сәйкес болған жағдайда картиналарға, суреттерге, пастельдерге, коллаждарға немесе басқа да декоративтік бейнелеулерге, гравюрларға, эстамптарға немесе литографияларға арналған рамалар тиісті позицияларға жатады. Аталған ескертпелерде айтылған өнер шығармаларына сәйкес келмейтін рамалар, сипаттар мен құндар, жеке жіктелуі тиіс.