7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды төлеу.
Жәрдемақы алушылардың болжамды орташа жылдық саны:
- балаларға - 280 мың адам;
- бір жасқа дейінгі балалар күтіміне байланысты - 294,5 мың адам.
Соңғы нәтиже: балалы отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бала тууына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі - 15450 теңге. Бір жасқа дейінгі балалар күтіміне байланысты берілетін орташа жәрдемақы мөлшері - 3862 теңге болады.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу.
Сапа: бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалған мемлекеттік жәрдемақыларды 100% төлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
136-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Семей ядролық полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккендерге төленетін біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 973753 мың теңге (тоғыз жүз жетпіс үш миллион жеті жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендерге мемлекеттік біржолғы өтемақы төлемдері бойынша мемлекеттің өткен жылдар міндеттемелерін орындауы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен:
- зейнеткерлерге;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушыларға;
- 1949-1990 жылдар аралығында төтенше және максималды радиациялық қауіп аймағы болып табылатын аумақтарда тұрған және тұратын жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуді уақытында қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға және Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстарында 1949-1990 жылдар аралығында төтенше және максималды радиациялық қауіп аймағы болып табылатын аумақтарда тұрған және тұратын жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға тағайындалған біржолғы ақшалай өтемақыларды төлеу. Алушылардың орташа жылдық саны:
- зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар - 21,8 мың адам;
- Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстарында 1949-1990 жылдар аралығында төтенше және максималды радиациялық қауіп аймағы болып табылатын аумақтарда тұрған және тұратын жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтар - 27,0 мың адам болады.
Соңғы нәтиже: зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға және Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстарында 1949-1990 жылдар аралығында төтенше және максималды радиациялық қауіп аймағы болып табылатын аумақтарда тұрған және тұратын жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға тағайындалған біржолғы ақшалай өтемақылар бойынша өткен жылдар міндеттемелерін орындауы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: өтемақының орташа мөлшері:
- зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар үшін - 21775 теңге;
- жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтар үшін - 16485 теңге болады.
Уақтылығы: өтініштер түсуіне байланысты жыл бойы.
Сапа: зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға және Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстарында 1949-1990 жылдар аралығында төтенше және максималды радиациялық қауіп аймағы болып табылатын аумақтарда тұрған және тұратын жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтарға тағайындалған біржолғы ақшалай өтемақыларды 100% төлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
137-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне аз қамтылған жанұялардан 18 жасқа дейінгі балаларға
мемлекеттік жәрдемақы төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3600000 мың теңге (үш миллиард алты жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 28 маусымдағы Заңының 4, 9-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған мемлекеттік жәрдемақыларды төлемдерін уақтылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: