(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Предыдущая страница

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтижелер: жылына 367 910 балаларға жәрдемақы, оның ішінде: Ақмола - 13490, Ақтөбе - 18191, Алматы - 51099, Атырау -  40879, Шығыс-Қазақстан - 30657, Жамбыл -15984, Батыс-Қазақстан - 15330, Қарағанды - 34808, Қостанай - 38324, Қызылорда - 14103, Павлодар - 12264, Солтүстік-Қазақстан - 30659, Оңтүстік-Қазақстан - 15122 облыстарына төлеу.

Соңғы нәтижелер: 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасылардың материалдық жағдайын жақсарту.

Қаржы-экономикалық нәтиже: балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері айына 1030 теңге құрайды.

Уақтылығы: кестеге сәйкес әр айдың 25-не дейін уақтылы төлеу.

Сапа: 18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларды мемлекеттің қолдауы.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

138-қосымша

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

"Ақталған азаматтарға - жаппай саяси қуғын-сүргін

құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы"

деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 684864 мың теңге (алты жүз сексен төрт миллион сегіз жүз алпыс төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 22-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жаппай қуғын-сүргін құрбандары ретінде танылған азаматтардың моралдық зияндарын өтеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарымен бекітілген көлемде жаппай қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыларды уақтылы төлеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: ақталған азаматтар - жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыларды төлеу. Алушылардың орташа жылдық саны 10300 адам.

Соңғы нәтиже: жаппай қуғын-сүргін құрбандары деп танылған азаматтардың материалдық және моралдық зияндарын өтеу.

Қаржы-экономикалық нәтиже: өтемақының орташа мөлшері 66452 теңгені құрайды.

Уақтылығы: азаматтардың өтініш беруіне қарай.

Сапа: ақталған азаматтар - жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы төлемдерін уақтылы төлеу.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

139-қосымша

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

"Қаза болған, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына,

асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдер"

деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1030 мың теңге (бір миллион отыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін біржолғы төлемдер туралы" 1999 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығының 1,  2-баптары.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына материалдық көмек көрсету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: шақыру бойынша әскери қызметін атқару кезінде немесе босатылғаннан кейін әскери қызметін өткеру кезінде алған жаралану, контузия, мертігу, ауыру салдарынан қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін әлеуметтік көмекті уақытында қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы жәрдемақыларды төлеу. Алушылардың жылдық болжамды орташа саны - 10 адам.

Соңғы нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарын, асырап алушыларын, қамқоршыларын материалдық қолдау.

Қаржы-экономикалық нәтиже: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына:

- әскери қызметін өткеру кезеңінде немесе жарақат, контузия, ауру себебінен әскери қызметтен босатылғаннан кейін (өздерінің заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде қаза тапқан жағдайларды қоспағанда) - 87750 теңге көлемінде;

- әскери қимылдар кезінде (өздерінің заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде қаза тапқан жағдайларды қоспағанда) - 117000 теңге көлемінде берілетін біржолғы төлемдерді уақытында жүзеге асыру.

Уақтылылығы: жергілікті атқарушы органдардың қажеттіліктеріне сәйкес қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдерді уақытында беру.

Сапа: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдер түрінде мемлекеттік қолдау.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

140-қосымша

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

"Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"

деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 60541 мың теңге (алпыс миллион бес жүз қырық бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 27 ақпандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы №  67 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек процесінде жұмыскерлердің денсаулығын және өмірін сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ғылыми қамтамасыз ету, еңбекті қорғау басқару жүйесін жетілдіру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: 2 өнеркәсіптік кәсіпорын базасында санитария-гигиеникалық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санын, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар мәселелерін зерттеу. Еңбек қауіпсіздігі бойынша 5 бағытта, еңбекті қорғау бойынша 5 бағытта қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

Соңғы нәтиже: қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін 0,5%, санитария-гигеникалық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін жұмыскерлер санын 1%, жұмыс уақытын жоғалтуды 0,8% төмендетуге мүмкіндік береді.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 4731,6 мың теңгені құрайды.

Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы.

Сапа: қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен оларды практикалық қызметке енгізу өндірістегі зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың деңгейін төмендетуге, сондай-ақ өндірістегі еңбекті қорғауды басқару жүйесінің пәрменділігін күшейтуге ықпал ететін болады.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

141-қосымша

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

"Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуді қамтамасыз ету"

деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 7183044 мың теңге (жеті миллиард бір жүз сексен үш миллион қырық төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 1-бабы; "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңы; "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы №  926 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін уақтылы қамтамасыз ету, зейнетақылық жарналар есебін қамтамасыз ету, тиімді зейнетақы және жәрдемақы жүйесін және тиісті деректер базасын қалыптастыру және қызмет етуін қолдау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- зейнетақы және жәрдемақы, сонымен қатар басқа да әлеуметтік төлемдердің тиімді жүйесін қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына әлеуметтік жеке кодтар беру;

- зейнетақы жинақтаушы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару және есепке алу;

- зейнетақы және жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған ортақ базасын жүргізу;

- әлеуметтік сақтандыру төлемдері мен аударымдарын есепке алу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- ЗТМО-ның облыстық, қалалық аудандық құрылымдарының жұмыс орындарын 12% автоматтандыру;

- зейнетақы және жәрдемақы деректер қорының тиімді қызмет етуі.

Соңғы нәтиже:

- Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мерзімде зейнетақы мен жәрдемақылардың толық, нақты және уақтылы төленуін қамтамасыз ету;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;

- зейнетақы жинақтаушы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы аударымын және толық есепке алуын қамтамасыз ету.

Қаржы-экономикалық нәтиже: "ЗТМО" РМҚК шоттары арқылы өтетін қаржылық ағымдарға әкімшілік жасау шығындарының үлесі "ЗТМО" РМҚК төлейтін әлеуметтік төлемдердің жалпы шығынына қатысты 1,39%-дан 1,32% төмендейді.

Уақтылығы: күнделікті жыл бойында.

Сапа: зейнетақы және жәрдемақылардың уақтылы және толық төленуі.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

142-қосымша

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

"Жұмыспен қамту және кедейшілік базасы бойынша

ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету"

деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 51356 мың теңге (елу бір миллион үш жүз елу алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 4-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын бекіту туралы" 2004 жылғы 30 қарашадағы №  1241 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: еңбек рыногы,  жұмыспен қамту жөнінде мониторингті, республиканың аз қамтамасыз етілген азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы ақпаратты талдау және қорытындылауды ұйымдастыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жұмыспен қамту және халыққа әлеуметтік көмек көрсету саласындағы ақпараттық-талдау материалдарын жинақтау, өңдеу, талдау және дайындау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: "Атаулы әлеуметтік көмек", "Жұмыспен қамту" бағдарламалық өнімдеріне ілесу. Қолданыстағы деректер базасын ұлғайту, бағдарламалық-қолданбалы жүйені жетілдіру. "Соцкарта" АЖ жер-жерде енгізілуін ескере отырып "АӘК" АЖ дамыту. "18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар" ақпараттық жүйесін әзірлеу және енгізу.

Соңғы нәтиже: орталық және өңірлік атқарушы органдарды ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету. www.e№ bек.kz сайтына елдің еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жағдайы туралы халықты ақпараттандыру жүйесін орналастыру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: ақпараттық жүйені енгізу еңбек өнімділігін орта есеппен 10% арттырады.

Уақтылығы: жоспарға сәйкес жыл ішінде.

Сапа: қабылдаған шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып кедейлікті төмендетуге бағытталған қарқынды саясатты іске асыру әсер етеді. Елдің еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың жай-күйі туралы халықтың хабардар болуы халықтың еңбек ұтқырлығына әсер етеді.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

143-қосымша

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

"Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік

орталықтың ақпараттық жүйесін дамыту"

деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 750000 мың теңге (жеті жүз елу миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы; "Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №  1359 қаулысы; "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы №  1758 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектердің қоғам өміріне қатысуына теңдей жағдайлар жасау, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне дәл, уақытылы және құпия төлемдерді қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- ЗТМО ақпараттық жүйесін жаңа технологиялар енгізу негізінде жетілдіру;

- мүгедектер бойынша орталықтандырылған деректер банкін жасау;

- мониторинг ұйымдастыру және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуын бақылау;

- жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының шарттар банкін жасау;

- жинақтаушы зейнетақы жүйесінің төлемдерін жетілдіру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: мүгедектердің орталықтандырылған деректер банкі мен жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылары шарттарының банкі. ЗТМО, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бөлімшелерінде, протездік-ортопедиялық орталықтарда, Республикалық естуді түзеу орталығында жұмыс орындарын автоматтандыру.

Соңғы нәтиже: мүгедектерге көмек көрсететін әлеуметтік мекемелер мен ұйымдар туралы мүгедектерді хабардар ету.

Оңалту іс-шараларының сапасын жақсарту. Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары жөніндегі ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша қаржы ағымдары қозғалысының

мониторингі мен реттеу процесін автоматтандыру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: мүгедектерді оңалту жүйесіне қатысушыларды қолданыстағы деректер базасынан ақпаратпен 100% қамтамасыз ету. Жинақтаушы зейнетақы қорларына қатесіз қалыптастырылған (кесілген) төлемдер бойынша салымшылардың шоттарына аудару мерзімінің 100% сақталуы.