«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен бостандықтарының стандарттары туралы» конвенция (Кишинев қ. 2002 ж. 7 қазан )

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегі
демократиялық сайлаудың, сайлау құқықтары мен
бостандықтарының стандарттары туралы
конвенция
(Кишинев қ. 2002 ж. 7 қазан )

 

2007 жылғы  7 маусымдағы № 260-III  ҚР  Заңымен ратификацияланды

 

Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер (бұдан әрі - Тараптар),

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысының мақсаттары мен принциптерін негізге ала отырып,

Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларацияның және билікке өкілеттілік шынайы және мерзімдік сайлауда білдірілген халықтың өз еркіне негізделуі тиіс екендігін анықтаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның, Еуропа Кеңесінің, басқа да халықаралық ұйымдардың еркін және әділ сайлауды өткізу туралы құжаттарының маңызын қуаттай отырып,

адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау мен қорғау, халықтың өз еркін білдіруінің демократиялық институттарын, оларды іске асыру рәсімдерін халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына сәйкес ұлттық конституция және құқықтық актілер негізінде дамыту мен жетілдіру құқықтық мемлекеттің мақсаты мен міндеті екендігіне, сондай-ақ қоғамдық тұрлаулылықтың және өздерінің ортақ демократиялық жетістігі болып табылатын күзгі мұраттар мен принциптерді жүзеге асыру және қорғау жолында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың ажырамас шарттарының бірі болып табылатындығына кәміл сенім білдіре отырып,

өкілдік басқарудың демократиялық жүйелерінің, сайлау өткізу кезінде халықтың өз еркін білдіруінің демократиялық дәстүрлерін орнықтыруға және жетілдіруге, құқық пен заң үстемдігі негізінде халық билігінің өзге де нысандарының жүзеге асырылуына, ұлттық және тарихи дәстүрлердің барынша ескерілуіне жәрдемдесуге ұмтыла отырып,

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.