«Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы № 134 Қаулысы (2008.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен
жасаған мәмілелері туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы № 134 Қаулысы

(2008.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР ҚҚА басқармасының 2010.15.07. № 108 қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 40-бабы 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпарат» нысаны (бұдан әрі - нысан) бекітілсін.

2. Екінші деңгейдегі банктер ай сайын есепті айдан кейінгі айдың он жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынылып отырған деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныс құралдарымен берілетін ақпаратты жеткізуді кепілдік берілген көлік жүйесін пайдалану арқылы электронды тасымалдағыш нысанында жеткізіп отырады.

Банктер уәкілетті органның талап етуі бойынша сұрату алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оны қағазға шығарылған нысанда береді.

Электронды тасымалдағышта берілген деректердің қағазға шығарылған деректермен дәлме дәлдігін банк Басқармасының бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам қамтамасыз етіп отырады.

3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілген нормативтік құқықтық актілер өзінің күшін жойды деп танылсын.

4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

5. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.