«Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2006 жыл 11 шілде) (Жоба)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

 

Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың

2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 651 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы

№ _____

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы «__»_______

№ _______ Жарлығымен

Мақұлданған

 

Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге

қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған

тұжырымдамасы

Астана

2006 жыл

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының ақпарат кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген әлем елдерінің бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2006 жылғы 1 наурыздағы шешімін орындау үшін әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.