«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2006 жыл 14 тамыз) (Жоба) (күші жойылды)

Жоба

Қазақстан Республикасының

Заңы

 

Тауар биржалары туралы

 

ҚР Үкіметінің 2007.08.05 № 371 Қаулысымен кері қайтарылды

 

Осы Заң тауар биржалары жұмыс істеуінің ұйымдастырушылық және құқықтық негіздері мен биржалық сауданы жүзеге асыруды, оның ашық және тиімді жұмыс істеуін, биржалық сауданы қатысушылардың құқықтарын және олардың арасындағы адал бәсекелестікті қорғау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеу және бақылау тәртібін белгілейді.

 

1-ТАРАУ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) биржалық сауда-саттыққа қатысушыны аккредиттеу - қатысушыны биржалық сауда-саттықта тану pәciмі;

2) төреші - биржалық сауда-саттыққа қатысушылар, қатысушылар және биржалық мәмілелер жөніндегі биржалар арасындағы нақты дауларды шешу үшін тараптар құратын төрелік сот;

3) биржалық сауда - тауар биржасында сауда-саттықты, оның ішінде электрондық сауда-саттықты жүргізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу жолымен жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

4) биржалық тауар - тауар биржасы белгіленген тәртіппен биржалық саудаға жіберген, сатуға немесе алмасуға арналған, айналымнан алынып тасталмаған еңбек өнімі;

5) биржалық сауда-саттық - тауар биржасының сауда залында жүргізу барысында биржалық тауарға сұраныстар мен ұсыныстар талқыланатын, сондай-ақ мәмілелер жасалатын процесс;

6) биржалық опцион - бір тарап (биржалық опционның сатушысы) сатуға немесе сатып алуға міндеттенетін, ал екінші тарап (биржалық опцион сатып алушысы) осы шартта шарттасылған баға бойынша осы шартта шарттасылған биржалық тауардың белгілі санын сатып алу немесе сату құқығын алатын шарт;

7) биржалық делдал - брокерлік фирмалар және тәуелсіз брокерлер;

8) брокер - клиенттің есебінен және мүддесінде, тапсырма бойынша биржалық тауармен тауар биржасында мәмілелер жасайтын биржалық сауда-саттықтың қатысушысы;

9) тәуелсіз брокер - тауар биржасында аккредиттелген, өз қызметін заңды тұлғаны құрмастан жүзеге асыратын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.