«Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан
Республикасы ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметін ұйымдастыру
жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2002 жылғы 5 шілдедегі № 475 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Iшкі істер министрінің 2006 жылғы 23 тамыздағы
№ 419 Бұйрығы
Полицияның кешенді күштері нарядтарын пайдаланудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ Ішкі істер органдарының патрульдік-күзет қызметі жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. «Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметін ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 5 шілдедегі № 475 бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 1938 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл № 43-44, 725-құжат, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 441 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің төрағасына, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, оқу орындарының бастықтары:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметін ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:
барлық мәтін бойынша «IIББ-IIБ», «Көліктегі IIБ» деген аббревиатуралар «IIД», «Көліктегі IIД» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша «ТЖА» деген аббревиатура «ТЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;