«Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2006 жыл 4 қыркүйек) (Жоба)

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

 

Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ

туралы шартқа қол қою туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 832 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шарттың жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының атынан Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы____________

№___ Жарлығымен

Мақұлданған

 

Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы

ШАРТ

 

Кіріспе

 

Осы Шарттың Тараптары,

1997 жылғы 28 ақпанда қабылданған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Алматы декларациясын, 1997 жылғы 15 қыркүйекте Ташкентте өңірдің бес мемлекетінің сыртқы істер министрлері қабылдаған мәлімдемені, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының «Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру» деп аталған 1997 жылғы 9 желтоқсандағы 52/38S, 1998 жылғы 4 желтоқсандағы 53177A және 2000 жылғы 20 желтоқсандағы 55133W қарарларын және Орталық Азия елдері сарапшыларының консультативтік кеңесінің, ядролық қарулары бар мемлекеттердің және Біріккен Ұлттар Ұйымының 1998 жылғы 9 шілдеде Бішкекте қабылданған коммюникесін басшылыққа ала отырып,

осы қаруды жоюды түпкі мақсат етіп жаһандық деңгейде ядролық қаруды қысқарту жөніндегі жүйелі және дәйекті күш-жігер жұмсауды жалғастырудың, сондай-ақ халықаралық қатал да тиімді бақылаумен жаппай және толық қарусыздану қажеттігін атап өте отырып және барлық мемлекеттер осы мақсатқа қол жеткізуге үлес қосуға міндетті екендіктеріне сенімді бола отырып,

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.