«Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 қаңтардағы № 1284 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2006 жыл 4 қыркүйек) (Жоба)

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 қаңтардағы 

№ 1284 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 831 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық «Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

«атқарылатын лауазымдарына қарай Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің қызметкерлеріне белгіленетін лауазымдық жалақыларды есептеу үшін түзету коэффициентін ескере отырып, базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттерді, сондай-ақ лауазымдық сараланған жалақыларды есептеу үшін лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттерді;»;

2-тармақтың бірінші абзацында «4» деген цифрдан кейін «, 4-1» деген цифрлармен толықтырылсын;

3-тармақта:

1) және 6) тармақшаларда «мекемелерінің», «мекемелері» деген сөздерден кейін тиісінше «, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің», «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.