«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2006 жыл 7 қыркүйек) (Жоба) (күші жойылды)

Жоба

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 850 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

Қабылданды - 2007.29.06   № 271-ІІІ  ҚР  Заңың  қара

 

1-бап. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-бапта:

9) тармақша «біртектес» деген сөзден кейін «маңызды» деген сөзбен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

«10-1) ерекше нысандағы туынды түрдегі нормативтік құқықтық акт - осы Заңда көзделген туынды түрдегі актілерге жатпайтын заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қабылдануы көзделген туынды нормативтік құқықтық акт;»;

мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

«16) актілердің едәуір саны - жаңа нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты күші жойылды деп тануға, өзгертуге немесе толықтыруға жататын үш немесе одан да көп акт.«;

2) 3-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Заңнамада ерекше нысандағы нормативтік құқықтық актінің туынды түрін бекіту көзделуі мүмкін.«;

3) 3-1-бапта:

«біртектес» деген сөзден кейін «маңызды» деген сөзбен толықтырылсын:

16) тармақшадағы «ic жүргізу» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

«17) денсаулық сақтау саласы»;

4) 4-баптың 3-тармағында «қайшы келмеуге тиіс» деген сөздер «сәйкес келуге тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 5-баптың 2-тармағында «Күшіне енген» деген сөздер «Қолданысқа енгізілген» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.