Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің капитал қозғалысына байланысты операцияларды
реттеу және бақылау жөніндегі валюталық саясатының негізін құрайтын қағидаттары туралы
келісім
(Санкт-Петербург қ., 2009 жылғы 11 желтоқсанда)
ҚР 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 39-V Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің үкіметтері және орталық (ұлттық) банктері,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартты басшылыққа ала отырып,
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің өзара сауда және инвестициялық ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға мүдделілік білдіре отырып,
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің шекаралары арқылы капиталдың еркін қозғалысы ЕурАзЭҚ шеңберінде қаржы және еңбек ресурстарын тиімді бөлудің негізгі шарттарының бірі болып табылатынын, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-қа мүше әрбір жеке мемлекеттің экономикалық өсу және даму қарқындарын арттыруды қамтамасыз ететінін тани отырып,
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер валюталарының сыртқы сауда және инвестициялық операциялардағы рөлін арттыру және көрсетілген валюталардың өзара айырбасталуын қамтамасыз ету мақсатында ЕурАзЭҚ шеңберінде ортақ валюталық кеңістік құру бағытындағы бірлескен іс қимылдардың маңыздылығын тани отырып,
ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерге нұқсан келтірмейтін өзара тиімді ынтымақтастық үшін капитал қозғалысына валюталық шектеулерді алып тастауға ЕурАзЭҚ-қа мүше әрбір мемлекеттің өзіндік ахуалы ескерілетін кешенді және теңгерімді тәсіл қажет екенін тани отырып,
ЕурАзЭҚ-қа мүше әрбір мемлекеттің экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, тең құқықтық және өзара пайда қағидаттарына сүйене отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап