Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жала жапқаны және зорлық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы (2006 жыл 22 қыркүйек) (Жоба) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 300 Қаулысымен  ҚР Парламентінен кері қайтарып алынды

 

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне жала жапқаны және зорлық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 898 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексіне(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; 2006 жылғы 14 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы):

1) 129-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:

«2-1. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, сайлауға және референдумға дайындық пен оны өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент пен мәслихаттар депутаттығына, әкімдерге кандидаттарға қатысты жасалған әрекеттер - екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе нақ сол мерзімге бас бостандығын айыру арқылы жазаланады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.