Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық
комиссиялары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 ж. 10 ақпандағы № 120 Өкімі
(ҚР Президентінің 25.03.02 ж. № 320;
24.10.03 ж. № 425 Өкімдерімен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында:
ҚР Президентінің 25.03.02 ж. № 320; 24.10.03 ж. № 425 өкімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің негізгі бағыттары бойынша:
1) сыртқы саясат және қорғаныс мәселелері жөніндегі;
1-1) әскери қауiпсiздiк мәселелерi жөніндегі;'
2) ішкі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
3) экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
4) Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі;
5) дағдарыстық ахуалдарда басқару жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларының құрамы 1-5 қосымшаларға (N № 3-5 қосымшалар құпия) сәйкес бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің:
"Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы" 1999 жылғы 21 сәуірдегі № 41 ;
"Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы" 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 80 өкімдерінің күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
| Президенті |
|
|
|
|
| Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 10 ақпандағы № 120 өкіміне
№ 2 қосымша
Ішкі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі
Ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Мұсаев Әлнұр Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Әлжапарұлы комитетінің төрағасы, комиссия төрағасы
Раханов Мақсұтбек Қазақстан Республикасының Стратегиялық