«Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (Жоба) (2006 жыл 24 тамыз)

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі
2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 тамыздағы № 804 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, азаматтарды патриоттық тәрбиелеудің біртұтас жүйесін құру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Yкіметіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы

№ ______

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы «__»_______

№___ Жарлығымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу

жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарлама

Астана, 2006 жыл

 

Мазмұны

 

1. Бағдарламаның паспорты

2. Кіріспе

3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi

5. Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары

мен тeтігі

6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздерi

7. Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

 

1. Бағдарламаның паспорты

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.