Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 940 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
64-бөлімнен кейін мынадай мазмұндағы 70-бөліммен толықтырылсын:
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық преференцияларды уәкілетті орган беретін инвестициялардың ең жоғарғы көлемі және инвестициялық салық преференцияларының қолдану мерзімдерінде:
мынадай мазмұндағы «Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар» деген бөліммен толықтырылсын:
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының