«Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға арналған конкурс және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (Жоба) (2006 жыл 19 қыркүйек)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға арналған конкурс және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсы туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 19 қыркүйектегі № 879 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2006 жылдан бастап жыл сайынғы «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға арналған конкурс және «Алтын Сапа» республикалық көрме-конкурсы тағайындалсын.

2. Қосымшаға сәйкес құрамда «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының лауреаттары атағын және «Алтын Сапа» республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атағын беру жөніндегі комиссия құрылсын.

3. Қоса беріліп отырған:

1) «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға арналған конкурсты өткізу және лауреаттар атағын беру ережесі;

2) «Алтын Сапа» республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломанттар атағын беру ережесі;

3) «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының лауреаттары атағын және «Алтын Сапа» республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атағын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

4. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері жыл сайынғы «Алтын Сапа» өңірлік көрме-конкурстарын ұйымдастыру және өткізу жөнінде шаралар қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлық pecми жарияланғаннан кейін бір ай мерзімде белгіленген тәртіппен:

1) «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін;

2) «Алтын Сапа» өңірлік және республикалық көрме-конкурсына ұсынылатын өнімді сараптамалық бағалау материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін әзірлесін және бекітсін.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.