(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

«Алматы қаласы Әкімшілігі жанындағы көлікте жол қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі комиссия туралы»
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы № 2/230 қаулысы

(2005.11.04. берілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2006 ж. 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 27 бабы 1 тармағы 21 тармақшасы негізінде Алматы қаласының аумағында көлікте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдамаларды әзірлеу мақсатында, Алматы қаласының Әкімшілігі қаулы етеді:

1. Алматы қаласы Әкімшілігі жанындағы көлікте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия- консультативті-кеңесші орган құрылсын (№ 1 қосымша).

2. Комиссия туралы Ереже бекітілсін (№ 2 қосымша).

3. Белгіленген тәртіпте ұсынылған Комиссияның жеке құрамы Алматы қаласы Мәслихатына бекітуге берілсін.

4. Алматы қаласы Үкімінің 2001 жылғы 30 қарашадағы № 490 «Көлікте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық комиссия туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсін.

 

Алматы қаласының Әкімі

В. Храпунов

 

Әкімдік хатшысы

К. Тәжиева

 

Алматы қаласы Әкімшілігінің

2004 жылғы 15 наурыздағы № 2/230

«Алматы қаласы Әкімшілігі жанындағы

көлікте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету

жөніндегі комиссия туралы»

қаулысына 1 қосымша

 

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005.11.04. № 2/198 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда

 

Алматы қаласы Әкімдігінің жанындағы көліктегi

қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия

құрамы

 

      Яков Игнатьевич Заяц   - Алматы қаласы Әкімінің

                               бірінші орынбасары,

                               комиссия төрағасы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.