Курчатов қаласының ауданында Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан «Қаражыра» көмір кен орны анағұрлым перспективалы және нақты жүк ағыны болып табылады. Қазіргі уақытта көмірді тасымалдау темір жол көлігімен Риддерге, Зыряновке дейін және автомобиль көлігімен Өскемен, Семей қалаларына, Шығыс Қазақстан мен Павлодар маңындағы Ертістің сол жағалауына дейін жүзеге асырылады және жылына 1,7 млн. тонна көмірді құрайды.
Алдағы уақытта су көлігімен жүк тасымалдауды көбейтетін және 2012 жылы 374,4 мың тоннаға дейін жеткізетін су көлігімен көмір тасымалдауды қайта бөлу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта су көлігімен орманды және орман материалдарын қайта экспорттауға мүмкіндік беретін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 маусымдағы № 681 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 717 қаулысының қабылдануына байланысты Ресейден су көлігімен Қытайдың шекаралас аудандарына орман материалдарын 300 мың тонна көлемінде жеткізу сызбасы пысықталуда.
Семей мен Павлодар облыстарының кеме иелері Екібастұз және Қарақожа көмір кен орындарынан жылына кемінде 516 мың тонна көлемінде Омбы бағытында тас көмірді тасымалдайтын болады.
Қазіргі уақытта Бұқтырма су қоймасынан жоғары орналасқан Сатпаев ильменттік құм кен орнын өндіру басталды. Оның негізгі тұтынушысы - Өскемен титан-магний комбинаты (ТМК). Осыған байланысты тасымалдаудың аралас сызбасы жоспарлануда: кен-байыту фабрикасынан автокөлікпен Казнаковск өткеліне дейін, одан әрі - темір жолға қайта тиеумен өзен кемелерімен Өскемен айлағына дейін немесе автокөлікпен ТМК түсіру алаңына жеткізу үшін. Көрсетілген сызба бойынша су көлігімен перспективалық тасымалдар жылына кемінде 200 мың тоннаны құрайды.
Жайық-Каспий бассейнi
Жайық-Каспий бассейнінде негізгі тасымалданатын жүктер Каспий мұнай шельфінің Қазақстандық бөлігінде Қашаған мұнай кен орнын өндіру және игеру жөніндегі жұмыстарды жүргізетін компаниялар, сондай-ақ оның техникалық қамтамасыз етілуімен байланысты инфрақұрылымдарды салу және дамыту үшін минералдық-құрылыстық жүктер мен жабдық болып табылады.
Сондай-ақ автожолдарды салу үшін Орал қаласы маңында орналасқан арналық кеніште жүзеге асырылатын 2012 жылға дейін су көлігімен жыл сайын 600 мың тонна дейін ҚҚҚ және 300 мың тоннаға дейін шағылтас тасмалдау жоспарланып отыр.
Құс фабрикаларының азықтық ұлу қабыршағына қажеттілігінің өсуін ескере отырып Зюйдвестовашалыга табиғи кен орнының жобалық қуатын 45 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда, оларды тасымалдау су көлігі кемелерімен Атырау порты сағасына дейін кейіннен оны темір жол және автомобиль көлігімен тасымалдау үшін жүзеге асырылатын болады.
Жолаушыларды тасымалдау тұрақты және жыл сайын 50-55 мың адам шегінде құрайды. 2012 жыл кезеңіне дейін өңірдің кеме иелері Жайық өзені бойынша қыдыру және экскурсиялық рейстерді жүзеге асыру yшін қуаты 90 а.к. сыйымдылығы 100 адам, 792 А жобадағы теплоходының 2 бірлігін сатып алу мен пайдалануға енгізу жоспарлануда.
Іле-Балқаш бассейні
Республиканың экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен құрылысты дамыту Іле-Балқаш бассейнінде құм-қиыршықтас өндіруін тасымалдауды ұлғайту және ҚҚҚ тасымалдауға байланысты, ол 2012 жылға қарай көлемі 233 мың тоннаға жетеді.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дамыту, жабдықтау кәсіпорындарынан алшақтық, отарлы мал шаруашылығы жағдайында кірме жолдардың болмауы мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін кемінде 550 мың тонна көлемінде болжамдауға мүмкіндік береді.
2012 жылға дейінгі кезеңге "Қазақмыс" корпорациясының "Балқаш түсті металл" акционерлік қоғамы түсті металлургия өнімін шығаруды ұлғайтуды жоспарлауда. Осыған байланысты, мысы бар кенді комбинатқа дейін тасымалдауға байланысты шығыстарды азайту мақсатында корпорация Ақтоғай станциясынан Қарашығанақ шығанағы айлағына дейін темір жол тармағын, кенді қайта тиеу үшін айлақты және құрғақ жүк таситын кемелерді салуды көздейтін жобаны әзірлеу жөнінде жұмыстар жүргізуде. Осы жобаны іске асыру ұзақтығы 82 км су жолы учаскесін қосымша пайдалануға беруді және күтіп ұстауды талап етеді.
Компанияның баламалы жобасы бойынша кенді кейіннен су көлігімен комбинатқа дейін тасымалдаумен Лепсі станциясына дейін оны жеткізу көзделіп отыр. Осы жағдайда су көлігімен бағдарғының ұзақтығы 318 км-ді құрайды. Компания ұсынған деректер бойынша су көлігімен кенді тасымалдаудың болжанған жыл сайынғы көлемі кемінде 3 500 мың тоннаны құрайды.
Балық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кемінде 53 мың тонна көлемінде жоспарлануда.
Туристік қызметті дамыту мақсатында Балқаш өзенінің табиғи - климаттық ерекшеліктерімен таныстыратын круиздік бағдарғыларды ұйымдастыру жоспарлануда, осыған орай Балқаш өзені бойынша жолаушылар тасымалының болжамды көлемі 6 мың адамға дейін құрайды.
Осылайша, өзен көлігімен 2012 жылға дейін жылына жүк тасымалы көлемі 7 млн. тонна, жолаушы тасымалы 80 мың адам деңгейінде болады деп жоспарлануда.
Жүк тасымалы көлемінің 2012 жылға дейінгі болжамды өсуі 3-диаграммада көрсетілген.
3-диаграмма
Өзен көлігімен 2012 жылға дейінгі жүк тасымалының өсуi
5.2. 2007-2012 жылдарда мемлекеттік техникалық өзен флотының кемелерін
ауыстыру және қосымша бірлігін сатып алу
1-кезең
Мемлекеттік техникалық флот кемелерінің бар болу және ағымдағы жай-күйі туралы осы деректердің негізінде техникалық флоттың жоспарлы ауыстырылуы, оны қосымша сатып алу және ілеспе жабдықты 2007-2009 жылдары сатып алу мынадай түрде болады: