«Қазақстан Республикасының кеме қатынасын дамытудың және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 917 Қаулысы (күші жойылды)

Предыдущая страница

Курчатов қаласының ауданында Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан «Қаражыра» көмір кен орны анағұрлым перспективалы және нақты жүк ағыны болып табылады. Қазіргі уақытта көмірді тасымалдау темір жол көлігімен Риддерге, Зыряновке дейін және автомобиль көлігімен Өскемен, Семей қалаларына, Шығыс Қазақстан мен Павлодар маңындағы Ертістің сол жағалауына дейін жүзеге асырылады және жылына 1,7 млн. тонна көмірді құрайды.

Алдағы уақытта су көлігімен жүк тасымалдауды көбейтетін және 2012 жылы 374,4 мың тоннаға дейін жеткізетін су көлігімен көмір тасымалдауды қайта бөлу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта су көлігімен орманды және орман материалдарын қайта экспорттауға мүмкіндік беретін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 маусымдағы № 681 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 717 қаулысының қабылдануына байланысты Ресейден су көлігімен Қытайдың шекаралас аудандарына орман материалдарын 300 мың тонна көлемінде жеткізу сызбасы пысықталуда.

Семей мен Павлодар облыстарының кеме иелері Екібастұз және Қарақожа көмір кен орындарынан жылына кемінде 516 мың тонна көлемінде Омбы бағытында тас көмірді тасымалдайтын болады.

Қазіргі уақытта Бұқтырма су қоймасынан жоғары орналасқан Сатпаев ильменттік құм кен орнын өндіру басталды. Оның негізгі тұтынушысы - Өскемен титан-магний комбинаты (ТМК). Осыған байланысты тасымалдаудың аралас сызбасы жоспарлануда: кен-байыту фабрикасынан автокөлікпен Казнаковск өткеліне дейін, одан әрі - темір жолға қайта тиеумен өзен кемелерімен Өскемен айлағына дейін немесе автокөлікпен ТМК түсіру алаңына жеткізу үшін. Көрсетілген сызба бойынша су көлігімен перспективалық тасымалдар жылына кемінде 200 мың тоннаны құрайды.

Жайық-Каспий бассейнi

Жайық-Каспий бассейнінде негізгі тасымалданатын жүктер Каспий мұнай шельфінің Қазақстандық бөлігінде Қашаған мұнай кен орнын өндіру және игеру жөніндегі жұмыстарды жүргізетін компаниялар, сондай-ақ оның техникалық қамтамасыз етілуімен байланысты инфрақұрылымдарды салу және дамыту үшін минералдық-құрылыстық жүктер мен жабдық болып табылады.

Сондай-ақ автожолдарды салу үшін Орал қаласы маңында орналасқан арналық кеніште жүзеге асырылатын 2012 жылға дейін су көлігімен жыл сайын 600 мың тонна дейін ҚҚҚ және 300 мың тоннаға дейін шағылтас тасмалдау жоспарланып отыр.

Құс фабрикаларының азықтық ұлу қабыршағына қажеттілігінің өсуін ескере отырып Зюйдвестовашалыга табиғи кен орнының жобалық қуатын 45 мың тоннаға жеткізу жоспарлануда, оларды тасымалдау су көлігі кемелерімен Атырау порты сағасына дейін кейіннен оны темір жол және автомобиль көлігімен тасымалдау үшін жүзеге асырылатын болады.

Жолаушыларды тасымалдау тұрақты және жыл сайын 50-55 мың адам шегінде құрайды. 2012 жыл кезеңіне дейін өңірдің кеме иелері Жайық өзені бойынша қыдыру және экскурсиялық рейстерді жүзеге асыру yшін қуаты 90 а.к. сыйымдылығы 100 адам, 792 А жобадағы теплоходының 2 бірлігін сатып алу мен пайдалануға енгізу жоспарлануда.

Іле-Балқаш бассейні

Республиканың экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен құрылысты дамыту Іле-Балқаш бассейнінде құм-қиыршықтас өндіруін тасымалдауды ұлғайту және ҚҚҚ тасымалдауға байланысты, ол 2012 жылға қарай көлемі 233 мың тоннаға жетеді.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дамыту, жабдықтау кәсіпорындарынан алшақтық, отарлы мал шаруашылығы жағдайында кірме жолдардың болмауы мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін кемінде 550 мың тонна көлемінде болжамдауға мүмкіндік береді.

2012 жылға дейінгі кезеңге "Қазақмыс" корпорациясының "Балқаш түсті металл" акционерлік қоғамы түсті металлургия өнімін шығаруды ұлғайтуды жоспарлауда. Осыған байланысты, мысы бар кенді комбинатқа дейін тасымалдауға байланысты шығыстарды азайту мақсатында корпорация Ақтоғай станциясынан Қарашығанақ шығанағы айлағына дейін темір жол тармағын, кенді қайта тиеу үшін айлақты және құрғақ жүк таситын кемелерді салуды көздейтін жобаны әзірлеу жөнінде жұмыстар жүргізуде. Осы жобаны іске асыру ұзақтығы 82 км су жолы учаскесін қосымша пайдалануға беруді және күтіп ұстауды талап етеді.

Компанияның баламалы жобасы бойынша кенді кейіннен су көлігімен комбинатқа дейін тасымалдаумен Лепсі станциясына дейін оны жеткізу көзделіп отыр. Осы жағдайда су көлігімен бағдарғының ұзақтығы 318 км-ді құрайды. Компания ұсынған деректер бойынша су көлігімен кенді тасымалдаудың болжанған жыл сайынғы көлемі кемінде 3 500 мың тоннаны құрайды.

Балық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кемінде 53 мың тонна көлемінде жоспарлануда.

Туристік қызметті дамыту мақсатында Балқаш өзенінің табиғи - климаттық ерекшеліктерімен таныстыратын круиздік бағдарғыларды ұйымдастыру жоспарлануда, осыған орай Балқаш өзені бойынша жолаушылар тасымалының болжамды көлемі 6 мың адамға дейін құрайды.

Осылайша, өзен көлігімен 2012 жылға дейін жылына жүк тасымалы көлемі 7 млн. тонна, жолаушы тасымалы 80 мың адам деңгейінде болады деп жоспарлануда.

Жүк тасымалы көлемінің 2012 жылға дейінгі болжамды өсуі 3-диаграммада көрсетілген.

 

3-диаграмма

 

Өзен көлігімен 2012 жылға дейінгі жүк тасымалының өсуi

 

Описание: \\smith\doc_src$\040109\040109451.JPG

 

5.2. 2007-2012 жылдарда мемлекеттік техникалық өзен флотының кемелерін

ауыстыру және қосымша бірлігін сатып алу

 

1-кезең

 

Мемлекеттік техникалық флот кемелерінің бар болу және ағымдағы жай-күйі туралы осы деректердің негізінде техникалық флоттың жоспарлы ауыстырылуы, оны қосымша сатып алу және ілеспе жабдықты 2007-2009 жылдары сатып алу мынадай түрде болады:

 

 

2-кезең

 

2010-2012 жылдарда техникалық флотты ауыстыру және ілеспе жабдықты сатып алу техникалық флот кемелеріне деген қазіргі қажеттілікті толығымен қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

 

 

5.3. Кеме жөндеу-кеме жасау кәсіпорындарын дамыту

 

Кемелерді салу, сондай-ақ жөндеу мен жаңғыртуды Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан кеме жасау - кеме жөндеу зауыты, Семей қаласындағы «Комплекс» ЖШС, Павлодар қаласындағы «Кeмe жасау» ЖШС, Орал қаласындағы «Кeмe жөндеу зауыты» сияқты қазақстандық кеме жасау және кеме жөндеу зауыттары жүргізеді.

Қазіргі уақытта кеме салуға айтарлықтай сұраныс болмағандықтан, кәсіпорындар кеме жөндеу жұмыстарымен, сондай-ақ өнеркәсіптік өндірістің әр түрлі өнімдерін шығарумен айналысады.

Кеме қатынасын дамыту және өзен көлігімен жүк тасымалын ұлғайту кеме иелерінің кеме жөндеу жұмыстарын және шекті табиғи және моральдық тозуымен кемелерді жоспарлы түрде ауыстыруды жүргізу қажеттілігіне ықпал етеді, бұл кеме жөндеу - кеме салу кәсіпорындарында қосымша жұмыс орындарын ашуға және өндірісті кеңейтуге, тиісті инфрақұрылымды салуға, ол дегеніміз - кеме қатынасы су бассейіндері маңындағы өңірлердің экономикасына тікелей инвестиция, мүмкіндік береді.

 

5.4. Құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру

 

Саланың құқықтық нормативтік-техникалық базасын жетілдіру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін ішкі және аралас жүзудегі (өзен-теңіз) жүзетін кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы ережені қайта жасау;

Қазақстан Республикасы ішкі су жолдарының жол шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі техникалық флот кемелерінің экипаж құрамының штат нормативтерін қайта жасау;

өзен көлігі кемелерінің электр құралдарын пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережесін қайта жасау;

Қазақстан Республикасының өзен көлігі кемелеріндегі радиобайланыс және электрнавигация құралдарын техникалық пайдалану және қызмет көрсету қауіпсіздігі ережесін әзірлеу;

өзен көлігінің нормативтік-техникалық құжаттамасы туралы электрондық дерекқорды жетілдіру және оны іс-тәжірибеде пайдалану үшін жағдай жасау;

өзен көлігі кемелерін жобалау, салу, жөндеу және пайдалану жөнінде нормативтік-техникалық негіз әзірлеу.

 

5.5. Кеме қатынасы шлюздерінің құрылыстары мен жабдығын

қайта жаңарту және жаңғырту

 

Бұқтырма және Өскемен кеме қатынасы шлюздерінде гидродинамикалық авариялар болу қаупін төмендету, кеме қатынасы, адам өмірі және «Табиғи және техногендік сипаттамадағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шлюздердің жабдығын және құрылыстарын қайта жөндеу және жаңғырту жүзеге асырылады.

Іс-шараларды жүзеге асыру Ертіс маңы аймағы кеме қатынасының қауіпсіздігін және сенімділігін арттыруға, Ертіс бойынша қазақстандық ішкі сауда тасымалының тиімділігін арттыруға және олардың халықаралық келісімдер және келісім шарттар негізінде жүзеге асырылу кепілдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

5.6. Қоршаған ортаны қорғау

 

Кеме қатынасы су жолдарын пайдалану және кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық кесімдеріне сәйкес қоршаған ортаны қорғау талаптарымен және төмендегі кепілдемелерімен іске асырылады:

өзен көлігі кемелерін пайдалану және жолдық жұмыстар суға ЖЖМ, шаруашылық қалдықтар, зәр-нәжістер және жаман сулар түсуіне жол бермейтін «Су бетін ластанудан қорғау ережесі» талаптарымен іске асырылады;

су жолдарын кеме қатынасы жағдайында күтіп ұстау жұмыстар жүргізу кезінде су бассейндерінің экологиялық жағдайына теріс ықпалды төмендету мақсатында жолдық жұмыстар жүргізу бойынша жаңа технологияларды дайындау және ендіру;

түбін тереңдету және түбін тазарту бойынша жұмыстар жүргізудің балық қорына теріс әсерін төмендету мақсатында балық қорғау органдарымен келісілген уақытта жүргізілетін болады;

өзен көлігінің барлық кемелерінде су көлігі кемелеріндегі жарғы, инструкцияларға және ережелерге сәйкес техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау керек;

Аталған шаралар өзен көлігі жұмысының қоршаған ортаға теріс әсерін төмендетуді көздейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру негізінде жүзеге асырылатын болады.

 

5.7. Кадр әлеуетін көтермелеу

 

Бағдарламаның табысты орындалуы үшін жоғарғы білікті маңызды еңбек ресурстарын тарту қажет. Саланың кадр әлеуетін дамытудағы негізгі көңіл кеме қатынасы шлюздерін қауіпсіз пайдалану және су жолдарын кеме қатынасы жағдайында қамтамасыз ететін кәсіпорындар персоналдарына сәйкес нығайтуға және жинақтауға бөлінетін болады.

Бағдарламаның талаптарын ескере отырып, жұмысшылар мен мамандардың әртүрлі санаты үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесі жетілдірілетін болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқу орындарында жыл сайынғы мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде қаралатын кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы жалғастырылады. Кадр әлеуетін дамыту басқару, техникалық мәселелер, жүйелерді қолдану және өндірістік қызметті ұйымдастыру сияқты бағыттарды ескеруі керек. Персонал ұйымдастыру нормаларын қадағалап ғана қоймай, сонымен бірге оларды талдай білуі қажет, сондай-ақ көптеген нұсқалардың ішінен тиімдісін таңдай білуі керек. Бұл үшін ішкі оқытуды жүргізумен қатар персоналды су көлігі саласындағы халықаралық жетістіктермен таныстырып отыруы қажет. Қолда бар басқарудың жүйесін және технологиясын жетілдіру қазіргі заманғы талаптармен сәйкес келуі керек. Басқарушы және инженерлік-техникалық персонал балама қорытынды жасау үшін қажетті білікті болуы керек.

Су көлігі саласындағы кадрлардың кәсіптік деңгейін көтермелеу жөніндегі нақты шаралар мыналардан тұрады:

саланың кадрларды даярлау және қайта даярлау қажеттіліктерін жыл сайын анықтау, оқыту бағдарламаларын жасауға, кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша оқу курстарын ұйымдастыруға қатысу;

болашақта қолданылатын перспективалық технологияларды анықтау және жаңа технологиялар үшін қажетті кадрларды даярлауды ұйымдастыру;

кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламасын дайындау;

су көлігі саласының кадрлар біліктілігін арттыру институтын дамыту және қалыптастыруды жалғастыру.

Су көлігі саласының алдағы уақыттағы кәсіптік кадрларға қажеттілігін орта-арнайы және кәсіптік-техникалық білім жүйесін дамыту бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен өзара іс-қимыл арқылы және оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде нақты шара қабылдаумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

 

 

6. Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздерi

 

Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаны іске асыруға арналған бағдарлы шығыстар 16 693,7 млн. теңгені құрайды, соның ішінде 2007 жылы - 1 831,0 млн. теңге; 2008 жылы - 2 713,6 млн. теңге; 2009 жылы - 2 823,0 млн. теңге; 2010 жылы - 3 006,7 млн. теңге; 2011 жылы - 3 163,9 млн. теңге; 2012 жылы - 3 155,5 млн. теңге.

Тиісті қаржы жылына қажетті шығыстар көлемі республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.

 

 

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

 

Бағдарламаны орындаудың күтілетін нәтижелері мыналар болып табылады:

жүк тасымалдары көлемін арттыру және сапар бойында мүмкін болар қайта тиеуге шығындарды азайту;

круиздік бағыттарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;

су бассейндерінің экологиялық жағдайын жақсарту;

кеме қатынасы қауіпсіздігі талаптарына сәйкес кеме қатынасы су жолдары мен шлюздерді ұстау сапасын арттыру;

мемлекеттік техникалық өзен көлігі кемелерінің паркін жаңарту және толықтыру;

флотты жөндеуге арналған шығындарды азайту;

су жолдарын кеме жүретін жағдайда ұстау бойынша іс-шараларды іске асырумен байланысты көлік қызметтері құнын төмендету;

отандық кеме жөндеу мен кеме салу кәсіпорындарын оңалту үшін жағдайлар жасау.

 

 

8. Қазақстан Республикасының кеме қатынасын дамыту және

ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің

2007-2012 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспары (1-кезең)

 

 

Бағдарламаны іске асыруға болжанған шығыстардың көздері (І кезең)

 

                                      (млн. теңге)

 

Ескертпе:

* - қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жыл сайын нақтыланатын болады.

Аббревиатуралардың мәні:

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;

ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі