Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 200 Жарлығы (2008.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие
берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

(2008.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің түсініктемесін қара

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8-тармақшасына сәйкес, азаматтарға патриоттық тәрбие берудің біртұтас жүйесін құру мақсатында қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдын 25-інен кешіктірмей, Қазақстан Реепубликасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.

5. Осы Жарлықты орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы қазанның 10-ы.

№ 200

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы 10 қазандағы

№ 200 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық

тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Мазмұны

 

1.  Бағдарламаның паспорты

2.  Кіріспе

3.  Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

4.  Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

5.  Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі

6.  Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.