«Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 432 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 1 қыркүйектегі № 335 Бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және
жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың
ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 432 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 335 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2008.30.12. № 644 Бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:

1. «Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің тіркеу тізілімінде № 3321 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 17, Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 12 қаңтардағы № 5 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бюджет пен облыс бюджетінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді жасау мен ұсынудың ережелерінде:

атауында және мәтіні бойынша «Мемлекеттік бюджет пен» деген сөздер «Мемлекеттік, біріктірілген бюджеттердің және» деген сөздермен ауыстырылсын, «ресми» деген сөз алып тасталсын, «бюджеттің кассалық атқарылу» деген сөздер «бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-1-тармақта «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 12 наурыздағы № 78 бұйрығымен бекітілген» деген сөздер «бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тараудың тақырыбында «Бюджеттердің» деген сөз «Біріктірілген бюджетті қоспағанда, бюджеттердің» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтың 8) тармақшасының тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.