«Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы
сауда алаңының тізіміне енгізу болжамдалған немесе енгізілген эмитенттерге,
сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар туралы»
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу Агенттігі төрағысының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 5 Қаулысы
(2007.02.09. берілген өзгерістерімен)
ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008.08.05 № 04.2-09/119 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Заңы 6 бабының 5) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрықтың мақсаттары үшін келесі ұғымдарды қолдану белгіленсін:
1) делистинг - бағалы қағаздарды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (әрі қарай - қаржы орталығы) арнайы сауда алаңының сауда-саттықтарын ұйымдастырушының ресми тізімінен уақытша немесе әрдайым шығаруы;
2) рұқсат ететін бастаушы - бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңында айналымда енгізуге рұқсат етушінің бастамашылығы бойынша ұйымдастыру;
3) листинг бастаушы - бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңында ресми тізімделудің бастамашылығы бойынша ұйымдастыру;
4) листинг - бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңының сауда-саттықтарын ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізу және онда болуы;