Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 434 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 526 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430-ІІ және «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 170-ІІІ Заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары (келісім бойынша) осы бұйрыққа сәйкес денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторының қызметін бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті (Ахметов У.И.) денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторының медициналық және дәрігерлік қызметін лицензиялау жүргізу мен көрсетілетін медициналық көмек түрлерінің бар лицензияға сәйкестігі бойынша бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаментінің директоры Б.С. Байсеркин осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментінің директоры Д.В.Акрачкова осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі А.А. Ақановқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.