«Алматы қаласындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі № 6/1139 қаулысы (күші жойылды)

Алматы қаласындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен пайдаланудың кейбір мәселелері туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 27 қыркүйектегі  № 6/1139 қаулысы

 

Алматы қаласы Әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану» туралы Заңының 5, 27 және 28 баптарына сәйкес және Алматы қаласындағы тарихи-мәдени мұраны жойылудан, бүлінуден сақтап, қорғалуын және сабақтастықпен дамуын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне  енгізуге ұсынылған Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра нысандарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2 Заңды түрде белгіленген тәртіппен, Мемлекеттік тізімнен шығарылатын Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізбесі қосымшаға сәйкес  Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсынылсын.

3 Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін.

 

Алматы қаласы әкімі

И. Тасмағамбетов

 

Әкімдік хатшысы 

К. Тәжиева

 

Алматы каласы

әкімдігінін 2006 жылғы 27

қыркүйектегі  № 6/1139  

каулысымен бекітілді

 

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізуге усынылған

Алматы қаласындагы жергілкті маңызы бар тарихи-мәдени мұра нысандары

 

 №

Ескерткіштер атауы, авторлары

Орналасқан жері

Салынған мерзімі

1.

Қазіргі  Республикалық кітап  мұражайы,   Нан өнімдері министрлігінің бұрынғы ғимараты мүсіншісі В.Твердохлебов, сәулетшісі И.Вахек

Қабанбай батыр көшесі, 94

1936ж.

2

Құрмангазы  атындағы  Алматы  ұлттық консерваториясының ғимараты сэулетшісіА.Стременов

Абылай хан даңғылы, 70

1938 ж.

3.

Қытай Сауда-өнерксіп банкі әкімшілік ғимараты (бұрынғы «Қазгеология» ғимараты) сәулетшісі Г.Кушнаренко

Фурманов көшесі, 110

1938 ж.

4

Малдәрігерлік институтының Хирургия клиникасы, сәулетшісі М.Вознюк

Абай даңғылы, 26 (28)

1939 ж.

5

«Есік» қонақ үйі, сәулетшісі В.Крошин

Бөгенбай батыр көшесі, 140

1947 ж.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.