«Жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектер, зейнеткерлік жастағы жалғызілікті
жұбайлық және отбасылық жұптарына арналған Әлеуметтік тұрғын үй туралы »
Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 24 шілдедегі № 3/961 қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектер, зейнеткерлік жастағы жалғызілікті жұбайлық және отбасылық жұптарына арналған Әлеуметтік тұрғын үйде (әрі қарай мәтін бойынша - Әлеуметтік тұрғын үй) тұратындарды анықтау жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін.
2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Ж. Нұрланов) және Алматы қаласының аудан әкімдіктері Алматы қаласында тұратын егде жастағы азаматтардың өз тұрғын үйлерін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне өткізу шартымен Әлеуметтік тұрғын үйге қоныс аударғысы келетіндерді анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізсін.
3. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Ж. Нұрланов) Әлеуметтік тұрғын үйге қоныс аударған егде жастағы азаматтарға әлеуметтік қолдауға бөлінген бюджеттік қаражаттың нысаналы пайдаланылуына бақылау жүргізсін.
4. Алматы қалалық Тұрғын үй департаменті (Н.А. Асқаров) егде жастағы азаматтардың тапсырған тұрғын үйлерін қабылдап алуды және құжаттарын рәсімдеуді жүргізсін, Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылданған пәтерлердің, үйлердің әрі қарай өткізілуін (пайдалануын) қамтамасыз етсін.
5.Алматы қалалық Денсаулық сақтау департаменті (З.Д. Аманжолова) Әлеуметтік тұрғын үйде тұратын егде жастағы азаматтарға медициналық қызмет көрсетуін ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.